Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика 5 сынып күні: Пән мұғалімі: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
|
Мақсаты
|
компьютермен жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды үйрету.
|
Жұмыс нәтижесі
|
информатика кабинетінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, көз жаттығуларын жасауды үйренеді.
|
Сілтеме
|
Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдері
|
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, «Бағдаршам» әдісі
|
Ресурстар
|
Оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, компьютер, Activоte құрылғысы, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, бағалау парағы
|
І. Ұйымдастыру
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері»)
- Оқушыларды топқа бөлу (сурет қиындыларын құрастыру бойынша);
|
Тапсырма түрлері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
«Білу»
(5 мин)
| -
Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін жаңадан қосылып отырған информатика пәні туралы кіріспе, оның қажеттілігі туралы ой қозғау, ой бөлісу. Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
| -
Тыңдап, ой бөліседі.
-
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
|
«Түсіну»
(10 мин)
|
Жаңа тақырып бойынша мағлұмат беру.
-
Техника қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру; қолданудың тиімділігін түсіндіру.
-
Көзге арналған жаттығуларын көрсету;
-
Компьютердің қауіпсіздігі;
-
Ақпарат сақтау қауіпсіздігі.
| -
Оқушылар бейнежазбаны көре отырып, электронды оқулықты тыңдай отырып, түсініктері қалыптасып, өз ойларын қағазға түсіріп айтады. Көз жаттығуларын орындайды.
|
«Қолдану» (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
| -
дидактикалық таратпа материалдармен жұмыс
| -
Оқушылар дидактикалық таратпа материалдарының тапсырмаларын (сөздерді толықтыру, кестені толтыру, сызбаны сызу) жеке, топпен орындайды.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Көзге жаттығу жасау музыкамен..
| -
Көз жаттығуларын интерактивті тақтадан көріп жасайды.
|
«Талдау» (10 мин)
«Жинақтау» (9мин)
| -
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, постерге жазады
-
тест тапсырады
-
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналын толтыру
| -
Әр топ өз ойларын жинақтап, сұрақ-жауап қойып, өз ойларын постерге сурет арқылы түсіріп, оны қорғайды.
-
Activоte-те тест тапсырады
-
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау журналына қол қояды.
|
«Бағалау» (1мин)
|
Бағалау парағымен жұмыс
Бағалау критерийлері
• Дербес жұмыс жасауы
• Жұпта жұмыс жасауы
• Практикалық білімі
• Тест жұмысы
Бағдаршаммен бағалау
|
Бағалау парағы бойынша бағалайды
Оқушылар бүгінгі күннен алған әсерлерін бағдаршаммен бағалайды.
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін жазып, тақтаға іледі.
|
Үйге тапсырма.
|
§1. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
|
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика 5 сынып күні: Пән мұғалімі: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.
|
Мақсаты
|
Оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Ақпарат ұғымы, оның түрлері, қасиеттері туралы кеңінен мағлұмат алады. Сабаққа деген қызығушылығын арттады.
|
Сілтеме
|
Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдері
|
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Ыстық орындық»
|
Ресурстар
|
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ
|
І. Ұйымдастыру
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Шаттық шеңбері»)
- Оқушыларды топқа бөлу («Компьютер», «Информатика» сөздері бойынша);
- Топта басшысын тағайындау.
|
Тапсырма түрлері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
«Білу» (5мин)
| -
- Өткен тақырып бойынша бір-бірлеріне сұрақтарға қойып, жауап беру.
(«Ыстық орындық» әдісі)
-
Жаңа тақырыпты игеруге көмектесу. Интерактивті тақтамен слайд көрсету. Өздеріне мысал келтірту.
| -
Әр топтан оқушылар шығып орындыққа отырып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
-
Оқушылар мұғаліммен бірге слайдтар бойынша жұмыс жасайды.
|
«Түсіну» ( 9мин)
| -
Ақпарат;
-
Информатика;
-
Ақпараттың түрлері;
-
Ақпараттың қасиеттері
| -
Оқушылар электрондық оқулықты тыңдап, мағлұмат алады. Ой қозғап, ой бөліседі.
|
«Қолдану» (9мин)
| | -
Оқушылар компьютерде тапсырмалар орындайды.
|
«Талдау» (6 мин)
| -
Өмірде және компьютерлік программаларда ақпараттың қандай түрлері кездеседі?-деген сұраққа ой қозғау
-
Постерді бағалау
| -
әр топ осы сұрақ көлемінде постерге өз ойларын жазып, талдайды, сызады.
-
Постерді қорғайды.
-
Әр топ қарсы топтың постерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..
|
«Жинақтау» теориясы (13мин)
| -
«Информатика», «Ақпарат» сөздеріне ребус құрау
-
Сұрақ-жауап
| -
Әр топ берілген сөздерге ребус құрап, оны шешеді.
-
Әр топ өз ойларын жинақтап, әр топ бір біріне сұрақтар қояды
-
Activоte-те тест тапсырады
|
«Бағалау» (1мин)
|
Бағалау парағы
Бағалау критерийлері
• үй жұмысы
• Компьютерде практикалық жұмыс
• Жұпта жұмыс жасауы
• Ребус
• сұрақ-жауап
• тест жұмысы
|
Бағалау критерийлері негізінде бағалайды
|
Рефлексия (1мин)
|
«Басбармақ»
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін білдіреді
|
Үйге тапсырма.
|
§2. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері.
|
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика 5 сынып күні Пән мұғалімі: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақпаратты өңдеу тәсілдері
|
Мақсаты
|
Тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпаратты жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, оны ажыратуды біледі.
|
Сілтеме
|
Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдері
|
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксамономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Жигсо», «Сұрақты ұстап ал!», «Сағат тілі бойынша серіктес»
|
Ресурстар
|
Оқулық, электрондық оқулық, интерактивті тақта, Activslate құрылғысы, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ
|
І. Ұйымдастыру
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Сағат тілі бойынша серіктес» )
- Оқушыларды топқа бөлу (түстер бойынша);
- Топта басшысын тағайындау.
|
Тапсырма түрлері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
«Білу» теориясы. (5мин)
|
-
Адам ақпаратқа қандай амалдар қолданады?
| -
Үй тапсырмаларын «Сұрақты ұстап ал!» әдісі бойынша мұғалім допты лақтыру арқылы әр топқа сұрақ қойып, топ жауап береді. Сосын топтар бір-біріне сұрақ қояды
-
Берілген сұрақ бойынша ой қозғап, ойларын айтып, мысалдар келтіреді
|
«Түсіну» ( 10мин)
| -
Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру. «Жигсо» әдісі
Ақпаратты сақтау, ақпаратты жөнелту, ақпаратты өңдеу
| -
Оқушылар берілген тақырып бойынша топта Жигсо әдісі пайдаланып тақырыпшаларды бөліп алып оқып, сосын топта талқылайды.
-
Мұғалім оқушылардың түсініктерін қорыта отырып, толықтырады, оқушылар ой бөліседі
|
«Қолдану» (9мин)
|
Компьютерде тәжірибелік жұмыс
| |
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..
| |
«Талдау» (13мин)
| -
Ақпарат қабылдаушы, ақпарат көздеріне мысал
-
Activslate құрылғысын пайдаланып, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау
| -
Әр топ берілген мысал бойынша ойларын жинақтап, постерге жазып, оны қорғайды.
-
Флипчарттағы тапсырманы Activslate құрылғысымен әр топ орындайды
|
«Жинақтау» (5мин)
| -
Тест тапсырады, жауабын тексереді
| -
Тақырып соңындағы тестті тапсырып, тақтадағы жауабы бойынша әр топ бір-бірін тесттерінің жауабын тексереді
-
Әр топ бір-біріне бүгінгі тақырып бойынша сұрақ қояды.
|
«Бағалау» (1мин)
|
Бағалау парағы
|
Парақтарына әр тапсырманың критерийі бойынша ұпайларын қойып шығады.
|
Рефлексия (1мин)
|
Оқушыларға кері байланыс жасау үшін парақтар таратады. Ондағы сұрақтар: Сабақ ұнағаны?
Сабақта ұнамағаны?
Сабақта нені өзгерткің келеді?
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін, ойларын параққа жазады.
|
Үйге тапсырма.
|
§3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері
|
а
Информатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Пәні: информатика 5 сынып күні Пән мұғалімі: Сагындыкова Гульнур Алашеровна
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.
|
Мақсаты
|
Ақпарат саны түсінігін енгізу, ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпарат санын анықтаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Компьютерде ақпаратты өлшеу тәсілдерін, «бит», «байт» ұғымдарын, ақпараттың өлшем бірліктерін, мәтіндік ақпарат санын анықтауды, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне ауыстыруды үйренеді.
|
Сілтеме
|
Электрондық оқулық, информатика 5сынып, пән бойынша әдістемелік нұсқау, Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдері
|
топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксамономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ОҮБ, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Константинополь», «ойлан, жұптас, бөліс», «Сағат тілі бойынша серіктес», «Бірге ойлаймыз»
|
Ресурстар
|
Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, слайд, постер, стикер, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, ОҮБ
|
І. Ұйымдастыру
|
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; («Сағат тілі бойынша серіктес»)
- Оқушыларды топқа бөлу (сурет қиындыларын құрастыру бойынша);
- Топта басшысын тағайындау.
|
Тапсырма түрлері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
«Білу» (10 мин)
|
-
Ақпаратты қалай өлшеуге болады?
| -
Интерактивті тақтадағы ұпайды басып, таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
-
Ой бөлісу, ой қозғау
|
«Түсіну» ( мин)
| -
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
«Ойлан, жұптас, бөліс»
| -
Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
-
Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта Жигсо әдісі пайдаланып тақырыпшаларды бөліп алып оқып, сосын топта талқылайды.
-
Мұғалім түсініктерін қорыта отырып, қорытындылайды, оқушылар ой бөліседі
|
«Қолдану» (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар)
| -
Компьютерде тәжірибелік жұмыс, оның орындалу жолын түсіндіру
| -
Әр оқушы компьютерде кітаптағы деңгей бойынша берілген тәжірибелік жұмысты орындайды Жұмыстарын қалай орындағанын, баяндап береді.
|
Сергіту сәті. (1мин)
|
Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен..
|
«Талдау» (5 мин)
| -
Дидактикалық тапсырмалар орындау
| -
Ақпараттың өлшем бірліктерін ауыстыруға, табуға дидактикалық тапсырмалар орындайды. 29-бет
-
Әр топ берілген негізгі сөзден көп қысқа сөз құрастырып, интерактивті тақтаға жазады. («Ақпараттандыру» сөзіне)
|
«Жинақтау» (5мин)
| -
«Бірге ойлаймыз» Сыни ойлауын дамыту.
| -
Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.
-
Activоte-те тест тапсырады
|
«Бағалау» практикасы. (1мин)
|
Бағалау парағы
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Парақтарына әр тапсырманың критерийі бойынша ұпайларын қойып шығады.
|
Рефлексия (1мин)
|
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым? Сұрақтарына жауап береді.
|
Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін, ойларын параққа жазады.
|
Үйге тапсырма.
|
§4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |