Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі. Сабақтың мақсаты



Дата21.07.2020
өлшемі1,01 Mb.
#63480
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Құстар және олардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы, көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, құстарды қорғап, қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу.

Көрнекілігі: Құстардың суреті.

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Білімді боп топты жару,

Білікті боп өмірге ену.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі.



3. Жаңа сабақ.

-Балалар, біз жабайы аңдардың көктемгі тіршілігімен таныс болдық. Осы аңдар қандай табиғатқа жатады?

-Тірі табиғатқа жатады.

- Тірі табиғатқа сонымен тағы да басқа нелер жатады? (Интерактивті тақта арқылы сызбаға түсіреді).







-Дұрыс айтасыңдар, олай болса біз бүгін «Құстардың көктемгі тіршілігімен» танысатын боламыз.



Жағдаят шешу.

Табиғатта құстар болмаса, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктердің күйі не болар еді?



Жұмбақ жасыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.

1топ. «Бұркіт» тобы

2 топ. «Аққу» тобы



  1. Сұрақтарға жауап беру.

– Табиғатта құстар болмаса, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктердің күні не болады?

- Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталады?

- Жыл құстары деп аталады?

- Олар қай кезде елімізге қайтып оралады?



2. Кіріспе әңгіме.

Көктемде күн жерді жылытып, топырақ жібіп, жәндіктер оянады. Өсімдіктер өсіп, гүл ашады, ал олар жәндіктер үшін азық. Сондықтан жәндіктер күн сайын көбее береді. Жылы жақтан құстар қайтып оралады. Оларға жәндіктер, өсімдіктердің жемісі мен тұқымы жеткілікті азық болады.

Құстар жыл сайын ұя салады және ескілерін жөндейді. Ұяға жұмыртқа салып, жұмыртқадан балапан шығарады. Құстар балапандарын құрт, жәндіктермен қоректендіреді. Сөйтіп, олар көптеген зиянды жәндіктерді жояды.

- Құстардың ұясын неге бұзуға болмайды?

- Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?

- Құстарға ұя жасап береді.



«Дауысынан таны» ойыны. I топ.

Құстардың дауысы естіледі, ал оқушылар ол қай құс екенін айтады.



Сәйкестендіру тесті. II топ.

Құстарды өз ұяларына сәйкестендіріп, сызық арқылы орналастырады.









  1. «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі еске түсіріледі:

  • Ұсқынсыз үйректі құстар қалай қарсы алды?

  • Үйректің түрі ұсқынсыз болғандықтан оны ешқандай құс маңына жолатпай қуды.

  • Ертегі қалай аяқталады?

  • «Үйрек» басынан қаншама қиындықтарды өткізіп, соңында керемет аққу құсқа айналады.

  1. Дәптерге ертегінің мазмұны бойынша сурет салғызу.

4. Сабақты қорытындылау.

-Құстардың пайдасы қандай?

- Құстарды не үшін қорғау керек?

- «Құстар – біздің досымыз» деп неге айтамыз?



-Дұрыс айтасыңдар, құстардың пайдасы өте көп екен. Олар орман мен егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге тарату арқылы адамға көмектеседі. Сондықтан да «Құстар – біздің досымыз» деп айтады екенбіз.

Үйге тапсырма. «Құстардың көктемгі тіршілігі» тақырыбын оқу, құстарға байланысты тыйым сөздер мен мақал-мәтелдер тауып, дәптерлеріне жазып келу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет