Басталуы
5 минут
|
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
|
1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.
Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сандықтас өңірінде дүниеге келген. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.
Ол – өз заманының көрнекті ақыны. Дулаттың өлеңдері ауызша тараумен қатар, 1880 жылы Қазан қаласында «Өсиетнама» деген атпен кітап болып шыкты. Бұнда ақынның замана туралы толғаулары енгізілген. Ақынның шығармаларын ел аузынан жазып алып, бізге жеткізген халық ақыны - Шәкір Әбенов. Дулат Бабатайұлы патшалық Ресейдің казақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ақындардың бірі. Оның өлеңдерінің басты сарыны да осы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнауларында қазақ жерінің отарлануын ащына жазды.
Дулаттың арнау өлеңдері ішінде "О, Ақтан жас, Ақтан жас" деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді, баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді. Ақын Ақтан бала ер жетіп, "бадана көз тоғыз тор сауыт" киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
Дулаттың ойынша, жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір-ақ жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы.
Ақын Ақтанның ел үміт күткен сондай жас болуынан үміттенеді.
Дулат Бабатайұлының бұл өлеңі 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Тілі көркем де, шұрайлы. Әсіресе, халқымыздың бұл күнде көнерген этнографиялық атаулары молынан кездеседі.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар
|