З ертханада алу. 1.Металдарды тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттестіру. Қышқылдармен реакцияға белсенділігі орташа металдар: Al, Zn және Fe қолданылады. Сутекті алу үшін Кипп аппараты қолданылады.
Сынауыққа 1-2 түйір мырышты салып, үстіне тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. Реакция нәтижесінде сутек бөлінеді.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 тұз мырыш қышқылы хлориді 2. Натрий, кальций сияқты белсенді металдар сумен әрекеттескенде сутек түзіледі.
Натрий металының кішкентай бөлшегін суға салсақ, өте шабытты реакция жүреді, нәтижесінде сутек бөлінеді.
2Na + 2HOH = 2NaOH + H2 натрий гидроксиді Өнеркәсіпте алу. Сутекті табиғи арзан шикізаттан алады.
Жоғары температурада көмірді су буымен әрекеттестіреді.
С +H2O 1000 CO + H2 2. Метанды айыру.
CH4 1000 C + 2H2 3. Метанның су буымен әрекеттесуі. Реакция никель өршіткісі қатысында 13000 С температурада жүргізіледі.
CH4 + H2O Ni, 1300 CO + 3H2 Физикалық қасиеттері. Сутек – түссіз, дәмсіз, иіссіз ең жеңіл газ.
M(H2) = 2 г/моль, M(ауа) = 29 г/моль
сутек ауадан 14,5 есе жеңіл, суда нашар ериді, - 252 градуста сұйылады
Химиялық қасиеттері. 1.Сутек оттекте жанып көп мөлшерде жылу бөледі және су түзіледі.
2Н2 + О2 = 2H2O + Q
2. Сутек көптеген бейметалдармен әрекеттеседі.
Сутек хлор, бром, фтор, иодпен әрекеттесіп, ұшқыш қосылыстар түзеді.
H2+CI2= 2HCI хлорсутек
3. Сутекті балқытылған күкіртке жіберсе шіріген жұмыртқаның иісіндей газ - күкіртсутек түзіледі.
H2+S = H2S күкіртсутек
4. Сутек азотпен әрекеттесіп аммиак түзеді.
N2+3H2= 2NH3 аммиак
5 . Сутек белсенді металдармен әрекеттесіп гидридтер түзеді.
2Na + H2 = 2Na натрий гидриді
Ca + H2 = CaH2кальций гидриді
6. Сутек металл оксидтерімен әрекеттеседі.
CuO + H2= Cu +H2O
мыс (ІІ)оксиді