Сабақтың тақырыбы: Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын»



бет5/5
Дата22.05.2023
өлшемі82,63 Kb.
#177411
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Т.Сұлтанбеков Көшпелі алтын 10-сынып әдебиет
9F7QD29
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1: Оқу мақсатына сай тапсырманы жоспарлағаным және алынған әдіс –тәсіл тиімді болды
2:Сұрақтарға оқушылардың ұтымды, дұрыс жауап беруі
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1: Саралау тапсырмаларын жоспарлау
2: Әліде болса әр тапсырмадан кейін кері байланысты ұтымды беру
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:Бірнеше оқушы шығарманы толық оқымағандықтан сюжетіне таладу жасауда қиналды
2:Шығарманы толық оқыту

Көркем шығарманың өзара жалғасқан, бір-бірімен тығыз байланыста болатын біртұтас оқиғалар желісі болады. Мұндай біртұтас оқиғалар желісі көркем шығарманың сюжеті болады.
Ғылыми-фантастикалық шығарманың басында Сәменнің Шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде, кенет астындағы торы аты осқырынып, қалт тоқтай қалу себебін көрсетіп қана қоймай, «Үлкендігі аттың басындай балқыған, қызғылт сары. Жер бетінен бір метрдей биіктікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді, жол-жөнекей ұшқын ұшып түсуде» деп отты сипаттап өтеді. Кейіпкер атасынан естіген аңызын ойына алады.
Сюжеттің ары қарай өрбуі Сәменнің Шайтантауға жиналуымен дамиды. Сәменнің жасынан зерек, сезімтал бала екенін көрсете отырып, өз көзімен көрген бұл жұмбақ құбылыстың сырын бас қатырып, қанша ойланғанымен шеше алмағанын және сол жұмбақтың шешуін табу үшін ойлаған жеріне баруды мақсат еткеніне куә боламыз. Берілген үзінді де осыны айғақтайды. «Сәмен аз күн қалған каникулды күтті. Ондағы ойы бұл сырды алаңсыз ашуға кірісу еді...»
Оқиға орнына келген балалар табиғаттың тылсым құбылысын өз көздерімен көріп таңғалады. Ол әркетті жазушының «Ол сөзін аяқтай алмай, аңырып тұрып қалды. Өйткені осы кезде түнерген бұлттың арасынан сатыр-сұтыр етіп сытыла түзу сызықты бір оқ атылып еді» деген үзіндісінен байқаймыз. «Сәмен Қажытай жаққа қарап еді, еріксіз шошып кетті. Оның қайратты қара шаштары тікенше көтеріліп, жасыл от лаулап тұр екен. – Сәмен, сенің басыңда жасыл от жарқылдап тұр ғой, – деді үрейленіп» деген қиялдан туған оқиғаларға да куә боламыз.
Мұнда зерттеушілердің экспедициясымен кездесіп, Сәмен «Көшпелі алтын» жайлы аңызбен бөліседі, өзінің көрген қызғылт-сары жер бетінен бір метрдей биіктікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүрген от па, әлде алтын ба белгісіз құбылысты көргенін баяндап береді.
Әйтиевтің: «Сендердің тауда көргендерің, әрине, көшпелі алтын емес. Оның сырын осы тауға келгеннен-ақ түсінген боларсыңдар. Ол – кәдімгі найзағайдың бір түрі. Оны орысша «шаровая молния» дейді», – деген түсіндірмесінен көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап та алады. Сақиналы композицияны қолданып, «Көшпелі алтын оқиғасы» шығарманың өн бойында – басында, ортасында және соңында қайталанып беріледі. Құрылымның бұл түрі мәтінді түсінудің жаңа деңгейінде басында айтылғанға оралуға мүмкіндік береді.
Соңында Сәменнің «Не себепті осы көшпелі найзағайлар Сібір жақта көп? Жердің экваториялық немесе азиялық бөліктерінде ол өте сирек кездеседі. Оның да жауабы бар. Жердің өзін-өзі айналу жағдайына қарай атмосфераның қозғалысы да әртүрлі ғой. Жердің қушық жағында атмосфера көп қозғалады. Қою болады. Сол себепті де, ауамен ілесіп, ол жаққа метеорит көп жауады» деген ойынан әлі де зерттеу жасап отырғанын көреміз. Тауды үңгіп жол салып жатқан құрылысшы «көшпелі алтындарды» қызықтап отыруымен оқиға аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет