Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Кеме» құрастыру
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
Сабақтың мақсаты: қағаздан кеме жасау туралы оқушыларға мәлімет беру.
Білімділік: оқушылардың бұрыннан алған білім, білік, дағды машықтарына сүйене отырып, қағаздан кеме жасау тәсілдерін үйрету
Дамытушылық: шыдамдылығын, ұқыптылығын, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, құралдармен жұмыс жасауға икемділігін дамыту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, ізденіс, практикалық әрекет, сын тұрғысынан ойлау.
|
Әдіс-тәсілдер
|
сұрақ- жауап , түсіндіру .
|
Көрнекіліктер
|
сөзжұмбақ, оқулық, жалауша түрлері, қауіпсіздік ережесі, суреттер, сызбалар
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
Кеме жайында жұмбақтар құрау .
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Өткен сабақ бойынша «күшік» мозайкасы жұмысынын аяқтау .
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
- Бүгінгі еңбек сабағына қандай қажетті құрал - жабдықтарды пайдаланамыз? (слайд көрсету)
Олай болса, осы құрал - жабдықтарды пайдалану үшін, өткен тақырыптар бойынша еске түсіреміз.
Қайталау - білім анасы
1. Қағазды неден жасайды?
Қағаз ағаштан, қамыстан, сабаннан ескі қағазды затты өңдеу арқылы жасалады. Осылардың ішінде қағаз жасау үшін көп ағаш пайдаланады. Ол үшін арнайы құралмен үгіндіге айналдырады. Оған су қосып шылайды. Одан кейін осы қоспаны тұз қышқылы немесе арнайы ағартқышпен ағартып, үгіндіні әбден майдалайды. Енді қағаз мықты болып әрі жазған кезде сия жайылып кетпес үшін желім қосады. Сөйтіп қоспа әбден дайын болғанда арнайы құрал арқылы әртүрлі қалыңдатады, жұқалайды, кептіреді. Екі бетін үккіштен өткізіп, тазалап, әбден тегістейді. Әртүрлі көлемді орама жасайды немесе әртүрлі пішінде кесіп тұтынушыға жолдайды.
2. Қағаздың қандай түрлерін білесің? Оларды не үшін қолданады?
Жазуға арналған қағаздар, сурет салуға арналған қағаздар, ақ қағаздар, орауға арналған қағаздар, түрлі - түсті қағаздар, қатырма қағаздар.
3. Қағаздың қандай қасиеттері бар?
Қағаз - адам қолымен жасалатын материал. Оның өзіне тән қасиеттері бар. Әртүрлі бұйымдар жасаған кезде біз оның қасиеттерін білуіміз керек. Жыртылады, бүктеледі, иіледі, умаждалады, жанады, қиылады.
|
Ой толғаныс
|
Мұғалім: бүгінгі сабақта қағаздан қандай бұйым жасадық?
Оқушы: қағаздан жалауша жасадық.
Мұғалім: жалауша, шар туралы өлең, жаңылтпаш, жұмбақ сұрау.
(ауызша сұралады) .
|
Үйге тапсырма беру.
|
Түрлі – түсті қағаздан кеме жасауды аяқтау .
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Оқу ісінің меңгерушісі: 2 сағат
Еңбекке баулу
|
Кабинет:
|
Уақыты:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Аққала» аппликциясы
|
Сабақтың жалпы мақсаты
|
3. Жалпы мақсаты: «Нені дамыту керек?» деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін, қабылдауы мен ынтасын, зейінін, есте сақтауын, ұғыну, ойлау, қиялдау, болжау қабілеттерін ашу.
Мерсердің БЖӘ арқылы балалардың тіл байлықтарын, сөздік қорын молайту. СТО стратегиясы бойынша ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін – өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
4. Оқыту нәтижесі: Пәндік нәтиже: қыс туралы түсініктерін кеңейту.
Уақыт, жаратылыс, табиғат туралы ұғымдарының кеңеюіне мүмкіндік жасау.
Жүйелік іс - әрекет нәтижесі: мәнерлеп оқу дағдыларын, көркем сөзбен сөйлеу тілін, дүниетанымдарын кеңейту арқылы өз беттерімен ізденуге үйрету.
|
Әдіс-тәсілдер
|
сұрақ- жауап , түсіндіру .
|
Көрнекіліктер
|
ермексаз, смайлик , күннің шұғыласы салынған плакаттар .
|
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
|
6. Тапсырма көздері: Оқулықпен жұмыс, қол өнер, сурет салу.
7. Мақсаты: Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге жағдай жасау.
8. Сабақ бойынша жазбалар:
|
Топқа бөлу
|
Оқушыларды карточка мен сурет салу арқылы топқа бөлу .
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Өткен сабақ бойынша «Кеме» жұмысын аяқту .
|
Қызығушылықты ояту
|
|
Жаңа материалмен жұмыс.
|
Мұғалімнің түсіндірмесі:
. 1. Балалар қазір қай мезгіл?
2. Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
3. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
4. Аяз ата бізге не береді?
Балалар Аяз ата бізге келем дегенше көп күн бар, базар аралап сыйлықтар алып жүр екен бізге мына бір кішкене қалтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар, ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратып берем.
- Сыйлық алғыларың келеме?
Олай болса ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар.
Сұраққа жауап берейік.
Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?
Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды. Балалар шаршадық па, шаршасақ қолымызға сергіту сәтін жасайық.
Ал енді аққаланы жапсырайық.
Аққаланы барлығымыз жапсырып болдық па?
Олай болса аққала туралы қандай өлең білетін едік айтып жіберейік
1. қыс
2. жаңа жыл
3. Аяз ата
4. сыйлық
Балалар қызығушылық білдіреді, ішінде не бар екенін білгісі келеді.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Аққаланы жапсырады.
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойнаймыз біз шаттанып.
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
Рефлекістік түзету Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?
Аяз атаның сыйлығын бағалау ретінде таратып беріледі.
Білу: қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.
Игеру: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.
Меңгеру: аққала жапсырудың ережесін білді.
|
Ой толғаныс
|
• Өлеңді мұғалімнің оқуы.
• Өлеңді оқушылардың іштей оқуы. Таныс емес сөздерді түртіп алу. Түсінік беру.
• Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқу (3-4 бала).
• Сұрақтарға жауап беру.
- Ақын ақша қарды неге теңейді? Өлеңнен тауып көрейік.
|
Үйге тапсырма беру.
|
«Аққала» аппликациясын аяқтау .
|
Бағалау
|
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.
|
Кері байланыс
|
Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .
|
Достарыңызбен бөлісу: |