Негізгі бөлім 60мин
Ойын барысындағы нақты қозғалыстар.
Ойында 2 қарсылас команда ойнайды әр командада 6 ойыншыдан болады. Ойын 4 таймнан тұрады қай команда бірінші боп 25 ұпай жинаса, сол команда таймның жеңімпазы болып саналады. Ойын барысында тек 3 ойыншы ғана допқа тиуге болады. Әр команда құрамында 14 ойыншы болады, бірақ әр командадан аланға 6 ойыншы шыға алады.
Ойын тік төртбұрыш алаңда жүреді, көлемі 18х9 метр. Ойын алаңы ортасынан сеткамен бөлінеді. Сетканын биіктігі еркектердікі – 2,43 м, әйелдердікі – 2,24 м.
Тайм барысында әр команда жаттықтырушысы 30 секундтік 2 тайм-аут алуға құқығы бар.
Волейбол - спорты байланыссыз, комбинациялық түрі, қайда әрбір ойыншы алаңда қатал мамандандыруда болады. Тордың үстінде биік көтерілу волейбол ойыншыларына арналған өте маңызды қағида.
Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
Ойыншылардың алаңда ауысу ережесі
Қаптау - одақпен бәсекелес шабуылын жабу.
Самғау - аймақты қысқа жылдам пасты шабуылшыға, қолмен кезеңге доп жанасулары ауада орнында болуды байланыстырып тұратынмен, дайынның соққы түсіруіне арналған.
Шабуыл екінші екпін - түрі , қайсыда диагональдық шабуылшыны байланыстырып тұратын іске қосады .
Диг (dig ағылшынының) - қорғау соққы, орындалатын ырғуда, алақандарды сырт жақ жақпен соққымен жоғары доп көтеретін.
Құрту өңір - волейболға ойын негізгі мақсаты.
Доппен жүру жаттығулары:
Шеңбер бойы жүріп, допты жоғары лақтырып, оны астынан қабылдау.
Допты жоғары лақтыру, оны оңға-солға бұрылып, астынан қабылдау.
Оңға – солға секіру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, биікке беру.
Шеңбер бойы жүруде допты жоғары лақтырып, оңға-солға бұрылып, биікке беру.
Допты беруде оңға-солға секіру.
Допты жоғары және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.
1. Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, ары қарай қарсыласына көтеріп беру.
2. Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м. Допты қарсыласының қолына дәл беру керек.
3. Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта береді.
Допты төменнен қабылдауды меңгерту
4. Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету. Қол түзу тізені бүге сол немесе оң аяқты жарты қадам алға.
5. Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қолмен қабылдап, қайта береді.Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.
6. Арақашықтық 8-10 м. оқушылар қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.
Ойын басталғандағы бастапқы тұрыс
Волейбол ойынында ең әуелі, бастапқы тұрыс – ойын барысында еңкейіңкіреп, екі қолды шынтақтан бүгіп, басты көтеріп алдыға қарап тұру. Ұшып келе жатқан допты қағып алу үшін әр түрлі қозғалыстар орындалады. Алдыға, оңға, солға, аттау, допты қағу үшін секіріп барып қолға құлап түсу т.б. қозғалыстар орындалады.
Ойын барысында орындалатын бұрылыстар
Волейбол ойынында орындалатын бұрылыстар ойын процесінде негізгі рөл атқарады. Себебі, ойыншы ұшып келе жатқан допты қабылдап алу үшін міндетті түрде бұрылыстар орындайды. Ойыншы орнында тұрып бұрылуды, ұшып келе жатқан доптың бағытына қарай орындайды. Егер де доп тура келетіндей жағдай болғанда алдыға адымдап барып допты қайтарады. Жалпы бұл қозғалыстың барлығы доптың бағытына байланысты орындалады.
Допты ойынға қосу
Ойыншылар допты ойынға қосудың бірнеше түрін игереді. Бірінші – жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу. Допты шабуылдап ойынға қосқанда қарсы жақтың ойынын қиындатады. Әдетте, допты мұндай тәсілмен беруді меңгеру үшін иық-шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Қарсыластарға допты қатты ұшырып беру үшін қолын сермегенде иық-шынтақ буындары бос қалады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секірумен қатар, денені ауа кеңістігінде ұстай білу т.б. қасиеттерінің дағдылануына байланысты. Бұл құбылыс дененің үнемі қозғалыста болу қабілеттілігін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау нәтижесінде іске асырылады.
Екінші – бүйірден жоғарыдан шабуылдап беру. Бұл әдісте әрине қарсыластың ойындарын қиындата түседі. Бұған да допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосқан сияқты дағдылану керек.
Үшінші – допты астынан тура беру. Бұл әдіс допты жоғарыдан шабуылдап ойынға қосу сияқты емес, қарсыласына онша қауіп төндірмейді. Берілген бұл допты қарсыластар оңай қайтарады.
Төртінші – допты астынан жанамалап беру. Бұл допты да қайтарып беру үшін қарсыластарына қиыншылық тудырмайды. Міне, омындай әдістермен доп ойынға қосылады.
Допты беру және қабылдау.
Қарсыластардың берген добын қағып алып, өзара ойнап қарсыластарына шабуыл ұйымдастырады. Енді осы қарсылас жағынан ұшып келген допты қабылдаудың екі түрі бар. Біріншіден – екі қолмен допты астынан қағып алады. Өз әріптестеріне береді, ал өз кезегінде шабуыл ұйымдастырады. Доп қисынсыз ұшып келген жағдайда, онда бір қолмен де қағып алуға болады.
Қорғаныс әдістері
Қорғаныс кезіндегі алаңдағы, яғни доп түсетін орынды біліп тұру – ойыншының ерекше қасиеттері болып табылады. Доп төмен қарай және тез берілсе, ондай жағдайды тез бағдарлау, тез қозғалып допқа ұмтылып құлай түсіп, болмаса айналып барып қабылдау – жеңіс бастамасы болып табылады. Демек, доп үнемі бақылауда болады. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осындайда керек. Сөйтіп, арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол айла – тәсілдерін үйренуде негізгі рөл атқарады. Алаңның қарсы бетінде 6 ойыншы қорғаныс жүйесінде алға қарай бұрыш жасап, қарсыластарының шабуылын қайтаруға дайын тұрады. Қарсы беттегі нөмері 6, 3, 4, 2 алаңдарында орналасқан ойыншылар допты өзара біріне-бірі беріп, тордың үстінен шабуыл жасайды. Яғни, шабуылшы допты бар күшімен қарсыластарына қарай ұрады. Осы кезде қарсыластар тобы тосқауыл қояды. Осы сәтте, 6-нөмірдегі ойыншы 2-нөмірдегі шабуылшының орнын қорғауға барады.
Волейболда допты берудің тәсілдері
Волейбол ойынының ереже – талабы мынадай айла – тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір – біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою. Волейболдағы орын ауыстыру тәсілдерін тіркемелі адыммен, қосарланған адыммен, жүгірумен, секірумен, бағытты кенеттен өзгертумен және допты құлап бара жатып алумен орындайды.
Волейболда допты берудің екі тәсілі болады.
Допты жоғарыдан беру.
Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.
Допты төменнен беру.
Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.
|
|