Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі. 2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы. 3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері. 4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар. 5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж. 6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері. 7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы. 8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері. 9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау. 10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы 10 жылдан артық мөлшерде үзіліссіз жаттығуы керек. Сонымен қатар менің пікірім бойынша спортшыларды отаншылшылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім, отаншылдық іс-әрекет, отаншылдыққа өзін-өзі тәрбиелеу оның басты бағыттарын құрайды. Ал оның міндеттері өсіп келе жатқан жас буындардың ар, ұждан, намыс, құрмет, сүйіспеншілік сана-сезімін ояту, орнықтыру әрекеттерімен анықталуға тиіс. Осылардың барлығы жинақталып тұлғаны ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділік секілді ізгі істерден көрініс бермек. Спортшылардың отансүйгіштігін қалыптастырудағы қазақ балуандары ерлігін, өмірінің маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық тудырады және оны эмоциялы түрде қабылдайды, халық педагогикасы құндылықтары негізінде терең білім алады және патриоттық тәрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, патриоттық сипаттағы мазмұнды еркін талдайды, талқылау барысында өз позициясын дәйекті түрде қорғайды, мемлекеттік рәміздерге терең құрмет көрсетеді.