Сабақтың тақырыбы Табиғат және менің қауіпсіздігім Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата16.05.2022
өлшемі24,08 Kb.
#143547
түріСабақ
Байланысты:
3кл дүниетану 03.05 (копия)


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

Су – тіршілік көзі

Студенттің аты-жөні

Қайдар Ділнәз

Күні:

03.05.2022

Сынып: 3«Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табиғат және менің қауіпсіздігім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.1.4.3. түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырады, табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтап, сақтық шараларын айта алады.
Көптеген оқушылар: апатты жағдайда туындаған қиыншылықтан шығу жайлы кеңестер бере алады.
Кейбір оқушылар: табиғи катализмдердің атауын тақырып етіп алып шумақтар құрастыр алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Оқу материалын жариялау «Мюссенберг» әдісі арқылы жүреді:
-Берілген әріптер арасынан мағыналы сөздерді тауып, тақырыпты шығарыңдар.
Раэлищнтабиғатбгвдпщжәнепдппкқлиужпдменіңшстндищжщщқауіпсіздігіммлищн
- Қандай сөйлем шықты?
-Қауіпсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда адамдардың табиғи апаттар кезіндегі сақтық шараларын қарастыратын боламыз.
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөліну «Санау» әдісі арқылы жүреді.

Жаттығу жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Тақырып ашады.


Топқа бірігеді.



Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.






Жаңа білім
15 мин

2 мин
Бекіту


18 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздік жұмысы.
Табиғат-природа-nature
Қауіп-опасность-danger
Тәртіп ережесі-правила поведения-behavior rule
Ә) Суретпен жұмыс.
ТЖ (ЧС) деген әріптер нені білдіреді? Төтенше жағдайлар туралы нені білесіңдер? Суреттегі нөмірлермен берілген төтенше жағдайларды анықтаңдар.
Б) Ой бөлісу.
Адам өмірінде табиғи қауіп –қатерден төтенше жағдай пайда болады. Оның басты себебі неде?
-Сызбаға қараңдар. Табиғи апаттың түрлері туралы әңгімелесіңдер.


Сергіту сәтінде «Ұшақтар» ойнын ойнайды.


(Т, Д) 2-тапсырма –шығармашылық жұмыс:
А) Өзіндік жұмыс.
- Сурет бойынша жер сілкінісі кезінде өзіңді ұстау жайлы түсіндіріңдер.
Ә) Топтық жұмыс:
Су тасқыны, өрт, дауыл кезіндегі іс-әрекет
ережесін құрастырыңдар. Шағын кітапша дайындаңдар.
-Суреттегі кейіпкерлер қандай қиыншылықтарға тап болды? Оларға мұндай жағдайда не істеу керектігі туралы кеңес беріңдер.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
- Табиғи катализмдердің атауын тақырып етіп алып шумақтар құрастыр.

  • Сөздікті жазып алады.

  • Сурет бойынша сұрақтара жауап береді.

Билеп сергиді.

Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.



Дескриптор:

  • Сөздікті жаттап алады-1балл.

  • - Төтенше жағдайлар туралы әңгімелейді -1балл.

Суреттегі нөмірлермен берілген төтенше жағдайларды атайды-1балл.
Табиғи қауіп –қатерден болатын ТЖ басты себебін атайды-1балл.
Табиғи апаттың түрлері туралы әңгімелеседі-1балл.


Дескриптор:
- Жер сілкінісі кезінде өзін ұстау жайлы түсіндіреді-2балл.
-Тасқыны, өрт, дауыл кезіндегі іс-әрекет
ережесін құрастырып, шағын кітапша дайындайды-3балл.

Оқулық,
дәптер



Кері байланыс
5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді оқып мазмұндау.

Кері байланыс жасайды.
Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет