Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары Білімділік мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі62,34 Kb.
#10527
түріСабақ
Джумагазиева Карлыга Тулеуқызы

Химия пәні мұғалімі

Қ. Сәтбаев атындағы№19 орта мектеп

Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Темір және оның қосылыстары
Білімділік мақсаты:

Периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру, табиғатта таралуы және физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы түсінік беру


Дамытушылық:

Химиялық реакция теңдеулерін жазу арқылы оқушылардың дағдылары мен біліктерін дамыту


Тәрбиелік:

Оқушының химия пәніне қызығушылығын арттыру


Сабақтың көрнекілігі:

Темір және оның құймалары. HNO3, H2SO4, HCl, FeCl3, Fe(OH)2, индикатор.


Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Сабақтың әдісі:

Сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыс, дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:

  1. Темірдің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы

  2. Табиғатта таралуы

  3. Физикалық қасиеттері

  4. Химиялық қасиеттері

  5. Темірдің маңызды қосылыстары

  6. Қолданылуы

  7. Есептер шығару




  1. Өз бетімен жұмыс.

Периодтық жүйедегі орны бойынша және атом құрылысына сипаттама (кестемен жұмыс)
Периоды 4 Реттік нөмірі 26
Қатары 4 ТЕМІР Атом массасы 56

Жер қыртысында 5% Валенттілігі 2,3


Қосымша VIII топ

Fe + 2в 2 8 14 2


Электрондық формуласы: 1S2 2S2 2P6 3S2 3P6 3d6 4S2 4P2



  1. Табиғатта таралуы

Табиғатта таралуы жөнінде төртінші орында. Жер қыртысында массалық үлесі - 5%.



Минералдың аты

Химиялық формуласы

Маңызды кен орындары

Магнетий

Fe3O4

Оңтүстік Орал, Курск магнит аномалиясы

Гематит

Fe2O3 (65% Fe)

Кривой рог аймағы

Лимоний

Fe2O3 * n H2O (60% Fe)

Қырым

Пирит

FeS2 (47% Fe)

Урал



  1. Темірдің физикалық қасиеттері

Күмістей ақ түсті

Иілімді

Темір Fe Тығыздығы 7,87 г/см3

15390 С балқиды

Магниттеледі



  1. Химиялық қасиеттері

Жай және күрделі заттармен реакцияға түседі.

О2


Cl2


Fe H2O + O2

H2SO4

CuCl2





  1. Химиялық ғажайып.

Қызықты тәжірибе: Шегенің мыспен қапталуы.

Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

Темір тотықсыздандырғыш ретінде электрохимиялық кернеу қатарында өзінен кейін тұрған металды ығыстырып шығарады.


  1. Темірдің биологиялық рөлі.

Тіршіліктің маңызды элементі. Қанның түсінің қызыл болуы темірге байланысты. Ол ағзаға оттегіні тасымалдайды. Темір жетіспесе адам қан аздық ауруына ұшырайды. Адамда 4-5 гр темір болады.

Темір кен орындары – Оңтүстік Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанда, Рудныйда, Қарағандыда, Павлодарда өндіріледі. Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр.


ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

а) Топтастыру жүргізіңдер


ТЕМІР


б) «Мені анықта»

Мақал сөзде де метал жүреді,

Металл қадірін халқым біледі.
Ескі мата сөз болмас, ескі _________ біз болмас.

Қойдың сүті ____________ .

От көмір жейді, тот ________ жейді.

Арпа, бидай ас екен, алтын _______ тас екен.

Пәлен жерде алтын бар, барсаң ________ та жоқ.
ІV. Оқулықпен жұмыс.

№136 бет №10



№138 бет №6
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма.

«Темір және оның қосылыстары» 138 бет §40-§41, №7,8 есеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет