Сабақтың тақырыбы: Спортшының жарысқа психологиялық даярлығы Лекция материалдары



бет1/6
Дата16.05.2020
өлшемі30,41 Kb.
#69062
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
704 5923 104847


Қайырлы күн, ДТ-Ф-17 тобының білім алушылары! Сіздердің назарларыңызға 15.04.2020 күнгі психология және спорт психологиясы пәнінен лекция материалдары мен үй тапсырмасы ұсынылуда.

Сабақтың тақырыбы: Спортшының жарысқа психологиялық даярлығы

Лекция материалдары:

Психологияда спортшыға айтылуы қажет сөздер: Мен СЕНІМДІМІН, Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер ҚОРЫҚ-паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы оны ҚОРҚУ, ТОЛҚУ деп қабылдау мүмкін.

 

 



  Қазіргі таңда спорттың сан алуан түрі бар. Олардың барлығы спорттық жарыстарға және жүйелік жаттығуларға қатысуды талап етеді.

 
Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.


Спорт психологиясының негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу.

Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс-  тәсілдерін өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет