8- бөлім. Кодтау
Тақтаға қазақ алфавиті ілінеді, берілген сөздегі әріптердің алфавиттегі орын реті табылған соң, сол сандар қосылып, қосындыны екілік санау жүйесіне аудару керек.
1. Файл; (Файл = 29 + 1 + 13+16 = ?10 = ?2)
2. Диск; (Диск =7+12+24+14 = ?10 = ?2)
3. Байт; (Байт =3 + 1 + 13 + 25 = ?10 = ?2)
4. Меню. (Меню = 17 +8 + 18+41 = ?10 = ?2
Бағалану сіздің алған жапырағыңыздың нөміріне байланысты.
9 - бөлім. Қыл қалам сыры» - сайысы. Берілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады.
«Алғырлар» тобына:
Шеңбер мен қисық сызықты пайдалана отырып, шәйнектің суретін сал.
Мына тақпақты жаз:
Ішінде-су,
Үстінде-бу.
Тоймай жұпар иісіне,
Ішесің сүйсіне.
«Тапқырлар» тобына:
Сызық құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
Мына тақпақты жаз:
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.
10 - бөлім. Қорыту.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 жылы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік. Ендеше, ендігі кезек әділқазыларда. (Марапаттау рәсіміне кезек беріледі).
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 17 жыл ішінде Қазақстан Республикасының «Бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу» стратегиясы бәрімізге мәлім. Осы стратегияны жүзеге асырудың басты шарты білім екені даусыз. Сондықтан «Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма»,- деген Н.Д.Зилинскийдің сөзімен «Тапқыр достар» сайысын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |