СӘрсенбай ділнәз ерболқызы 4-сынып тақырыбы: «Қошқармүйіз» оюының мәні мен мағынасы Бағыты



бет1/4
Дата28.01.2018
өлшемі1,94 Mb.
#35107
  1   2   3   4
Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы

«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Приреченск орта мектебі» КММ-сі
СӘРСЕНБАЙ ДІЛНӘЗ ЕРБОЛҚЫЗЫ
4-СЫНЫП


Тақырыбы:

«Қошқармүйіз» оюының мәні мен мағынасы

Бағыты: лингвистикалық

Секциясы: әдебиеттану


Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Шайілденова Дана Серікқызы,

Приреченск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2015 жыл
АҢДАТПА


Зерттеудің мақсаты: Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау, «қошқармүйіз» оюының тарихын зерттеп білу, «қошқармүйіз» оюының мән - мағынасын білу, «қошқармүйіз» оюын насихаттау, «қошқармүйіз» оюынан жасалған заттарды іздеп, салыстырып, қажеттілігіне көз жеткізу.

Зерттеу барысында осы жоба бастауыш сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше көзге түсетін көне мұратымыз ою - өрнектерді бағалауға, «қошқармүйіз» оюының жасалуымен танысып, осы өнерді жалғастыра білуге, ою - өрнектердің тарихы, олардың қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктері, дамуы, қоршаған ортаның сұлулығын тани білуге үйрету мәселелерін қарастырады.

Ғылыми зерттеу жоба кіріспеден, бір тарау және қорытындыдан тұрады. Кіріспе бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты, қойылған міндеттерді шешу әдістері баяндалған болса, негізгі бөлімде ою-өрнектің мәні мен мағынасы толық ашылады. Қорытынды бөлімде жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалған қорытындылар, жұмыстың нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстар қамтылған.

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім


  1. Ою-өрнек туралы жалпы мағлұмат

  2. «Мүйіз» оюы, оның түрлері

  3. «Қошқармүйіз» оюының қолдану өрісі

  4. Ою-өрнектің актуальдік орны (сауалнама қорытындысы)

  5. Ұсыныс

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Қосымша суреттер



І. Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алғаннан бері салт-дәстүрімізді жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, оны мемлекетімізде тұрып жатқан әр алуан ұлт өкілдеріне насихаттап, кеңінен танып-білуге мүмкіндік бар. Ұлттық ою – өрнектерді, соның ішінде «қошқармүйіз» оюын зерттей отырып, халқымыздың ою - өрнегін өшуге, жоғалуға жол бермеу. «Қошқармүйіз» оюының түрлерін салыстырып, оюы бар заттардың қолданыс өрісін кеңейту зерттеу жұмысының өзектілігін танытады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау, «қошқармүйіз» оюының тарихын зерттеп білу, «қошқармүйіз» оюының мән - мағынасын білу, «қошқармүйіз» оюын насихаттау, «қошқармүйіз» оюынан жасалған заттарды іздеп, салыстырып, қажеттілігіне көз жеткізу.

Зерттеу нысаны: қазақ халқының ою-өрнектері зерттеу нысаны болып табылады.

Жұмыстың жаңалығы: . «Қошқармүйіз» оюының түрлерін салыстырып, оюы бар заттардың қолданыс өрісін кеңейту.

Қойылған міндеттерді шешу әдістері: Сауалнама жүргізу, сұхбат өткізу, бақылау жүргізу, шеберлермен кездесу, энциклопедиямен жұмыс


Зерттеудің құрылымы: ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, бір тарау мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ою-өрнек туралы жалпы мағлұмат

Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.
Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек

деп қосарланып айтылады.



  1. «Мүйіз» оюы, оның түрлері

«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «құсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер.
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.
Қошқармүйіз оюы неше түрі формаларға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
«Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен түрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.
«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі). 
«Сынықмүйіз» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне үқсайды.
«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.
«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.
«Қабырға» бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар алынады. Ақ немесе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.
«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.
«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салкын түстер гаммасынан кұралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.


3. «Қошқармүйіз» оюының қолдану өрісі

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар әр заттың көлемі, сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ тектес бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын» т.б.аттармен аталған.
Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қоңыр ою-өрнектерімізді, кәзіргі жаһандық заманда аман сақтап, жастарымыздың бойына ұялата білу біздің парызымыз.

«Қошқармүйіз» оюы бар заттарды жалпы күнделікті өмірде күнде кездестіруге болады. Келесі солардың суреттерін жинақтауға тырыстым.



Каталог: uploads -> doc -> 0859
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0859 -> Келісілді доіжо култасбаева А. Х
0859 -> Сабақ жоспары № Пәні : қазақ тілі Пән мұғалімі : Меңдіғалиев ж топ: 202
0859 -> 2 «Аманқарағай орта мектебі»мм «24» 11 2016 ж Шағын орталықтың ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасыТәрбиеші: Мукатова Г. М білім беру саласы
0859 -> 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні Тақырыбы: Қайдасыңдар, құйынның құрбандары!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет