Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Асқорыту жолы қандай мүшелерден тұратынын топта талқылайды.
• Асқорыту жолын көрсететін бауға (тесьмаға) ауызды белгілейді (қағазға суретін салып, қыстырғышпен қыстырып қоюға болады. Бірінші циферблатқа 1 минут деп түрлі түсті маркермен жазады.)
• Ауыз қуысынан өңешке дейін – 40 см – 8 секунд.
• Бауға шарды (үрленбеген) бекітеді. Бұл – асқазан – 15 см. Жапсырмаға жазып, циферблатқа белгілейді – 3 сағат.
• Шардан бастап, 25 см өлшейді, бұл – он екі елі ішек.
• Аш ішек – 6 м. Циферблатқа белгілейді – 4 сағат.
Жапсырмаға жазады.
• 1 м 50 см, маркермен белгілейді. Бұл – тоқ ішек.
Циферблатқа белгілейді – 10 сағат.
• Басқа топтың нәтижелерімен салыстырады.
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|