Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды? Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі118,4 Kb.
#7663
түріСабақ
Атырау облысы Құрманғазы ауданы

Иманғалиева Мазлумат

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды?

Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділік: құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі; ең қажетті жағдайы және өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы қосымша мәлімет алу арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру; оқушылар құстар туралы алған білімдерін толықтырады және пысықтайды;

2.Дамытушылық: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту:

3.Тәрбиелік: оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, сөзжұмбақ, топтық жұмыс, ойын, СТО жобасының стратегиялары.

Пәнаралық байланыс:Еңбек, ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: қыстап қалатын құстар туралы қосымша материал
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, компьютер, тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі және заттық суреттер, жемшашар және оның үстіне әзірленген құстар дастарханы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық дайындық
 Қоршаған ортамен сәлемдесу.
- Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
- Сәлеметсіз бе, күннің көзі,
- Сәлеметсіздер ме, өсімдіктер мен жануарлар!
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
ІІІ. Мағынаны ажырату.
- Балалар, бүгінгі сабағымызда құстар жайлы білімдерімізді толықтырамыз. Біз қандай құстарды білеміз?
Топтастыру

                                                

қарға

 

        қарлығаш                                                         сауысқан


 

                                                  Құстар

     көгершін                                                                  торғай

 

 



                                                                                         тоқылдақ

                       аққу

                                  тырна        шағала            қаз

Құстар жануарлардың маңызды тобы. Біз қай пән болмасын құстар туралы айтамыз. Құстар туралы білетініміз де аз емес. Ендеше, есімізге түсірейікші, үй және дала құстары болады. Бәріміз назарымызды тақтаға аударайық, құстарды суретіне қарап атап, астына аттарын жазып қояйық 



                               Құстар

                                           Үй құстары                      Дала құстары

                                Тауық

                                Күркетауық                         Жыл құсы        Отырықшы құс

                                Қаз                                       Тырна                     Тоқылдақ

                                Үйрек                                   Аққу                       Қарға

                                                                            Қарлығаш               Көгершін

                                                                             Қараторғай             Сауысқан

                                                                             Көкек                           Құр

                                                                                                              Шымшық  


- Осы құстардың мектепке келе жатқанда немесе мектептен үйге бара жатқанда, аулада ойнап жүргенде қайсысын кездестірдіңдер?


- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінің қай айы?
- Ал, қалған құстар қайда?
- Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” (суреттерін
көрсетіп, атап шығу) деп атаймыз. Ал, енді олар неге ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
- Салқын түскенде құстардың жемі азаяды, суыққа төзімсіз.
- Ал, неге олар қайтып оралады?
- Себебі, біздің жақ олардың туған жері. Олар осы жерде пайда болды. Ол жақта өте ыстық. Жұмыртқа басатын уақытта ыстықтан жұмыртқалары шіріп кетеді, сондықтан да осы жаққа қайтып оралады.
- Ал, енді шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Отырықшы құстар” немесе “Қыстап қалатын құстар” дейді. Ал неге бұл құстар қыстап қалады?
Отырықшы құстарға тоқталу: (суреттері көрсетіледі)

ШЫМШЫҚ – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.

АЛА ҚАРҒА – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді.

ҚАРҒА – қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.

 

ТОҚЫЛДАҚ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.



СУЫҚТОРҒАЙ – ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

САУЫСҚАН – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жалтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді.

ҚҰР – орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Негізгі қорегі - өсімдіктер. Ол алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.

КЕПТЕР – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.


- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары
сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.
Ал енді құстар әңгімесіне көңіл аударайық...
Шымшық, құр, қарға, сауысқан, қаз, тауықтың әңгімесі.
- Біз қай құстардың әңгімесін тыңдадық?
- Құстардың тіршілігі жайлы не білдік?
Енді құстар туралы сөзжұмбақтар шешіп көрейік

ІҮ. Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты пысықтау
Көлденеңінен:
Тұмсығымен шымшып.
Құрт тереді...(шымшық)
Мықты құс бар сондай,            
Суықта да тоңбай,
Іздеп жүріп, дән тапқан,
Ұшып - қонған...(торғай)

Тігінен:
Қара түсті қарқылдақ


Ұшып қонып жалпылдап
Қоқыстарды шоқиды
Жем іздейді там-тұмдап
Тамағы егер кездессе,
Екі шоқып бір қарар,
Қар үстінде жорғалар
Дейміз оны -... (қарғалар)

Ала шапан киеді


Қыпылықтап жүреді
Секектеп бір тұрмайды
Өреден құрт ұрлайды
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның... (сауысқан )

Тоқылдатып, мазаны ап


Тұмсығымен шоқып қап,
Ағаштарды емдейді
Емші атанған... (тоқылдақ )
Шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ 

Ү.Топпен жұмыс:«Іздеген жетер мұратқа»

Ал, енді екі топқа бөліне қойып, мынадай тапсырманы орындап көрейік:


Мына құстардың суретін ақ қағазға түрлі түсті қағазбен жапсыру (әр топқа ақ қағаз және түрлі түсті қағаз салынған конверттер таратылады. Сол қағаздардан құрастырған өлеңдері қай құсқа арналса «сауысқан», «суықторғай»), сол құсқа арнап, өлең жолдарын жалғастыру.
Ала қанат... (сауысқан) 
Қалдықты жеп... (тауысқан) 

Жем іздейді... (тоңбай)


Аязда... (суықторғай)

 

 



Әр топ қыстап қалатын құстардың аттарын жазады.
Қыстап қалатын құстар: шымшық, құр, қарға, ала қарға, сауысқан, кептер, суықторғай.
Жақсы орындаған топқа құстардың суретін беремін.

Жаңылтпаш  І-топ

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті талғаған,

Дағдысынша Дуадақ

Даланы еркін шарлаған.

 

Қырық қызыл құйрық,



Қырық қыл құйрық,

Қырық қызыл құйрық ішінде,

 

Кекілік-ау, кекілік,



Кетіп қалма секіріп.

Көк тырна, көп тырна.

Тыраулап тек, кеп тұрма

 

Мақалдар. ІІ-топ

 

1.Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.



2.Қыста құақа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығын өтейді.

3. Аққуды – атпа, досыңды - сатпа

 

Тыйым сөздер. ІІІ-топ

 

1.Құс ұясын бұзба.



2.Құстың жұмыртқасын жарма

3.Құсты атпа

 

ҮІІ.Сергіту сәті.
Ептеп – ептеп жерден бидай терейік
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай – торғай томпаң - томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал
Енді менің әңгімеме құлақ сал.

ҮІІІ. Ой толғаныс.
Сәйкетендіру тестісі (Қыстап қалатын құстардың дауыстарын сәйкестендір)
Қарға                              шиқылдайды
Сауысқан                       тоқылдайды
Шымшық                       қарқылдайды
Тоқылдақ                      шақылдайды
Құр                                құрқылдайды

ІХ. Венн диаграммасы


Жыл құстары
Суыққа төзімсіз
Алыс жерлерге ұшады

Ұқсастығы
Ұшады
Қоректенеді
Көбейеді


Отырықшы құстар

Суыққа төзімді 


Мамықтары қалың



Х.Қорытынды. Сұрақ-жауап

- Құстар болмай қалса не болады?


Апат болады. Ормандар, далалар үнсіз қалады. Құстар туралы жаңа өлеңдер
мен тақпақтар жазылмайды. Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды. Құрттар, қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды. Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.
- Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек? (құстарға көмек жасау туралы әңгіме).
Жемшашар жасап, ағашқа іліп қоюымыз керек. Жемшашарға құстарға арнап, тағам қалдықтарын тастау керек.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі білген құстарымызды “Құстар
дастарқанына шақырайық” (құр, сауысқан, қарға, тоқылдақ, тауық, қарлығаш,үйрек, қаз).

ХІ. Семантикалық карта толтыру

 

Атауы

Үй құсы

Дала құсы

Отырықшы құс

Жыл құсы   

Тауық

         +

 

 

 

Тоқылдақ

 

             +

              +

 

Қарлығаш

 

             +

 

             +

Көкек

 

             +

 

             +

Қарға

 

             +

              +

 

Құр

 

             +

              +

 

Аққу

 

             +

 

             +

Үйрек

          +

 

 

 

Қаз

          +

 

 

 

 

 

ХІІ. Бағалау.


ХІІІ. Үйге тапсырма беру.
Қыстап қалатын құстарға қамқорлық көрсету, олардың бір күндік тіршілігін бақылау, дәптерге жазу. Мәтінді оқып келу.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет