Сабақтың тақырыбы: Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Зертханалық жұмыс «Сабақтың ішкі құрылысын зерттеу»


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут



бет3/5
Дата17.10.2023
өлшемі359,06 Kb.
#185959
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
mzh.-tamyrdy-shk-rylysy-floema-ksilema-kambiy.-zerthanaly-zhmys-sabaty-shk-rylysyn-zertteu-.-z

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Ооқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.

1-топ:
эпиблема


2-топ: ксилема
3-топ: флоэма

Суреттер


Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну


Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Бүгін тамырдың ішкі құрылысын көлденең кесіндісінен қарастырамыз. Көлденең кесіндісі сору және өткізу аймағынан өтетіндей етіп, тамырдағы элементтердің орналасуын қарастырайық. Егер тамыр оймақшасының көлденең кесіндісін қарасақ, бірыңғай жасушаларды орталығындағы тірі және шетіндегі өлі жасушаларды көруге бола-ды. Егер көлденең қимасы бөліну аймағынан өтсе, онда біркелкі ұсақ бөлініп жатқан жасушалар көрінеді. Эпиблема – тамырдың бірінші реттік қабығы жасушаларының жоғары бір қабаты. Эпиблема жасушаларының қабырғасы өте жұқа, өйткені, өзінің жасуша қабырғаларында қатты заттарды жинап үлгермеген. Эпиблема жасушаларынан сору аймағында тамыр түктері түзіледі (61-сурет). Эпиблема сору аймағында ғана болады. Себебі осы аймақта жоғары, сабаққа жақын жерде екінші реттік қабық түзіледі. Екінші реттік қабық жасушаларының қабырғасы қалың. Көбінесе өлі жасушалар-дан тоз қабатын түзеді. Тамыр өскен сайын эпиблема қабаты үнемі топыраққа тереңдей түседі.
Тамырдың орталық цилиндрі. Сендер өткізу аймағына өткізгіш ұлпалар жауапты екенін білесіңдер. Олар тамырдың ортасында орналасқан. Өткізу аймағына түсу үшін су сору аймағынан өткізгіш ұлпаларға енуі керек. Сондықтан аймақтар арасында айқын шекара жоқ. Энтодерма жасушаларының қабатынан кейін – тамырдың бірінші реттік қабығы аяқталады да, ішкі бөлігі – орталық цилиндр басталады. Онда түзуші ұлпа түрі мен екі өткізгіш ұлпа түрі: ксилема мен флоэма болады. Су өткізгіш ксилема, орталықта «жұлдызша» түзетін және органикалық зат түзетін флоэма – «жұлдызша» сәулелері арасында орналасқан ксилема шетіне жақын орналасқан. Тамыр сіңірген судың жылжу сызбасын жалпы былай көрсетуге болады:
Топырақ ылғалы → тамыр түктері → тамыр қабығының жасуша-лары → ксилема тамырлары (түктері) → тамырдың орталық цилиндрі → сабақ сүрегі тамырлар бойынша жапырақтарға → жүйке ішіндегі тамырлар → жапырақ жұмсағының жасушалары → лептесіктер (усти-лище) →булану (транспирация).
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет