Пәні: Қазақ тілі
6-бөлім: Су-тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.
|
Мектеп:
|
Күні: 7.02.2022 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Су иесі Сүлеймен
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру
6.4..4.1. Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: мәтінмен танысады
Көпшілігі: мәтінге жоспар құра алады
Кейбірі: есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
5 минут
|
Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
Сынып шағын топтарға бірігеді. Талқылауды бастамас бұрын өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
Сабақтың тақырыбымен таныстырып, қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндері түсіндіріледі.
«Бес қадам» ойыны
Ортаға 4 оқушы шығады.
Суға қатысты 5 етістік айтыңыз
Суға қатысты 5 сын есім айтыңыз
Судың қандай күйде болатынын айтыңыз
Суды қандай мақсатта қолданатынымызды айтыңыз.
Сабақта психологиялық ахуал туғызу үшін жағалаудағы судың әуенімен жасалаған видеослайд көрсетіледі.
|
Оқушылар топтасады
Сабақ мақсатымен танысады
|
ҚБ. «Басбармақ» әдісі
|
https://youtu.be/UEA7-K0PpXY
|
Негізгі бөлім
|
1-тапсырма. Оқылған мәтінге жоспар құрады.Мәтіндегі суреттің орнына қандай баталар қосар едіңіздер?
2-тапсырма. Су туралы мақал-мәтелдер жинақтап,оларға түсініктеме беріңдер.
3-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді тауып,қызметін анықтайды.
4-тапсырма.«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өзіндік пікірлерін жазады.
1.Пікір.Мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2.Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3.Мысал.Пікірін өмірмен байланыстырып,мысал келтіреді.
4.Қорытынды.Тақырып бойынша қорытынды шығарады
|
|
Қб. «Шапалақ» әдісі
ҚБ. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Соңы
5 минут
|
Кері байланыс
«Бір ауыз сөз» Мысалы: ұнады,ұнамады,пайдалы,тиімді т.б.
Үй тапсырмасы : 5-жаттығу
|
Үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.
|
|
|
Каспий теңізі – Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан, жер бетіндегі ең алып тұйық көл. Оның алыптығына қарап теңіз деп те атайды. Қазақстандағы туризм мәселесіне келген кезде Каспий теңізінің алатын орны ерекше. Айналасы түрлі мемлекеттермен шектесетін теңіз арқылы елімізге саяхат жасап келуші туристер де бар. Каспий туралы не білуіміз керек?
1. Каспий теңізінің атауы осы теңізді жағасын мекендеген ежелгі «каспий» тайпаларының құрметіне аталған. Грузия жерінде Каспи атауындағы қала әлі де бар.
2. Каспий теңізіне тән ежелден келе жатқан атаулар бар: «Гиркан», «Хазар», «Хвалын» және т.б. тарихи есімдерді мыңжылдықтарда өмір сүрген тайпалар мен халық қойып отырған.
3. Каспий теңізі – жер шарындағы көлге де теңізге де тән ерекшелігі бар теңіз. Теңіздің пайда болуы неоген дәуіріне тән. Жер қыртысының көтерілуі нәтижесінде Қара теңізден бөліну арқылы пайда болды. Неоген дәуірін Каспий теңізінің қалыптасқан кезеңі деп атауға болады.
4. Каспий теңізімен бес мемлекет шектеседі. Олар: Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран. Сонымен бірге теңіз жағасында 13 қала орналасқан. Әзербайжанның 6 қаласы, Қазақстан, Ресей, Иран елдерінің 2 қаласы және Түркіменстанның 1 қаласы бар.
5. Каспий теңізі 371 мың шаршы аумақты алып жатыр. Егер бұл ауданның орнында мемлекет болса, онда ол картада 62орындағы мемлекет ретінде тіркелетін еді. Теңіздің тереңдігі – 1025 метр. Бұл дегеніңіз, Эйфель мұнарасын бірінің үстіне бірін қойып, суға сүңгітіп жіберуге болады деген сөз.
6. 1719 жылға дейін Каспий теңізінің тұрақты картасы болмаған. Тек 1719 жылы Бекович-Черкасско экспедициясының нәтижесінде барып картаның нақты сызбасы жасалды.
7. Теңізде табиғи тіршіліктің 850 түрі өмір сүреді. Каспий теңізіндегі ең керемет жануар ол – каспий итбалығы. Келуші туристердің айтуынша, теңіз итбалықтары адамдармен қатар жүзіп, ойнақ салатын көрінеді. Өкінішке қарай, қазі олардың саны күрт азайып, жоғалып кету алдында тұр.
8. Жер бетіндегі ең қымбат уылдырық «қара уылдырық» деп ойласаңыз, қателестіңіз. 100 грамм үшін 2 000 АҚШ долларын сұрайтын жер бетіндегі ең қымбат уылдырық – ақсерке балықтың «Алмас» аталатын уылдырығы. Ол Каспий теңізінің Иранмен шекаралас тұсында өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |