|
Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс қаласы
№372 бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Қилыбаева Райхан
|
Күні
|
12. 12. 14
|
Пәні
Сыныбы
|
математика
3-сынып
|
Сабақтың тақырыбы
|
Теңдеу құру арқылы есептер шығару
|
Дерек көзі
|
Оқулық, суреттер.
|
Жалпы мақсат
|
Топтық әрекетте сайыса отырып, шапшаң есептеу , құрлымы әртүрлі теңдеулерді, шамалар арасындағы байланыстарға арналған есептерді шығару дағдыларын жетілдіру. Білуге , үйренуге, пәнге қызығушылықтарын арттыру, есте сақтауға баулу.
|
Оқыту нәтижесі
|
Ізденіс жұмыстарын топпен шешуге үйрену;
Бірін бірі қорғайды, көзқарасын білдіреді;
Топпен бағалауға үйренеді;
Лидерлікке ұмтылады.
|
Негізгі идеялар
|
Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
|
Тапсырмалар
|
топтық тапсырмалар
Шығармашылық тапсырмалар
|
Кейінгі тапсырма
|
Оқулықпен жұмыс.
|
Мұғалімнің жазбалары:
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, қима қағаздар, суреттер,флипчарттар,шырша макеті, ойыншықтар
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Психологиялық дайындық, сұрақ-жауап, талқылау,топпен жұмыс,сайыс, ойын, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, дүниетану
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
1. Психологиялық дайындық сәті өткізіледі.
А) Қыс мезгілі
Ә) Жаңа жыл мерекесі
2.Оқушыларды топқа бөлу ./Сандар арқылы/
Ұпайларын ойыншықтар арқылы жинау.
II.Үй тапсырмасы:
Мысал-8
II.Жаңа сабаққа дайындық
1.«Ойлы болсаң, озып көр!»
( Әр топ басшысына логикалық 3 тапсырмалар беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай).
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
1. Бөлменің төрт бұрышында бір - бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
2.«Жаңылмай айтайық»
1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - орысша –ағылшынша кезек айту:
бір,два, three,төрт, пять, six,жеті, восемь, nine,он.(үш түсті қолдану:көк-синий-blue, сары-желтый-yellow, жасыл-зеленый-green)
бір два three
1
3
2
III.Сергіту сәті
ІҮ.Жаңа сабақ. 1. Оқулықпен жұмыс.
№ 1.«Кім тапқыр?» ойыны
Жасырын санды тап.Амалдардың жасырын компоненттерін ата.
* 8=64 7* =49 * 9=63
72: =8 81: =9 : 5=8
№ 2. «Кім жылдам?» ойыны
Есеп бойынша теңдеу құрастыр.
Мен бір сан ойладым, оны 8-ге көбейттім, 56 болды. Қандай сан ойладым?
х*8=56
х=56:8
х=7
7*8=56
№3. а) Есепті оқы. «Тездет, бірақ қателеспе!» ойыны.
А)Бірнеше қорап қалам сатып алынды, олардың әрқайсысында 8 қаламнан бар. Барлығы 40 қалам сатып алынды. Неше қорап болады?
Есеп бойынша теңдеу құрастыр.
«х қалам сатып алдық дейік» деген сөйлемнен баста.Онда.....
х*8=40
Теңдеуді шешсең, есептің сұрағына жауап бересің.
Ә) 5қорап қалам сатып алынды, олардың әрқайсысындағы қаламдардың саны тең. Барлығы 40 қалам сатып алынды. Әр қорапта неше қаламнан болды?
Есеп бойынша теңдеу құрастыр.
«Бір қорапта х қалам бар делік» деген сөйлемнен баста. Онда...
5*х = 40
4.«Ойлан, тап!»
А) Балалар әр қорапқа 8 ойыншықтан салды. 40 ойыншықты салу үшін неше қорап қажет болды? х *8 =40
Ә) әрқайсысы 9 теңге тұратын бірдей бірнеше қолшам сатып алуға72 теңге жұмсалды. Неше қолшам сатып алынды? 9*х=72
6. А) Қабырғасы 4 см шаршы сыз. Оның периметрі мен ауданын тап.
Ә) Ұзындығы 5 см 5мм болатын АВ кесіндісін және одан 7мм ұзын СD кесіндісін сыз.
V.Сабақты бекіту
1. «Математикалық жекпе- жек» ойыны
Бұл кезеңде топ мүшелері математикалық мақал -мәтелдер айтып жарысады.
1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар. 2.Мың қосшыға бір басшы. 3.Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді. 4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітер Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі 6.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
7. Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл. 8. Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.
2.Шығармашылық тапсырмалар
Төмендегі төрт қыз баланың өсу диаграммасы көрсетілген. Бойы (сантиметрде)
150
125
100
75
50
25
0
Қыздардың есімдері
Диаграммада қыздардың есімдері көрсетілмеген.Дананың бойы ең ұзын, ал Әлия ең кішісі, Мөлдір болса Тотыдан ұзынырақ. Тотының бойы қандай?
а)75 см b)100 см с)125 см d)150 см
VI. Қорытындылау.Рефлексия
Әр топ өз ұпайларын есептеп шығарады.
Жеңген топты анықтау.
Сонымен бүгін не істедік?
Нелерді қайталап, нелерді білдік?
Сабақ қалай өтті ?
Не ұнады?
Не ұнаған жоқ?
VII.Үйге тапсырма:
№5
YIII. Бағалау
Топ басшылары бағалау парағы бойынша қорытындысын шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |