«Физика-табиғат туралы ғылым» факультативтік курсы
Сабақтың тақырыбы:
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.
Физика және техника. Қазiргi әлемдегi физика.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.Серікбаева
Күні: 03.09.2020.
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
|
Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
|
Сабақ нәтижесі:
|
Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіре алады, тапсырмалармен жұмыс жасайды.
Физикалық ұғымдармен танысып олардың мағынасын ашу. Ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктеріне тоқталады.
тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
|
Бағалау критерийі
|
Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Физика, табиғат.
|
Ресурстар
|
Түрткі сұрақтар парақшасы,
Графикалық органайзер
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, математика,технология.
|
Алдыңғы оқу
|
зертханалық құрал-жабдықтар
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланғануақыт
|
Сабақ барысы :
|
Бағалау түрлері
|
Басталуы
|
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, жағымды психологиялық ахуал туғызу.
|
|
Жаңа білім
|
Білу және түсіну
Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.
«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін
алғаш енгізген ғалым
Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.
Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.
Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
Лазердің дүниеге келуі.
Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
Ломоносов Михаил Васильевич (1711–1765) Орыс ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, суретші, орыс білімін, ғылымын және экономикасын дамытуды жақтаушы. Архангельск губерниясының Холмогоры селосының маңындағы Денисовқа деревнясында шаруа жанұясында дүниеге келген. "Оқуға қызығуды” ол анасынан үйренген. Ол үшін "Білімдік қақпасы” — "Грамматика”, "Арифметика”, "үлең әліппесі”, болды. Ломоносов 19 жасында білім алу үшін Мєскеуге келіп, дворяндық лақап атпен Славян-грек-латын академиясына түседі. Ломоносов үздік оқушы ретінде білімін жалғастыру үшін Петербург ғылым академиясының жанындағы университетке жіберіледі. Одан кейін шетелге жіберіліп, онда ол химия, физика, металлургия салаларында білімін шыңдайды. Ол 34 жасында орыстың алғаш академиктері қатарына қосылды.
Ломоносовтың ғылыми жұмыстарының ауқымы кең. Ол физика, химия, астрономия, география жєне филология салаларында көптеген іргелі еңбектер жасайды. Ломоносов зат құрылымының атом-молекулалық көрінісін дамытқан, материяның және қозғалыстың сақталу принциптерін тұжырымдаған, сондай-ақ физикалық химия негізін қалаушы ғалым.
Құбылыстарды, олардың Ұзара байланыстарын ескеріп, талдай білген Ломоносов астрономия саласында да бірқатар маңызды қорытындылар жасап, ғылыми нєтижелер алады. Атмосферадағы электрлік құбылыстарды зерттей келе, Ломоносов полярлық түннің және кометалардың құйрықтарының жарығының табиғаты электрлік екендігін көрсетеді. Ломоносов объектінің кескінін көрсететін көлбеу айналы шашыратушы телескоп-рефлектор жасады. Ол алғаш болып Күн бетін буырқанған отты мұхит төрінде сипаттады. Ломоносовтың астрономиядағы негізгі жетістігі ретінде 1761 ж. 26 мамырында жасалған Шолпанның Күн денесінен Ұтуін бақылап Шолпан атмосферасын ашуын айтуға болады. Ломоносов оптика саласында да бірқатар ғылыми еңбектер жасады Ол жарықтың толқындық теориясын, сол сияқты реңдер теориясын жасады, бірқатар оптикалық құралдар құрастырды, мысалы, телескоп-рефлектор. Осы құрал көмегімен ол 1761 ж. Шолпанның Күн дискісінен өтуін бақылап, осы планетада атмосфера бар екендігін анықтады.
Ломоносов Россияда ғылымды, мєдениетті, білімді дамыту үшін көп қызмет атқарды. Оның бастамасымен 1755 ж. Мєскеу университеті ашылды. Қазір ол университет Ломоносов атына ие. Ломоносовтың "Ост-Индияға солтүстіктен Сібір мұхиты арқылы бару” шығармасының єсерімен 1764 ж. Сібірге экспедиция жасақталды. Ломоносов Ұмірінің соңында Стокгольм жєне Болония ғылым академияларының құрметті мүшесі болып сайланды.
|
Оқулық,
мәтіндер.
|
|
Қолдану
Практикалық жұмысты орындау барысы:
Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Физиканың мақсаты неде?
Физика заңдары қалай ашылады?
Физикалық теориялар қалай жасалады?
Физикалық терминдер мен ұғымдар дегеніміз не?
Қандай ұғымдарға түсінік бере аласыңдар?
Неліктен физика техниканың негізі болып саналады?
|
|
Сергіту сәті
2 минут
|
«Қыдырып қайтайық!»
би билеу
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
|
Сабақты бекіту
|
Синтез
|
Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы
|
Бағалау
Кері байланыс
|
|
Кері байланыс пирамидасы
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
| | | |
Достарыңызбен бөлісу: |