Таза сөзіне морфологиялық талдау жасау. 7.Шығармашылық жұмыс
Балалар, бұл жұмыста біз өзімізді өзен және судың атынан сөйлейміз.
Мен өзенмін...........
Мен сумын........
Суды қадірлемесек осындай болашақ бізді күтеді? Слайд
Бекіту
Соңғы 60 жылда жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өсті. Осы жүзжылдықтың ортасына қарай көптеген елдер суды сырттан алдыруға мәжбүр болады. Су - барынша шектеулі ресурс және оның көздерін иелену үшін күрес жер бетіндегі шиеленіс пен жанжалдар себептерінің бірі ретінде, қазірдің өзінде геосаясаттың аса маңызды факторына айналып отыр. Сумен қамтамасыз ету проблемасы біздің елімізде де өткір болып отыр. Бізге сапалы ауыз су жетіспейді. Бірқатар өңірлер оның зардабын қатты тартуда. Бұл проблеманың геосаяси астары да жоқ емес. Қазірдің өзінде біз трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалануда бірқатар мәселелермен бетпе-бет келдік. Аталған мәселенің күрделілігіне қарамастан, біз оны саясаттандыруға жол бермеуге тиіспіз.
- Сонымен өз ойымызды, қорытындылайық. Су туралы бір сөйлемнен айтамыз. Суды біз қалай сақтауымыз керек?.
Қорытындылау Жақсы, бағалау парағына белгілеріңді қойыңдар.
Бағалау парағына өз ойларын жазады. 1 мин Үй тапсырмасы, бағалау Үй тапсырмасы 2 деңгей – «Су - тіршілік көзі» шағын шығарма жазып келу. 3 деңгей – Сөз жаттау. Оқулықтағы 183 бетттегі 2 тапсырма,– ілік септігіндегі сөздерді теріп жазу, жалғауларды көрсету.