Сабақтың тақырыбы: Спортшының жарысқа психологиялық даярлығы Лекция материалдары



бет2/6
Дата16.05.2020
өлшемі30.41 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру.

Спорт психологиясының пәні – қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жан-жақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральді-еріктік қасиеттерді тәрбиелейді.

Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден – спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден – осы әрекеттің субъектісі ретінде спортшы тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына талдау береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.
Спорт психологиясы – спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы – жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкіндік беретін жоғары мотивацияда. Осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психология­сы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді. Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады.
Спортшыға жарыс кезінде, жарыс жаттығуларын орындау кезінде кездесетін психологиялық қиындықтарды жеңуге тәрбиелейтін педагогикалық үрдісті психологиялық дайындық дейміз.
Психологиялық дайындық процесі екі бөлімнен тұрады:

1. Жалпы психологиялық дайындық. Ол спортшыны спортпен жүйелі түрде айналысуға, қиыншылықтарды жеңуге, еңбек сүйгіш азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған.
2. Арнайы психологиялық дайындық. Жарысқа қатысуға дайындайтын бұл арнайы дайындық жарыс болар алдындағы кезеңде спортшының спорттық күреске психикалық дайын күйге түсуіне бағытталған.

Психикалық дайындыққа батылдық, қайсарлық, ынталылық, табандылық, тәуекелшілік, ұстамдылық секілді жігер, қайрат дайындығы кіреді.
Психологиялық дайындық әр түрлі әдістермен іске асады.
Тиянақты жаттығу әдісі – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен спортшыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіру.

Психикалық реттеу жаттығуларының әдісі – көңіл күйді көтеру, көңілдену, қиын­шылықтарды жеңуге ойша дайындалу, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну, келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу және т.б. әдіс-тәсілдер. Идеомоторлық жаттығулар әдісі –жаттығуларды ойша қайталау арқылы негізгі қимылдарға бар ықылас зейініңді аудару.

Спорттағы психодиагностика әдісі  – КБС (К-көңіл күйі, Б-белсенділік, С-сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейінің әр түрлі аспаптар, тәсілдер арқылы анықтау.

Теориялық дайындық әдісі – спорт­шыларды дайындайтын заңдылықтарын, олардың әдістемелерін үйрену. Теориялық дайындықсыз дайындықтың басқа жақтарын іске асыру мүмкін емес. Спортшы, сонымен қатар, арнайы дәрістерді тыңдап, спорт туралы жазылған ғылыми-әдістемелік, көркем, тарихи әдебиеттерді оқып, кинофильмдер көріп білімін дамытып отырғаны жөн.

Спортшыны спорт түрінен дайындау жүйесінде теориялық дайындықтың маңызы ерекше спортшы теориялық ақпараттарды көп білген сайын, спорттағы жетістіктер тезірек жоғарылайды. Теориялық білім спортшыға спорттық жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де, маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтына насихаттауда да қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет