4.Ою - өрнектердің актуальдік орны (сауалнама қорытындысы)
Ұлттық ою - өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен – күнге одан әрі дамытып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен олардың тарихын зерттеу. Сонымен қатар оқушылардың арасында сауалнама жүргізу және оның нәтижелерін тиянақтау.
Сауалнама сұрақтары:
Ою - өрнектердің қандай түрлерін білесіндер?
А) киіз үй
Ә) Қошқармүйіз
Б) Аспан
А) Кілемде
Ә) Қалада
Б) Партада
Оюлар неше бұрышты болады?
А) Ұзын
Ә) қысқа
Б) Төртбұрышты
Ою - өрнек неде бейнеленген?
Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?
А) Балдақ
Ә) Ағаша
Б) Ирек
Геометриялық оюларды ата:
А) Жапырақ
Ә) Мүйіз
Б) Шеңбер
Жануарлар оюларына жататын оюларды ата
А) Ирек
Ә) Түйетабан
Б) Қармақ
Сауалнама қорытындысы:
|
сұрастырылғандар саны
|
Сауал
|
60
|
Мүлдем білмейтіндер
|
10
|
түрлерін біледі
|
20
|
қайда пайдаланатынын
|
15
|
неде бейнелегені
|
12
|
өсімдік оюларын білетін
|
2
|
геометриялық оюларын білетін
|
4
|
жануарлар оюларының түрлерін білетін
|
5
|
5.Ұсыныс
Мен мектеп оқушылары үшін бейджик орнына қазақи нақышта жасалған мектеп оқушыларының эмблемасын тағуды ұсынамын. Ол матадан жасалса тіптен жақсы болады. Онда оқушының аты-жөні, сыныбы жазылуы мүмкін. Кезекші сынып оқушылар үшін ол бір түстес бола алады. Осы идеяны мен болашақта өз мектебімде енгізуді жоспарлаудамын. Бұл ұлттық мұрамыздың сақталуы мен насихатталуының бір жолы деп білемін. Бұндай эмблемаларды мектепте оқитын қыз балалар технология сабағында жасай алады. Осылай ою-өрнектің түрлерімен танысу, оларды насихаттау, құрметтеу жұмыстары жүргізіледі.
ІІІ. Қорытынды
Зерттеу жұмысы барысында қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинадым, «қошқармүйіз» оюының тарихын зерттеп білдім, «қошқармүйіз» оюының мән - мағынасын білдім, сыныптастарымның арасында «қошқармүйіз» оюын оюды үйреттім, «қошқармүйіз» оюынан жасалған заттарды ғаламтордан, күнделікті өмірден іздеп, салыстырдым, қажеттілігіне көз жеткіздім.
Қорыта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.
Болашақта дизайнер мамандығын меңгергім келеді, мектепте оқитын оқушыларға ұлттық нақышы бар киім үлгілерін тіккім келеді, «қошқармүйіз» оюы бар эмблемалар жасап, ұлттық ою-өрнектің жоғалып кетуіне жол бермеуге тырысамын.
Әр сынып оқушылары бейджиктің орнына өзінің аты-жөні жазылған ұлттық ою-өрнегі бар эмблемаларды тағып жүргуге ұсыныс жасаймын.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
М.Ш.Омирбекова «Традиционная культура казахов», «Алматыкітап» баспасы 2004 ж.
Сапар Төленбаев, Маргарита Өмірбекова «Ою - өрнектердің жасалу жолдары»
// «Қазақ тарихы» №4 2004 ж.
// «Бастауыш мектеп» №4 2002ж.
Ғаламтор – Уикипедия, қазақша ашық энциклопедия
V. Қосымша суреттер:
Достарыңызбен бөлісу: |