Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері. Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата12.02.2020
өлшемі1,15 Mb.
#57885
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
дүниетану

4 б сынып 5-7 .09.2015

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты зерттеу және бақылау әдістері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Табиғат денелері мен құбылыстарын туралы түсініктерін

қалыптастыру. Өлі табиғат денелерін, өсімдіктер мен жануарларды

бақылаудың ерекшеліктерін түсіндіру.

Дамытушылық: Тәжірибелер жасау арқылы оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын уағыздау. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер


Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сыныптарда алған білімдерін еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Жетелеуші сұрақ:


  1. Табиғатты зерделеудің қандай басты әдісін білесің?

  2. Өлі және тірі денелерді бақылаудың қандай ерекшеліктері бар?

  3. Тәжірибе жасау не үшін керек?

  4. Табиғатты зерделеуде шамалар мен өлшем бірліктері не үшін керек?

Оқушыларға берілетін базалық білім:

Табиғатты тану

Бақылау Тәжірибе жасау.


Бақылау – табиғатты танып, білу әдісі.

1. Оқушыларға мысалдар арқылы бақылау әдісіі мен оның маңыздылығын түсіндіру. Мысалы: Есік алдына құс келіп қонды. Ол енді не істейді:

2. Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып талдау жүргізу. Оқушы ойы мен пікірін білу.

Бақылау


Өлі табиғатқа тірі табиғатқа
Бақылау түрлері.

Жануарлар тіршілігіндегі белгілі бір әрекетті бақылау уақыты әр түрлі: 1 сағ, 1 ай, 1 жыл. т.с.с.

Өсімдіктің өсіп жетілуін бақылау бірнеше айларға созылады.т.с.с.
3. Тәжірибе жасау – бір заттан екінші затты айыру үшін жасалады.

Тәжірибе - шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.

Оқулықпен жұмыс.

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Бақылау – табиғатты танып, білу әдісі.

Тәжірибе жасау – бір заттан екінші затты айыру үшін жасалады.




бақылау тәжірибе
Табиғатты тану

Бақылау Тәжірибе жасау.

Зерделеу

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.



Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау:

  1. Табиғатты не үшін зерттейді?

  2. Табиғатты бақылауды қандай әдістерін білесің?

  3. Табиғатты ұтымды пайдалану және қорғау дегенді қалай түсінесің?

1. Ауа температурасын термометрмен өлшейді. Термометрдің құрылымымен таныстыру. Еске түсіру.


2. Уақытты сағатпен өлшейді.

Ертеде адам күннің шығуы,батуына қарай анықтаған. Ертеде құм сағат, күн сағат, су сағат деген аспаптар қолданған.

3. Ұзындықты өлшеу үшін не пайдаланасың? Қандай құрал, қандай өлшем?

Ұзындық өлшемдері не үшін қажет?

Дәптермен жұмыс.

Сарамандық жұмыс.



    • Өлшеуіш заттарды пайдалану.

    • Термометрмен жұмыс.

    • Өлшеуіш ыдыстар

    • Уақытты анықтау.

Табиғатты бақылауда математикалық өлшемдер қажет пе? Не үшін?

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

Г8лн


4 б сынып 14.09.2015

Дүниетану.

Сабатың тақырыбы : Бағдарлау

Сабақтың мақсаты:    

1.Білімділік:Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын анықтау тәсілдерін меңгерту.

2.Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін арттыруға,өздігінен білім алуға,сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру,бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық,өнеге-тәлімдерін(үлкенді тыңдау,адамгершілік,

ұйымшылдық,тапқырлық)үйрету және табиғат сұлулығын тану,оны аялау,қорғау,туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек,көкжиек тұстары туралы түсінігі.

Негізгі ұғымдар:бағдарлау, азимут,тұсбағар,

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»

әңгімесі,тұсбағдарлар,үлестірмелер,транспортирлер,

атлас,Қызылорда қаласының планы,суреттер.жұмыс дәптері.

Техникалық құралдары: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері,тірек-сызба.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,физика.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу,  топқа бөліп отырғызу.    

2.Сабаққа  даярлығын білу,күннің ауа райы жайлы хабарын,

үйге берілген тапсырманы білу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.№1-2-слайд

2.Сұрақтарға толық жауап алғанда,тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

ІІІ.Жаңа  сабақ. №3,4,5 слайд

Сабақтың эпиграфы:

                                         Кел,балалар,оқылық,

                                         Оқығанды көңілге

                               Ықыласпен тоқылық!

Неге сабақтың эпиграфы ретінде Ы.Алтынсарин атамыздың өлеңінен үзінді алып отырмыз? Сендер үйде Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»әңгімесін оқыдыңдар.Осы әңгімеден бүгінгі сабаққа байланысты не айтар едіңдер?

Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау.

Жоспары :

1.Тұрған жерді және жүру бағытын тұсбағармен анықтау.

2.Азимут бойынша жол тауып жүру.

Оқулықтың 21-бетіндегі тірек білімді еске түсіруге арналған сұрақтарды оқып жауап берейік:№6-слайд

      1. «Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не?

      2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары қалай деп аталады?

      3.Тұсбағдарды пайдаланып пайдаланып,көкжиек тұстарын қалай бағдарлайды?

4.Қандай табиғи белгілерге қарап,көкжиек тұстарын анықтауға болады?

      5.Бағдарлау деген не?

  І.Қызығушылықты ояту.   

 Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» атты шығармасынан үзінді тыңдатып,оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.

-Үсен көшті табу үшін,жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?

Оқушылар жауабы:

1.Малдың жас тезегін тауып алуы;

2.Молалы жерде ел болады;

3.Құс ұшқан жерде көл болады,көлді жерде ел болады.

  Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге сүйеніп анықтай білген.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын,

бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

      Бағдарлаудың екі түрі бар:

а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау.

Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз.Белгісіз жерде жүру,жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі.

2.Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту.№10-11-слайд

Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің 

тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.

ІІІ.Ой-толғаныс.

    Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар. Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта орналасқанын анықта.№15-слайд

 

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16-слайд



1.Ортаға 4 оқушы шығады.Ойша бетіңді солтүстікке қарат.Сонда арт жағың.......,сол жағың.....,оң жағың....., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.

2.Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17-слайд

3.Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18-слайд

V.Қорыту,бағалау.№19-слайд

Әр топ бағалау парағын толтырып өткізеді.

Бағалау парағы

 

Топтағы оқушының аты-жөні Талдау жұмысына



белсене

қатысуы Орындалған тапсырмалар-дың

бағасы Қосымша сұрақтарға жауап беруі Басқаны тыңдай және тыңдата білуі Қоры-тынды баға

 

++ жоғары 



+ орташа

-- төмен


VІ.Үйге тапсырма.

4 ә сынып 19.07.2015 ж

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Құрлық беті. Жазықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды құрлық бетінің негізгі түрлерімен таныстыру.

Жазықтар мен таулар олардың картадағы белгіленуімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Географиялық карта

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс: Үйге берілген мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Географиялық карта .Картаның сұлбадан айырмашылығы.Картаның түрлері



Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Құрлық бетінің негізгі түрлері


Жазық

Тегіс (жасыл түс) Төбелі (жасыл үстінде сарғыш дағы бар түс)

Қырат

Үстіртті жазық


Жыра, сай

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.



- Мәтінді мәнерлеп оқу. Дауыстап кезекпен оқыту.

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.


Сарамандық жұмыс. Картамен жұмыс.
Картадағы бояу түстері нені білдіреді?
Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



  1. Жазық деген не? Оның түрлері.

  2. Жыра неден пайда болады?

  3. Жыраның сайдан қандай айырмасы бар?

  4. Картадан тегіс жазықтар мен төбелі, қыратты жазықтарды тап.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

21.09.2015 ж

Дүниетану. 4 ә сынып

Сабақ тақырыбы: Құрлық беті. Жазықтар( АӨҚН)

Жалпы мақсат:

А) Құрлық, жазық ұғымы жайлы түсінік беру, тереңдету

Б) Нақты , дәлелді ой айтуға дағдыландыру

С. Еңбекқорлыққа , төзімділікке , табиғатты аялауға тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Қазақстанның физикалық картасы, географиялық картасы

2.Интереактивті тапсырмалар, кен орындары.

3.Ақ қағаздар, стикерлер, фломастер, ватмандар

Оқыту әдістері: СТО

Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар

Ғаламтор мәліметтер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)

ІІІ. Жаңа тақырып (20 мин)

Дөңгелек үстел.Мағынаны тану

Сергіту сәті

Тақырыпқа кіріспе.Проблемалық сұрақ Слайдтан бейнежазба көрсету. Не көріп тұрсыңдар? Осындай жерлер біздің аймақта кездесе ме? Ол қалай пайда болады?Кім жасайды. Адам ба ?Табиғат па??

Әрбір топ бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

Топ бойынша тапсырмалар

1.Мәтінді - бөліктерге бөлу.

2. Өткен тақырыппен байланысы қандай ? Ұқсастық , айырмашылық бар ма?Физикалық карта мен географиялық картадағы шартты белгілерді көрсету.

Әр топтан бір оқушыға ауызша айтылады.

Сұрақ-жауап әдісі:

-Табиғатта қандай өзгерістер болып отырады?

-Неліктен?

-Ненің немесе кімнің әсерінен?

-Неліктен?

Мәтінге байланысты «Жазық , жыра» пайда болуы, Оның қандай түрлері бар ?Олар картада қандай түстермен боялады? және шартты белгілері қандай? Табиғаттағы алар орны, оны болдырмау шаралары.

Әр топқа оқыту

Топта талқылау

Оқушы өз еркімен жұмбақ, мақала, құрастырады , суретін салады.

Топпен бірлесе жұмыс істейді,қорғайды

ІV. Қорытындылау

(5 мин)


1. СТО(“Идеал тапсырма»)әдісі

Әр оқушы өзі дайындаған жазық пен жыраның шаруашылыққа келтірер залалы мен тиімділігі жайлы жазған ойларын оқиды. Суреттерін көпшілікке ұсынады.

V. Үй тапсырмасын беру (2 мин) Қазақстанның қай өңірлерінде тегіс жазықтар мен төбелі, қыратты жазықтар бар? Картадағы орны, атаулары қандай? Өз жеріңде жыралардың ұлғаюына қарсы күресті қалай ойластырасың? деген сұрақтар бойынша жұмыс жүргізу. Үй тапсырмасын орындау

VI. Бағалау




4ә сынып 26.09.2015 ж

Дүниетану.

Сабақтың тақырыбы: Таулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды құрлық бетінің негізгі түрлерімен таныстыру.

Жазықтар мен таулар олардың картадағы белгіленуімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Географиялық карта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс: Үйге берілген мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Географиялық карта .Картаның сұлбадан айырмашылығы.Картаның түрлері



Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Құрлық бетінің негізгі түрлері


Тау




Жазық

Тегіс(жсыл түс)

Төбелі (жасыл үстінде сарғыш дағы бар түс)

БИІК ТАУ АЛАСА ТАУ

Қырат

Үстіртті жазық



Жыра, сай

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.



- Мәтінді мәнерлеп оқу.

  • Дауыстап кезекпен оқыту.

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



  1. Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы қандай?

  2. Биік таулар мен аласа таулардың айырмашылығы қандай?

  3. Адам тауды қалай пайдаланады?

  4. Көктемде таулы жерлерде қандай табиғаттың қолайсыз жағдайлары болуы мүмкін?

1. Физикалық картадан Сарыарқаны, Алтайды, Тянь−Шаньды тап.


Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

4ә сынып 28.09-03.10.2015 ж

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан таулары

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды Қазақстан тауларымен және тау жыныстарының түрлерімен таныстыру.

ә) Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, ақыл – ойын, дүниетанымын кеңейту.

б) Адамгершілікке, табиғатты қорғауға қамқорлық сезіміне тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактив тақта, электронды оқулық, үнтаспа, суреттер, карта

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, дискуссия, баяндау

Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игерту

Пәнаралық байланыс: Математика, ана тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасы Құрлық беті. Жазықтар (Оқушылардан кезекпен сұрау)

Жұмбақ жасыру.


Зәулім биік шың екен,

Биік шыңы қар екен.

Мұнарасына қарасаң,

Үлкен жотасы бар екен. (ТАУ)



Олай болса оқушылар біз тауға саяхат жасайық. Біз өзіміздің Шиелі ауданы мен Жаңақорғанның шекарасында Еңбекші деген ауылының тұсында Қаратау деген тау бар екен. Сол Қаратауға саяхатқа барғыларың келе ме? Ол жақтан көптеген өсетін қызғалдақтар алғыларың келе ме? Ол үшін біз бірнеше сұрақтарға жауап береуіміз керек.

сұрақ. Жазық деген не?

сұрақ. Қыраттар деген не?

Жазық жер, таулы жер, төбенің суреттерін көрсету.

Суретке қарап не айтар едіңдер?

Тау екенін қайдан білдіңдер?

3. Жаңа сабақ. Картамен жұмыс. Физикалық картамен жұмысты қосу керек.

Таулардың суреттерін көрсетіп, атау. (ауызша түсіндіру)

Медеу мұз айдыны.

Медеу спорт кешені – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдаланыла бастады.

Медеу спорт кешені 1972 жылы тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В. З. Кацевске, Қайнарбаевқа, инженер Матвеевке 1975 жылы мемлекеттік сыйлық берілді. Спорт кешенінің ауданы 10,5 мың метр.

12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейіні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана, баспасөз орталығы орналасқан.

1990 жылдан бері дәстүрлі «Азия даусы» халықаралық ән байқауыөткізіліп келеді. 2011 жылы қыстық спорттық олипиада да осы Медеу спорт кешені өтеді.

Тау жыныстары туралы қосып, көрсету керек.

4. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға тізбектей оқыту

5. Картамен жұмыс. Тауларды табу картадан көрсету.

6. Дәптермен жұмыс. Қазақстандағы тауларды жазу.

Алатау, Тянь – Шань, Ұлытау, Қаратау т.б

7. Сергіту сәті.


Саяхатқа барамыз,

Тау шыңына шығамыз.

Шаршамаймыз, талмаймыз

Біз үлкен бала боламыз.




«Талабың таудай болсын» дегенді қалай түсінесің?

8. Бекіту. Тауда өсетін ағаштар ды тауып сұраққа жауап беру арқылы орналастыру. Сол ағаштардың пайдасы бар ма?(шырша, емен, қайың суреттері)


Үйге тапсырма : мәтінді оқып, интернеттен мәлімет жинау.



4ә сынып 03.10.2015 ж

Дүниетану.
Сабақтың тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды құрлық бетінде болатын үгілу барысымен

таныстыру. Үгілуге байланысты жер бетінің өзгеруі туралы

түсінік беру. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі себептері.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Географиялық карта


Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс: Үйге берілген мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Құрлық бетінің негізгі түрлері

Жазық

Тау

Тегіс(жсыл түс) Төбелі (жасыл үстінде сарғыш дағы бар түс)

Қырат

Үстіртті жазық



Жыра, сай

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс. Оқи отырып, түсіндіру.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.


  • Дауыстап кезекпен оқыту.

Оқушыларға мәтінді мәнерлеп , тізбектей оқыту.
Адам әрекеті:

  • өзендерді бөгеу;

  • су қоймаларын жасау;

  • жер қойнауларынан түрлі пайдалы қазбалар алады;

  • жер суару үшін каналдар қазады, т.б.

Террикондар. Олардың айнала қоршаған ортаға әсері.

Ашық карьерлерден өндірілетін пайдалы қазбалар.

Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



  1. Жер беті адамның қандай әрекеттерінен өзгеріске ұшырайды?

  2. Террикондар деген не?

  3. Ашық карьердің орнын қалай пайдалануға болады?

  4. Өз тұрған жерлеріңде өзгеріске ұшыраған орындар бар ма?



Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.

4 сынып

Дүниетану. Сабақ №

Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Физикалық карта туралы түсінік беру. Карта түрлерімен

таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің ерекшелігі туралы

білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа материалды меңгеру сабағы..

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Географиялық карта



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Оқулықпен жұмыс.

Оқи отырып, түсіндіру.

Картамен жұмыс жасау.


Белгілі бір заттың кішірейтілгенін көрсететін санды масштаб дейді.

Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін географиялық карта дейді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет