Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Табиғи материалдардың түрлері мен оны сақтау жағдайы
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Білімділік: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.
Дамытушылық: Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, түрлі композиция құрастыруды меңгерту
Тәрбиелік: Табиғи материалмен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау,
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ- жауап , түсіндіру .
|
Көрнекіліктер
| Табиғи материалдар түрлері , дәндер, жапырақтар, қайыршақтар мен тастар, ермексаз т. б. |
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Еңбек туралы мақал – мәтелдер: «Еңбек – ер атандырады»
«Еңбек етсең - емерсің»
«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді , «Табиғат» жайында салған суреттерін текеру .
|
Қызығушылықты ояту
|
Қағазбен жұмыс .
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
(Табиғи материалдан жасалған бұйымдармен таныстыру, көрсету)
Слайдпен аққудың түрліше суреттерімен таныстыру.
Аққу – құс. Аққу сөзіне талдау жасау. Ол топтанып ұшатын, жыл құсы. 300 - 400 жыл өмір сүреді.
Жалпы құстарға тоқталу, олар ұшады, жұмыртқалайды, балапан басады.
«Жалғастыр» ойыны
1.... атпа,... сатпа.
2.... құссыз көл жетім
3. Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес
4. Өлең енсе сөз сұлу,
... жүзсе - көл сұлу.
Кім жүйрік? Қауіпсіздік ережелерін еске алу
1. Ермексазды аузыңа салма
2. Киіміңе жабыстырма
3. Соңынын қолыңды жу
Суреттерге шолу (слайдтар)
1. «Аққулы көлде» композициясын көрсетіп әңгімелеу.
Қажетті құрал - жабдықтарды атап, оларды шығарып алу
Қатырма қағаз, көк түсті қағаз, ағаштың бүрі, немесе оның орнына жұмыртқаның қабығы,
өсімдіктің жапырақтары, жұмсақ сым.
Жасалу жолын айта отырып орындау. Көлді бейнелеу үшін көк түсті қағазды алып қорап ішіне жайып қоямыз. Аққудың мойынын сымнан иіп дайындап аламыз және оны жұмыртқа қабығына ермексазбен біріктіреміз. Содан соң денесі мен мойнын бірігіп аққу мүсіні шығады оны көлге орналастырамыз. Айналасын көл бетінде өсетін кептірілген өсімдіктермен әсемдейміз
|
Ой толғаныс
|
Біз бүгін немен жұмыс жасадық?
Табиғи материал деген не?
Оны қайдан аламыз?
Аққу туралы ән білеміз бе?
|
Үйге тапсырма беру.
|
Аққудың суретін салып , аяқтау .
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|