Сабақтың тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Дамытушылық: Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру,құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Тәрбиелік:Оқушыларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Ашық сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Ашық сабақ әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын.
Ашық сабақ жүрісі: 1-бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2-бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3-бөлім Ертегілер елінде 4-бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5-бөлім «Оқушы шығармашылығы»
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар.Қадірменді достар!Хош келдіңіздер! Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар,құстар келеді! Жерді шуға бөледі! Көктем келді! деп бізге жақсы хабар береді
Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт-береке күнімен
2-жүргізуші:
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар –біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат--шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда
Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Куанта бер көктем
1-оқушы:
Елімізде 500-ге жуық құстың түрі бар.Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды.Сондықтан олар табиғат емшілері.
2-оқушы:
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.
3-оқушы:
Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек. 4-оқушы:
Жыл құстары дегеніміз-салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл,тоқылдақ,үйрек,қаз ,тырна жатады.
5-оқушы:
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады.Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
6-оқушы:
Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.Мысалы:қарлығаш-адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады.Оның өз әні бар,әні құлаққа жағымды.
7-оқушы:
Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді.Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
8-оқушы:
Қарылғашпын мен
Адамның тұрағымын
Мекен етіп тұрамын
Тазалаймын үй-ішін
Ел аузында мақтаулы
Тазалықшымын төселген
9-оқушы:
Қараторғай-өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы.Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып,шырқаған.
10-оқушы:
Мен қараторғаймын
Шегірткедей жұртыңды
Қырғи болып қиямын
Егістікке, жайылымға
Қорғаушы боп тұрамын
Жәндіктерді зиянды
Құртатұғын батырмын
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын
11-оқушы:
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен болам
12-оқушы:
Аққу-30-40 жыл өмір сүреді.Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген,адамдар да аққуды атпаған.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
13-оқушы:
Халық көктем келсе көкек келді дейді.Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен.Не деген ғажап ,көкек деген.Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады.Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.
14-оқушы:
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең, мені күт.
15-оқушы:
Мен еркін бақытты бұлбұлмын
Бұлағын тасытқан ән-жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
16-оқушы:
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
17-оқушы:
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
18-оқушы:
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған.Шебер әншісін-бұлбұлға теңеген.Азаматын-сұңқарға,сұлуын-аққуға,ез жігітін-жапалаққа теңеген.
2-бөлім
Жұмбақтар шешу
Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес,құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым (Жапалақ)
Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс? (үкі)
Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт,қоңыз,аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам (Тоқылдақ)
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай (Қарылғаш)
Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді (Қараторғай)
Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді (Көкек)
3-бөлім «Жұмбақтар шешу»
1. Үй маңына үйір, адамға жақын, ел тыныштығының белгісі бар құс? /көгершін/
2. Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс? /қараторғай/.
3. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? /әтеш/.
4. Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс? /колибри/.
5. Қай құс өзінің атын қайталайды? /көкек/.
6. Қай құс жемін ұшып жүріп аулайды? /қарлығаш/.
7. Қай құста мүлде ұя болмайды? /көкек/.
8. Құстардың негізгі мекені? /ұя/.
9. Құстарды қандай екі топқа бөлеміз? /жабайы ж/е үй құстары/.
10. Құстар қай класқа ж/е қай топқа жатады?
4-бөлім
Құстардың атымен аталатын қыздардың және ұлдардың есімдерін атау
/Сандуғаш, Қарлығаш, Қаршыға, Бүркіт, Аққу, Торғай, Лашын, Бұлбұл, Сұңқар/.
Музыкалық үзіліс.
Сазды әуенін сыйлауға,
Арамызға әнші келді.
Әнді ынтамен тыңдауға,
Шақырады сіздерді!
6-сынып оқушысы орындауында «Ақ көгершін әні».
4.»Ұйқасын тап» ойыны
1. Тастан тасқа секіріп, жем тереді........ /кекілік/
2. Аппақ доп тауып, шақырады ақ......../тауық/
3. Тұмсығымен шымшып, құрт тереді........ /шымшық/
4. Үні ғажап, дүлділ, бақта сайрар........... бұлбұл
5. Орыннан орынға ауысқан, ұшқалақ қара ала........ /сауысқан/.
6. Шабақ аңдып жағада, шарқ ұрады......./шағала/.
5. Көрініс:
«Аққу» тобы:
Көрініс. Бала ұя бұзып, рәгәткімен құсты атып, жұмыртқаны жарып жүр.
Қыз бала /қабағын түйіп/:
«Ұя бұзба, жұмыртқаға тиме» деп
Ұрсушы еді менің анам күйіне.
«Жас шыбықты сындырма» деп ұрсатын.
Шыққанымда қошақанды сүйрелеп.
Ұя бұзба, ұя бұзба балақай
Көлде жүзіп жүрген аққулар.
Сахнада көл бейнеленген. Көл бетінде екі аққу жүзіп жүр. Қолында мылтығы бар адам, аққуларды аңдып тығылып отыр. Аққу биі биленеді. Аққуды атуға ыңғайланғандай болады, сол кезде қазақтың ұлттық киімін киген бала жүгіріп шығып қолын қағып жібереді де:
Тиме аққуға.
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға, аққудың киесі бар.
Тимеңдерші көлімнің көркі болсын.
Жанарыңда мұңлықтың жасы бар ғой.
«Қарлығаш» тобы: Үйдің төрінде ата өзінің немересімен әңгімелесіп отыр, саған айтарым, жер анаңды қадірле. Біздерді паналап ұя салған киелі құстарға қамқор бол. Осы кезде айқай – шу естіледі. Айқайлап шапқыншылар кіріп келеді.
Әскер басы: Ассалаумағалейкум, ақсақал, білек күшімен ауыл адамдарын түп – түгел қоныс аударттық. Ал, сіздің бұл отырысыңызға жол болсын.
Ата: Қарағым/шаңыраққа қарайды. Шаңырағыма киелі құс қарлығаш ұя салып еді, сол балапандарын шығарсын, қанаттансын деп тосып отырған жайым бар. Обал ғой, балапандары әлі сарыуыз, жетілген жоқ.
Әскер басы: мұныңыз үлкен адамгершілік екен, өмірімде бірінші рет сіздей дана, мейірімді қамқор адамды кездестіріп отырмын. Басымды иемін /кетіп қалады/.
Құста адамды жағалайды.
Санап туған бауырласы.
Ұя салып паналайды,
Үйдің дала қарлығашы.
Әрқашан да зәру аң – құс
Адамзаттың мейіріне.
Адал, аппақ пейіліне,
Қазақтың абзал ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Аң – құсын қорғау бабаңның.
Емес пе басты ұраны.
6. Құстар қандай үн шығарады?
Бозторғай... шырылдайды. ---------- Тауық............. қыт – қыттайды.
Қарға.......... қаңқылдайды. ----------- Қарлығаш..... шиқылықтайды
Бөдене....... бытпылдықтайды. ------ Тоқылдақ...... тоқылдатады.
Көкек.......... көкектейді. ---------------- Тырна............ тыраулайды.
Үйрек.......... барқылдайды. ------------ Тауыс............ шақырады.
Торғай......... шиқылдайды. ------------- Бүркіт........... шаңқылдайды
Көгершін..... уілдейді. -------------------- Қаз................ қаңқылдайды..
Қырғауыл.... шақылдайды. ------------- Сұңқар .........саңқылдайды.
«Халық болжамдары»
1-жүргізуші:
Халқымыз құстардың келуіне,кетуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады,ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе,жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса,қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе,көктем ерте келеді.
5-бөлім «Оқушы шығармашылығы» (Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6-бөлім Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |