М.Шаханов «Желтоқсан тағылымы» Сабақтың мақсаты:
Ақын өлеңінің негізгі идеясын, мазмұнын аша отырып, Тәуелсіздік ұғымы туралы білімдерін кеңейту, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы жайында толығырақ мәлімет беру.
Мазмұнға байланысты: Тәуелсіздік ұғымына және Желтоқсан оқиғасына қатысты ақпараттарды жан-жақты талдау, өлеңнің мазмұны арқылы өзара байланысын түсіну.
Сыни ойлауға байланысты:Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылармен пікір алмасу, сұрақтар арқылы талқылауға еркін орта құру, тақырыпқа байланысты ақпараттарды салыстыру, зерделеу, өмірмен байланыстыру.
Топқа байланысты: Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс барысында бір- бірінің ойын тыңдайды, тақырыпты талдайды, тәрбиелік мәнін ұғынып, тарихымызға құрметпен қарауға үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
«Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын жете түсінеді.
М. Шахановтың өмірі жайлы толық мағлұмат алады.
Желтоқсан тағылымын, жастардың бойындағы патриоттық сезімді түсінеді, үлгі алады.
Жаңа тақырыпты бүгінгі күнмен, тарихпен байланыстырып, тәлім-тәрбиелік мағынасының терең екенін ұғынады.
Нәтижені бағалау: Оқушылар ой қозғау (ассоциация) арқылы алғашқы білімдерін толықтырады, жаңа тақырыпқа қатысты ойларын топтастырады, эссе жазады. Қолданылатын құралдар: слайд, альбом, көрме, интербелсенді тақта, суреттер. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту: 1.Ойашар:
(Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу).
Амансың ба, Алтын күн!
Амансыз ба, Көк аспан!
Амансыз ба, ұстазым!
Амансың ба, достарым!
2. « Ассоциация» әдісі бойынша оқушылар алғашқы білімдерін еске түсіріп жазып шығады. 1 слайд.
ІІ. Мағынаны тану: Жаңа сабаққа даярлық кезеңі:
Қалай ойлайсыздар балалар, Тәуелсіздік пен 1986 ж «Желтоқсан оқиғасы» арасында қандай байланыс бар? (оқушылар жеке ойланып, топта талқылап ойларын топтастырып шығады.)