Сабақтың тақырыбы: Спортшының жарысқа психологиялық даярлығы Лекция материалдары


СПОРТШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ



бет4/6
Дата16.05.2020
өлшемі30,41 Kb.
#69062
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
704 5923 104847

СПОРТШЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ



а) Психиканы жарыс жағдайына адаптация­лау.
ә) Күшті спортшылардың концентрация, көздеу техникасы, психологиялық дайындығынан мысалдар келтіру. Оқушыларға берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақталып, өздеріне ұнаған мысалдарды ортаға салу.
б) Аутотренинг. Аутотренинг жарысқа дейін біраз уақыт бұрын жасалады. Егер жарысқа аз ғана уақыт қалған болса, онда да жақсы эффект береді.

Толық босаңсу жағдайына келу. Алда болатын жарысты анық әрі дәл елестету үшін жарыс алаңы туралы толық ақпарат жинау қажет. Егер мүмкіндік болса сол жерге бару керек немесе фото-бейне материал арқылы немесе сөзбен жеткізу қажет.

Жарыс алаңын көзге елестету арқылы сол жердің жағдайына бой үйретіледі. Одан соң спортшының психологиялық күйіне кері әсер етіп тепе-теңдіктен шығаратын сәттер қағазға түсіріледі. Олар пайда болу мүмкіндігіне және психикаға әсер ету күшіне қарай жіктеледі. Содан соң осы факторларды ескере отырып, олармен жарыс кезінде болғандай етіп ойша бастан өткеріледі. Бұл жүректің жиі соғуына жеткілікті. Бірнеше жаттығудан кейін сіздің жарыс алаңына келуіңіз сіздің жай-күйіңізге ешқандай әсер етпейтінін байқайсыз, жүрегіңіз тыныш соғатын болады.

Бұл жағдайға байланысты адаптация жасалды деп айтуға болады, сондықтан келесі пунктке көшеміз: мәселен садақ атуды алайық, бірінші есептік ату және ары қарай. Уақыттың көбі мейлінше мүмкін боларлық факторларға беріледі. Соның бірі – әрине «10»-ға көбірек тию. Егер сіз көңіл-күйіңізді жоғары нәтижеге келтірсеңіз, онда көп оғыңыздың «ондыққа» тию мүмкіндігі артады да, сіз бұған дайын болуыңыз қажет. Жарыс жағдайын модельдеу кезінде ең бастысы сәл ғана қозу пайда болғаны дұрыс, содан соң осы күйде атысты елестетеміз. Жай ғана атысты емес, атап айтқанда дұрыс атудың бұлшық ет сезімін. Бұл жаттығулардың пайдасы мынада, спортшының психикасы жаттығып, одан әрі алдағы жұмысты табысты орындауға бағдарламаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет