Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»



бет1/2
Дата11.03.2017
өлшемі405,89 Kb.
#11422
түріСабақ
  1   2
Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: ОІЖ орынбасары:

А.Асылбек Н.Балисанова

Дүкен негізгі мектебі

Тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

Сыныбы: 7-сынып

Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі Дербісова А.Ж.
2014-2015 оқу жылы


Күні: 7.03.2015 жыл

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1680-1715 жылдардағы Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Тәуке ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету, Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Тәуке ханның заңдарымен, ұлы билердің өмірі, тұлғасы туралы, кемеңгер қазақ билерінің қоғамдағы, халық тарихындағы елеулі еңбегі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ұғымдарды талдап, салыстырып, қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау, ойлау, қызығушылық, шығармашылық, ізденушілік, жауапкершілік қабілеттерін дамыту және алған білімдерін одан әрі тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне назарларын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге, жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Тәуке ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, көрнекілік, мәтінмен, өзіндік, жұптық, топтық, жекелеген, іздендіру жұмыстары, сыни ойлау, дамыта оқыту, қорыту әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Тәуке хан, билердің суреттері, буклет, тілек ағашы, түрлі-түсті стикерлер, қызыл түсті жіп, бейне ролик, сәйкестендіру тест, семантикалық карта, тест, бағалау парағы, кесте толтыру плакттары

Пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті, құқық негіздері

Күтілетін нәтиже:

- оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;

- алған білімін: жүйелей алады;

- оқушының ізденіс нәтижесі анықталады;

- өз ойын, пікірін ашық айта алады.

Оқу нәтижелері:

- оқушыларды өз бетінше ой қорытуы;

- оқушылардың өз ойын жеткізе білуге дағдыланады;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.


Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа материалды игерту

V. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

VІ. Жаңа материалды бекіту

VІІ. Қорытындылау

VІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

М: Сәлеметсіздер ме, балалар?

М: Отыра қойыңыздар.

ә) Сабаққа дайындықтарын бақылау.

М: Сабаққа дайынбыз ба?

б) Сынып ұжымының назарын сабаққа аудару.

М: Бүгінгі сабағымыз өте ерекше болмақ және сабағымызға мектебіміздің мұғалімдері қонақта.
в) Психологиялық дайындық.

М: Сабағымызды бастамас бұрын: бір-бірімізге тілек айтайық.

Менің қолымдағы қызыл жіпті бір-бірімізге лақтыру арқылы тілегімізді білдірейік.



г) Сабақтың ұраны:

М: Тарих сабағымыздағы ұранымызды еске түсірейік.

«Бір-бірімізді тыңдаймыз,

Қате кетсе түзейміз,

Ойымызды толықтырамыз,

Белсенді боламыз».
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

М: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

О: Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.

М: Сабаққа дайынбыз ба? (Оқушылардан сабақ сұралады).

М: Ендеше орындықтарының арқалығына түрлі-түсті стикерлерге сұрақтар жазылып, жасырылады. Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен оқушыларға орындақтарының арқалығындағы сұрақтарға жауап берулеріңді талап етемін. Балалар, егер жауабына қанағаттансақ 3 рет қол шапалақтаймыз.

Жасырылған сұрақтар:

1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).

8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Сәйкестендіру тест.




Қазақ хандығын басқарған хандар

Қазақ хандығында билік еткен жылдар

1.

2.


3.

4.


Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан


(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).




ІV. Жаңа материалды игерту

М: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы»

Топтастыру әдісі.

Балалар, «хан» сөзін топтастырайықшы. Хан қандай болу керек?

Ел биледі Батыр Ақсүйек, беделді


Хан

Дана, ақылды Көреген


Қолбасшы Әскерлердің жоғарғы басшысы болды

Шонжар, сұлтандар сайлады

Қазақ хандығы тұсында елді басқарған Тәуке хан және қазақ мемлекетінің саяси өмірінде билердің орны өте жоғары болды. Сол хандардың бірі – Тәуке хан мен ұлы билердің бірқатарына тоқталып өтеміз.


Жаңа сабақтың жоспары:

1. Тәуке хан қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 (1718 ж.ж.).

2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

3. «Жеті жарғы».

4. Ұлы билер.

а) Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.).

ә) Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.).

б) Әйтеке би (1682-1766 ж.ж.).

М: Сабақ «Кубизм» әдісі бойынша, жаңа тақырып туралы мен сендерге мәліметтерді таратам, сендер оқып, бір-бірлеріңе сабақты түсіндіресіңдер. Оқып дайындалып алуға 5 минут жеткілікті деп ойлаймын. Кубикті лақтырып, нөмірленгені бойынша жоспардағы тапсырма туралы мәліметті түсіндіресіздер.

1. Тәуке хан қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

ХVІ ғасырдың ортасында Батыр қонтайшының билікке келуіне байланысты жоңғар мемлекетінің күш-қуаты артты. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643,1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтың хан тағына 1628-1652 жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.

Таққа отырмай тұрып-ақ оның ерлік істері жалпақ қазақ арасы былай тұрсын, көрші елдерге аңыз болып тарады. Жәңгір хан болған уақыт жоңғарлардың күшейген кезі еді.

Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Жәңгір асығыс, көп қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.

Жоңғар әскерлері 1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.

Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 (1718 ж.ж.).

Тәуке жас кезінен-ақ билікке араласқан. Хан тағына отырған соң, Қазақ хандығының асқынған ішкі феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты.

Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізді, Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сонымен қатарсұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Билерден құрылған «хандық кеңестің» рөлін арттырды. Ханның қарсаңындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.

«Билер кеңесі» Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңында Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілетін.

Хан дауы мәселелерді шешуде билер сотының беделін арттырып, оларды келісімді үкім шығаратын ерекше органға айналдырды. Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.

«Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды. Өзінің билігін нығайтуда Тәуке хан «би-батырлар» кеңесіне де сүйенген.



2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Хандық таққа Тәуке хан отырғанда, елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды. Ақсүйектер арасы да қайшылыққа толы еді. Ру-тайпаларға билік жүргізген үстем тап өкілдерінің арасында өзара ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіп, ұлғая түсті.

Тәуке ханның алдында қойған басты – мақсаты ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.

1681-1685 жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті.

1967 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.

3. «Жеті жарғы».

Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басына күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Міне, осы Күлтөбенің бассында күнде кеңес болған кезде «Жеті жарғы» заңдары (ережелері) жасалған. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы атанған, үш кемеңгердеп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып, қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз «әділдік» деген ұғымды білдіреді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.



«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды:

1. Жер дауы.

2. Үй іші мен бала тәрбиелеу.

3. Ұрлық-қарлық, барымта.

4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.

5. Ұлтын жаудан қорғау.

6. Құн дауы.

7. Жесір дауы.

«Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.

4. Ұлы билер.

ХVІІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды.



Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж.). Төле би Әлібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы Жүздің басшысы. Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға қатысқан. Төле би Әлібекұлы ХVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойында Әулиеата маңындағы Жайсаң, Жайлау деген жерде дүниеге келген. Төле жастай араб, парсы тілдерін жақсы білген. Шығыстың аңыз-әңгімелері, қисса-дастандарымен таныс болған. Әке тәрбиесінің арқасында билікке ерте араласып, сенімнен шыға білген. Алғыр тапқырлығымен, әділдігімен көрініп, жастайынан ел ішіндегі жер дауы, жесір дауына араласып, кесімді шешім айтып отырған.

Өзінің шешендік пен шебер жеткізе білген сөзінің қуатты күшімен, көрегендік танытқан даналығымен халықтың ойынан шығады.

Әз Тәуке дүниеден өткеннен кейін Қазақ хандығы жекелеген аймақтарға ыдырай бастады. Бұл кезде талай жылғы соғыстардан кейін Түркістан қалаларындағы өнеркәсіп пен сауда мүлдем құлдырап кеткен еді. Төле би халықты алауыздық пен өзара қырқыстан сақтандырды. Жоңғар қаупінің алдын алу үшін дипломатиялық шаралар қолданды. Ресейге екі рет елшілік те жіберді. Ол орыс Патшасының бодандығына өсуге асықпады. Қазыбек және Әйтеке билермен бірге қазақ халқының одан әрі өмір сүруіне пайдалы сыртқы саясаттың қағидаларын жасады.

Төле би 93 жасында қайтыс болып, Ташкентке жерленген.



Қаз дауысты Қазыбек би (1667-1764 ж.ж.). Халқымыздың айтулы кемеңгер айтулы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбек – шешендігімен дараланып, көзге түскен тарихи тұлға. Оның аты әйгілі Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Әйтеке билермен қатар аталады. Қазыбектің шын мәніндегі шешендігі мен жер жарған кешегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес жылдары бүкіл қазақ даласына жайылады. Ол халқымыздың басына ауыр күн туып, не ел болу, не құрып кету қаупі төнген қиын сәтте суырылған шешендігімен, алғар да білгір көсемдігімен ел намысын қорғады.

Қазыбек би Келдібекұлы – Қазақ хандығының аса көрнекті, мемлекет қайраткері, мәмілегер, Орта жүздің бас биі. Төле және Әйтеке билермен бірге «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Қазыбек есімі екі елдің арасын бітістіруші батыл елші парасатты мәмілегер ретінде мәлім.

Ұзақ сөзбен емес, ұрымтал оймен, ұшқыр қиялымен саралай отырып, дәлелді жеткізетін сөздері – шешеннің еш нәрседен қайтпайтын қайсар әрі шешен, әрі батыр екенінің дәлелі.

Өзінің мәмілегерлік қызметін Қазыбек Келдібекұлы 18 жасында, Қазақ хандығының Жоңғар хандығына, Қалданға жіберген елшілігінің құрамында болған кезінде бастаған. Осы сапарда бірінші рет оның мәмілегер ретіндегі таланты байқалды. Дәл соның арқасында Жоңғарлармен болған келіссөздер өте сәтті өтті және бітіммен аяқталды.

Қазыбек би – Қазақ хандығының сыртқы саясатының негізгі қағидалары болып табылатын қанатты сөздердің авторы.

Елші ретінде Қаз дауысты Қазыбек би бірнеше рет Жоңғар хандығына барды.

1740 жылдар Малайсарымен және басқаларымен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкеледі. Қазыбек би Қазақ және Жоңғар мемлекеттерінің арасындағы бейбіт келісімді ұзақ уақытқа бекітуге қол жеткізді.

Қазыбек би 40 – 60 – жылдары қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастарына басшылық жасады. Ол кезде Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өміршең болып тұрды. Қытай өкіметіне де, Ресей өкіметіне де келіссөздерді Абылай мен және оның белсенді бейтарап саясатын ұстанған Қазыбек бидің қатысуымен жүргізуіне тура келді.

Әйтеке би Байбекұлы (1682-1766 ж.ж.). Қазақтың әйгілі де айбарлы билерінің бірі – Әйтеке. Ол Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтеке би жастайынан - ақ әр түрлі дау - дамай, талас – тартыста суырылып шығып, тілмар шешендігімен жұртты таңғалдырған. Әйтеке басқа билермен бірге «Күлтөбенің басында күнде жиын» атанған тарихта белгілі ауыр кезеңде қалмақ басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. (1682 - 1766) – Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. Қазақ хандығының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Жасынан ауыл молдасынан сауатын ашқан. Оның шешендік қасиеті ерте жастан белгілі бола бастаған. Жеті жасынан бастап аталары Ақшахан мен Жалаңтөс батыр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Әйтеке өзінің атасы Ақшадан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренген. Ал, батыр Жалаңтөстен әскери өнерді меңгерген.

21 жасынан ол бүкіл Бұхара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. Әйтеке би «Жеті жарғы» әдет-ғұрып, заңдар жинағын құруға қатысқан. Ұзақ жылдар бойы Кіші жүзді биледі.

Оның өмірден білген-түйгені мол, өз заманының ақылгөй данасы екенін көрсетеді. Әйтеке би Қазақ хандығының бірігуі, біртұтас әрі күшті мемлекет болуы үшін, әділетті қоғам жолында күресті. Әз Тәуке кезінде Қазақ елінің билік басына келген бұл көсемдер қиын уақытта мемлекетті сақтауға орасан зор қызмет жасады.

(Буклеттен суреттері көрсетіліп, таныстырылады).



Осы бөлім бойынша бағалау парағына бағалау.
V. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

Тапсырмалар:

Сызбаны аяқта: Топтық жұмыс.

а)
«Жеті жарғы»



Жарғы ұғымы

Әділдік деген ұғымды білдіреді




Шығарылған уақыты

17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басы




Қай ханның тұсында

Тәуке хан тұсында



Неше бағыттан тұрады

7 бағыттан тұрды


Осы бөлім бойынша бағалау парағына бағалау.
б) Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы


Жеті жарғыда қарастырылған мәселелер



Жер дауы



Үй іші мен бала тәрбиелеу




Ұрлық-қарлық, барымта



Бір халық пен басқа ру арасындағы дау




Ұлтын жаудан қорғау



Құн дауы



Жесір дауы


Осы бөлім бойынша бағалау парағына бағалау.
в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар.


Хан мен билер

(1682-1766 ж.ж.)

(1663-1756 ж.ж.)

1680-1715 ж.ж.)

(1667-1764 ж.ж.)

Тәуке хан







+




Төле би




+







Қазыбек би










+

Әйтеке би

+











Осы бөлім бойынша бағалау парағына бағалау.
VІ. Жаңа материалды бекіту

Тест

1. Тәуке ханның ел билеген жылдары:

а) 1523-1538 жылдар

ә) 1582-1598 жылдар

б) 1598-1628 жылдар

в) 1680-1715 жылдар +

2. Тәуке хан ел билеуде кімдерге арқа сүйеді?

а) сұлтандарға

ә) билерге +

б) ақсақалдарға

в) батырларға

3. Тәуке ханның тұсында жасалған заң жинағы

а) «Қасқа жол»

ә) «Жеті жарғы» +

б) «Ескі жол»

в) «Билік кесім»

4. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:

а) Қазақ жерін кеңейту

ә) Жоңғарлармен келісімге келу

б) Хан билігін нығайту +

в) Қытаймен одақ құру

5. «Жеті жарғы» заңы неше бағытта:

а) 7 +


ә) 5

б) 6


в) 10
Осы бөлім бойынша бағалау парағына бағалау.
VІІ. Қорытындылау

Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерің, қандай жаңа ақпарат алғандарымызды, қандай ақпарат білгіміз келетінімізді және сабақтағы әсерлерімізді, көңіл-күйімізді қолымыздағы алма бейнеленген стикерлерді «тілек ағашына» ілеміз.


VІІІ. Бағалау.

Жаңа ғасыр талабы

Ізденулер заманы

Бүгінгідей сабақта

Жетістіктер болады.

Оқушыларды әр бөлімдегі алған бағаларына қарай қорытындылап бағалау.




Оқушының аты-жөні

Жаңа тақырып

Сызбаны аяқта

Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңы

Семантикалық карта

Тест


Қорытынды

Айболқызы Айнагүл



















Сағидоллаұлы Аманжол



















Серімжанқызы Үміт



















Ұзақбай Гүлжанар




















ІХ. Үйге тапсырма

Үйден:

1. «Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы» тақырыбын оқып түсінік айтуға дайындалу

2. «Егер мен хан болсам?» тақырыбында эссе (әңгіме) жазу.

3. «Тәуке ханның Жеті жарғысына қандай баға берер едің?» деген тақырыпта эссе (әңгіме) жазып келу.

4. Тәуке ханға 5 жолды өлең құрастыру.



Мысалы:
1. Зат есім: (1) Тәуке

2. Сын есім: (2) батыр, қолбасшы

3. Етістік: (3) биледі, біріктірді, бағындырды

4. Сөйлем: (1) «Жеті жарғы» заңын шығарған

5. Синоним: (1) Хан
М: Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.

1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).

8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).


1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).

8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).

1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).

8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).


1. Есім хан қай жылдардың аралығында хан тағына отырды? (1598-1628 ж.ж.)

2. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған Бұхар әскерін жеңіп шықты. (1611 жыл)

3. «Қатаған қырғыны» болған жыл: (1627 жыл)

4. «Заң» құрастырып, ол билерге ұнап қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)

5. «Қасым ханның қасқа жолы» заңының арқасында қазақтың күшті мемлекеті құрылғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы қайтадан дағдарысқа ұшыраған еді. Осында қиын кезде Есім хан мемлекет билігін қолға алып, ішкі-сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Осы кезде ел аузында қандай аңыз сақталған? («Есім ханның ескі жолы»).

6. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған заңдары неге байланысты айтылған? (Далалық заңдарға).

7. Есім хандығының астанасы – (Түркістан).

8. Есім хан қай жылы қайтыс болды және қай кесенеде жерленген?

(1628 жылы қайтыс болып, Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген).

Сәйкестендіру тест. Аманжол




Қазақ хандығын басқарған хандар

Қазақ хандығында билік еткен жылдар

1.

2.


3.

4.


Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан


(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).



Сәйкестендіру тест. Үміт




Қазақ хандығын басқарған хандар

Қазақ хандығында билік еткен жылдар

1.

2.


3.

4.


Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан


(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).



Сәйкестендіру тест. Гүлжанар




Қазақ хандығын басқарған хандар

Қазақ хандығында билік еткен жылдар

1.

2.


3.

4.


Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан


(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).



Сәйкестендіру тест. Айнагүл




Қазақ хандығын басқарған хандар

Қазақ хандығында билік еткен жылдар

1.

2.


3.

4.


Қасым хан

Хақназар хан

Тәуекел хан

Есім хан


(1511 – 1518 (1523 ж.ж).

(1538 – 1580 ж.ж).

(1582 – 1598 ж.ж).

(1598 – 1628 ж.ж).



в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар. Аманжол


Хан мен билер

(1682-1766 ж.ж.)

(1663-1756 ж.ж.)

1680-1715 ж.ж.)

(1667-1764 ж.ж.)

Тәуке хан













Төле би













Қазыбек би













Әйтеке би













в) Семантикалық карта. «Мағынаны айыр». Жекелеген жұмыстар. Үміт


Хан мен билер

(1682-1766 ж.ж.)

(1663-1756 ж.ж.)

1680-1715 ж.ж.)

(1667-1764 ж.ж.)

Тәуке хан













Төле би













Қазыбек би













Әйтеке би














Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет