Сабақтың тақырыбы
|
Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгғмесі
|
Жалпы мақсаты
|
Шығарма мазмұнын көркем тілмен баяндай отырып, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеу, оны өмірмен байланыстыру
|
Оқыту нәтижесі
|
Прозалық шығарманы талдау арқылы тақырыбы мен идеялық мазмұнын ашады
Өз пікірін ашық айтып, сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыланады
Ұлттық санасы қалыптасады
Ата – анаға махаббат, сүйіспеншілікті дамиды, жат қылықтан жиренеді
|
Түйінді идеялар
|
«Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып, ата - ана мен бала қарым - қатынасы жайлы мағлұмат беру, оқушы сезімімен ұштастыру; оқушылардың ойларын анық, дәл жеткізе білуге дағдыландырып, өз пікірін ашық айта білуге үйрету, шығарманы өмірмен байланыстыра отырып дүниетанымын кеңейту, өзіндік ой қорытындысын жасай білу, әсерін, пікірін білдіру
|
Сабақтың мазмұны
|
Уақыты
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушы іс-әрекеті
|
Ресурс
|
3 мин
|
1-әрекет
Сыныппен амандасу
Топқа бөлу
«Шырақ»
«Мұрагер»
«Ұрпақ»
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ф.Оңғарсынова «Бала» өлеңі:
Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
Сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,
Жаман бала жауына талатады.
Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірілей өлтіреді. Осы өлең жолымен сабақты бастау
|
Оқушылар топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды, топ ережесін шығарады, бір-біріне игі тілектер айтады
Ұрандары:
(Ата-ананың қарызы,
Ұрпақтың өмірлік парызы.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.) Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды
|
Түрлі-түсті гүлдер
|
5 мин
|
2-әрекет «Миға шабуыл»
1).Т.Әбдіковтың өмірінен не білесің?
2). Жазушының атқарған қызметі?
3). Т.Әбдіковтың қандай шығармаларын білесің?
1. Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?
Конвертте:
2. Шығармадағы кейіпкерлерді ата.
3. Ерекеңнің арманы не?
1. Ұлына Ерекеңнің көңілі не себептен толмады?
2. Шығарма неліктен «Қонақтар» деп аталған?
3. Қазақта қонақтың қандай түрі бар?
Сапабек қонақтың қай түріне жатады?
|
Сұрақтарға жауап береді, өткен материалды еске түсіреді,
Сабақ мақсатымен танысады. Топ басшысы бағалайды
|
АКТ
Т.Әбдіков портреті
|
5 мин
|
3-әрекет
Ойтолғау «Шығармадан қандай ой түйдім?»
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар беріледі (Нұржабаев Д., Есмурзин А., Бекбулатова И. )
|
Әр топ өз ой пікірлерін айтады
|
Үлестірмелі карточкалар
|
4 мин
|
4-әрекет
Дәптермен жұмыс
|
Оқушылар мақал-мәтелдер жазады. Топ басшысы бағалайды
|
Дәптер
|
5 мин
|
5-әрекет
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Мұғалім тақырыпқа байланысты мәтінді оқиды.
Сұрақтар қояды:
Сенің ойыңда не сақталып қалды?
Не себепті үзіндіні жазып алдың?
|
Оқушылар дәптер бетін екіге бөледі. Мұғалім мәтінді оқу барысында олар жазады. Бір жағына түсінгендерін жазып отырады, екінші жағына әсер еткен сөздерді жазады. Түсіндіреді.
|
Дәптер, диалог
|
15 мин
|
6-әрекет
«Ерғабыл қарт үміті», «Сапабек - қонақ», «Ата- асқар тау, ана-қайнар бұлақ» тақырыптарына кластер құру ұсынады
|
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Ойларын ортаға салады, бір-біріне қолдау көрсетеді, ортаға шығып ойларын дәлелдейді. Топ басшысы бағалайды
|
Флипчарт, маркерлер, фотосуреттер
|
4 мин
|
7-әрекет
Сәйкестендіру тесті үлестіріледі
|
Оқушылар жауаптарын белгілейді, тексереді. Топ басшысы бағалайды
|
Тест
|
2 мин
|
Бағалайды
|
Топ басшылары ұпайларын қорытындылайды. Күнделіктерін береді
|
Бағалау парақтары
|
1 мин
|
Үйге тапсырма береді.
«Ата-ананы қадірлеу-ұрпақ міндеті» тақырыбы бойынша шығармаға дайындалу
|
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады
|
|
1 мин
|
Рефлексия
|
Сабақтан алған әсерлерін айтады
|
Смайликтер
|
«МИҒА ШАБУЫЛ»
АТА-АНА ТУРАЛЫ
ЕКІ ТҮРЛІ ТҮСІНІКТЕМЕ
КҮНДЕЛІГІ
«Ерғабыл қарт үміті»
«Сапабек - қонақ»
«Ата- асқар тау, ана-қайнар бұлақ
1. Сапабек не жайында әңгімеледі?
А) туған жер
В) геология
С) ауа райы
2. Қарияның немересінің есімі
А) Жеңіс
В) Сапар
С) Жалғас
3. Машина гүрілінен кім оянды?
А) Сапабек
В) кемпір
С) Ерғабыл шал
4. Сапабекжан қарт ата-анасына не базарлық қалдырды?
А) киім
В) алтын
С) ақша
5. Ән салған тракторист кім?
А) Аспандияр
В) Дүйсенбі
С) Ермек
6. жылқылардың жайылған жері
А) Қаратүбек
В) Шайтанкөл
С) Бидайық
7. Немересі Жеңіс неше жаста еді?
А)) алты
В) жеті
С) бес
8. Ерекеңнің көз алдына нені елестетті?
А) өлгеннен кейін жұрт қалай шығарып салатынын
В) Қалада баласымен тұратынын
С) Немересінің ауыл мектебінде оқитынын
9. Сапабек қайдан келе жатты?
А) Қаладан
В) Қонақтан
С) Курорттан
10. Сапабектің әйелінің ұлты
А) қазақ
В) татар
С) орыс
Т.Әбдіковтың өмірінен не білесің?
2). Жазушының атқарған қызметі?
3). Т.Әбдіковтың қандай шығармаларын білесің?
Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесің?
Шығармадағы кейіпкерлерді ата.
Ерекеңнің арманы не?
Ұлына Ерекеңнің көңілі не себептен толмады?
Шығарма неліктен «Қонақтар» деп аталған?
3. Қазақта қонақтың қандай түрі бар? Сапабек қонақтың қай түріне жатады?
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?
Шығарманың негізі түйіні – ұрпақ тәрбиесі. Қалада қызмет істейтін жалғыз ұлын сабырсыздана күткен қартайған әке-шешенің жан сезімі шынайы суреттелген. Мәтіннің соңына дейін әлдебір сиқырға сенетін сияқтысың, үміттері ақталса екен деп тілейсің. Ал оны оқып біткен соң, көңілің құлазиды, бірге қайғырасың. Шығармада басты назар Ерғабыл шалға аударылған, ал оның кемпірі туралы көп суреттелмеген. Әкенің баладан күткен үміттің ақталмағаны қиын екен.
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?
Бізге ерекше әсер еткен - өз үйіне өзі қонақ болған Сапабек бейнесі. Тіпті әйелі де, баласы да өзіңе сай көрінеді. Осындай әке тәрбиесін көрген бала қандай болмақ? Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгісін Сапабек білмейтін көрінеді. Әйтпесе, баласын тастап кетпес пе еді. «Екі қарттың ортасында өскен бала дана болар» деген нақылға сай қитар көз ұл әкесіне қарағанда, мейірімдірек болар еді, кім білсін?
Шығарманы оқып шыққаннан кейін қандай ойға келдік?
Ең бастысы, ата-ана, туған-туыс, ел –жұрт алдындағы парыз туралы түсінігі таяз Сапабектің біздің халықтың ұлы екендігінде. Өзіне ұқсаған әйелі, олар өсіріп жатқан бала туралы ойласаң, жүрегің қан жылайды. Өзі туып-өскен ауыл адамдарымен ортақ тіл табыса алмаған Сапабектен басқа не күтуге болады? Бұл – ащы шындық. Екінші жағынан, тәрбиесі де дұрыс болмаған сияқты. Мүмкін, жалғыз бала болған соң, көп еркелетті ме? Бірақ жазушы суреттеген Ерғабыл көзқарасы басқа сияқты. Қалай болғанда, ұлттық сана, ұлттық тәрбие бірінші орында тұру керек қой.

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ
Қарияның немересі Аспандияр
Ән айтқан кейіпкер Тома
Әке-шешесіне қалдырған базарлық Ерекең
Сапабектің әйелі Жеңіс
Машина гүрілінен кім оянды? ақша
Т.Әбдіков романы геолог
Сапабектің мамандығы Өліара
Жылқылардың жайлған жері Шайтанкөл
Ерғабыл қартқа мінездеме бер.
|
|
Келіні Томаға мінездеме бер
|
|
Әңгіме ішінен мақал- мәтел, тұрақты тіркестерді теріп жаз
Ф.Оңғарсынова «Бала» өлеңі:
Бала сүйсең, жаныңда таң атады,
Сәбисіздің жазылмас жара табы.
Жақсы бала дос-жарды сүйсіндіріп,
Жаман бала жауына талатады.
Бала өсірсең, өміріңнің сол тірегі,
Байқалмайды балаңның олқы жері.
Жақсы бала жоқтатпай жоқтығыңды,
Жаман бала тірілей өлтіреді. Осы өлең жолымен сабақты бастау
Өмірінен мәлімет
Төлен Әбдіков (04.09.1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысында дүниеге келген. Ол — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігін орындаған.
Сондай-ақ, домбырашылар оркестрінде күйші болған.
Атқарған қызметі:
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965).
“Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, “Жалын” альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
1977 — 79 жылы “Қазақфильм” киностудиясының бас редакторы, , онан кейінгі кездері “Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы
Қазақстан жазушылар одағына 2-хатшысы болды.
1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Шығармалары:
Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.
Сонан бергі кезеңде
“Көкжиек” (1969)
“Күзгі жапырақтар” (1971)
“Ақиқат” (1974)
“Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары
“Өліара” (1985)
“Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романы
“Біз үшеу едік” атты драма шығармасы
“Ақиқат” атты кітабы