Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі еліміздің аума- ғындағы негізгі сәулет ескерткіштері туралы білді. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беріп, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алды.
Оқушылардың көпшілігі үлгіге қарап бұйым жасап, жұмыс барысын сипаттай алды.
Кейбір оқушылар өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасап, жасаған жұмысының идеясын түсіндіре алды.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?
Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);
жасаған жұмыстарынан ( жақсы жасалған жұмыстарды ғанабағалаңыз);
жасағанжұмысты талқылауларынан.
|
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі мате риалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін сақтауды оқушылардың есіне салады.
|
Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?
Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.
|
Бағалау
Сабақта оқушыларды бағалау:
оқушылардың мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауабы;
жұмысты талдап, талқылауғақатысуы;
3) жұмыс дәптерінде орындалған тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз).
|
Құндылықтармен байланыс
Адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыратын пейзаж жанрын дағы әлем мәдениеті жауһарлары, еліміздің табиғат көрінісі мен сәулет ескерткіштерінің фотосуреттері.
|
Рефлексия. Мұғалім сабақта кері байланыстың әртүрлі формаларын пайдалана алады: а) символдық (жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қою керек.
Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды»!, «Мен бәрін орын- дап үлгермедім!»
1. жазбаша (оқушылар сабақта кесте, анкета толтыру арқылы ойларын жазбаша жеткізеді). Жазбаша немесе ауызша жүргізуге болатын рефлексия үлгілері: оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс.
Мен бүгін ... білдім.... қызықты болды.... қиын болды. Мен ... тапсырманы орындадым. Мен ... түсіндім. Енді мен ... аламын. Мен ... сездім. Мен .жинақтадым. Мен ... үйрендім.Мен ... жасай алдым. Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін. Мен ... таңғалдым. Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі. Мен ... жасағым келді. Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.
|