Сабақтың тақырыбы: The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі87,69 Kb.
#31706
түріСабақ
Ағылшын тілі пәні, 7-сынып

(Қысқа мерзімді жоспар)
Сабақтың тақырыбы: The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland

Мақсаты: Оқушылардың Ұлыбритания тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтау, Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия мемлекеттері жайлы білімдерін бекіту.

Міндеттері

  • Топта жұмыс жасау кезінде бір-бірін силауға, тыңдауға қалыптастыру

  • Сөздікпен жұмыс жасау. Жаңа сөздерді ауызекі тілде айта алу мен жаза алу.

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай білуге дағдылану.

Сабақ түрі: Блум таксономиясы

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, ажырату, салыстыру, топтау жинақтау, дәлелдеу, ізденушілік

Жұмыс түрі: Топтық, жұптық , жеке

Пән аралық байланыс: География

Күтілетін нәтиже:

  • Ұлы Британия мемлекеттері жайлы маңызды нәрселермен танысады. Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия мемлекеттері жайлы біледі. Өз ойларын ағылшын тілінде жеткізе білу қабілеттерін арттырады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интербелсенді тақта, слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері, қосымша материалдар, ватман, фломастер



Оқыту әдістері: Диалог, СТО, сәйкестендіру, Вен диаграммасы, синквейн, ИНСЕРТ, бағалау.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топқа бөлу әдісі: Ұлы Британия мемлекеттерінің жалауларымен 4 топқа бөлу

Дерек көздері: Интернеттен қосымша мәліметтер, Ағылшын тілі оқулығы, сөздік, ұялы телефон
Сабақ құрамы
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Психологиялық ахуал.

Мақсаты: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру арқылы балаларды бүгінгі сабаққа даярлау.

Күтілетін нәтиже: Сыныпта жағымды психологиялық ахуал болады

М.ә.: Оқушылармен сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау;

Good morning students! How are you? I’m fine, thank you! Sit down please!

a) Checking up pupils’ attendance

b) Talking about weather and season



О.ә.: Мұғаліммен амандасады, көңіл-күйлерімен бөліседі

Good morning teacher! We are fine, thank you! And you?


Топқа бөлу 2 минут

Мақсаты: Оқушыларды топпен жұмыс жасауға бағыттау

Күтілетін нәтиже: Оқушылар топқа бөлініп отырады

М.ә.: Оқушыларды мемлекеттердің жалаулары арқылы топқа бөлу.

О.ә.: Үстел үстіндегі жалау суреттерін алып 4 топқа бөлініп отырады
Ой қозғау 2 минут

Мақсаты: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Күтілетін нәтиже: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды

Look at the screen. How do you think, what is the theme of our lesson?

М.ә.: Оқушыларға интербелсенді тақтадағы суреттерге қарап сабақтың тақырыбы мен мақсатын қоюды сұрайды.

О.ә.: Оқушылар суреттерге қарап сабақтың тақырыбын анықтап, мұғаліммен бірге мақсатын қояды


  1. Білу 5 минут

Мақсаты: Ұлы Британия жайлы білімдерін тексеру

Күтілетін нәтиже: Ұлы Британия жайлы айта алады

М.ә.: Интербелсенді тақтадан Ұлы Британия жайлы сұрақтарды оқиды

1. What is the capital of Great Britain?
2. What is the population of Great Britain?
3. What is the area of Great Britain?
4. How many parts are there in Great Britain?
5. How many islands are there in Great Britain?
6. What are the main Islands?
7. Is the UK smallest country in the world?
8. What are the largest rivers?
9. What can you say about the climate?
10. Is Great Britain largest city of the world?
11. What do British people grow?
12. Where is the UK situated?
13. Is Great Britain rich in natural resources?


О.ә.: Жауаптарын дәптерлеріне жазады, әр топтан бір оқушы оқиды, қалғандары жауаптарын тексереді

Бағалау

Критерий

(Дұрыс жауабын айту)

Дискриптор

10-13 сұраққа жауап берсе (3 ұпай)

6-9 сұраққа жауап берсе (2 ұпай)

1-5 сұраққа жауап берсе (1 ұпай)






  1. Түсіну 3 минут

Мақсаты: Жаңа сөздердің қолданылуы туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа сөздерді суреттермен қолданып есте сақтайды

England

Scotland

Elizabeth II

Tower Bridge

Big Ben

Buckingham palace

Stonehenge

Bagpipe

Thistle

Edinburgh

Nessie

Castle

Scottish kilt


М.ә.: Тапсырманы түсіндіреді.

О.ә.: Интербелсенді тақтадан тапсырмаларды орындайды. Топ бойынша оқушылар сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
Бағалау

Критерий

Сәйкестендіру.




Дискриптор. Сөздерді дұрыс табу

10-13 (3 ұпай)

6-12 (2 ұпай)

1-5 (1 ұпай)



Интонациясы жақсы. (2 ұпай)

Интонациясы нашар. (1 ұпай)




  1. Қолдану 8 минут

Мақсаты: Оқушының қиялын, сөздік қорын дамыту.

Күтілетін нәтиже: Тақырыпқа сәйкес қажетті сөздерді, мәліметтерді пайдаланады, жоба дайындайды, қорғайды

М.ә.: Please prepare the project about these countries.
I’ll give you some information about these countries and you can use dictionary, and your phone mobile

Тапсырма, нұсқау, қосымша мәліметтер таратып береді.



О.ә.: Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Үлестірілген материалдарды, сөздіктерін, ұялы телефондарын қолданады. Әр топ ортаға шығып жобаларын қорғайды
Бағалау

Критерий

Мәтінмен жұмыс, жоба жасау



Дискриптор

Мазмұндылығы. 2/1

Безендірілуі. 2/1

Түсіндіріп, жеткізе білуі. 2/1





  1. Талдау 5 минут

Мақсаты: Мемлекеттердің айырмашылығын зерттейді

Күтілетін нәтиже: Алған білімдерін Вен диаграммасымен орындайды.

М.ә.: Complete theVenn diagram. Вен диаграммасын толтыруды сұрайды

О.ә.: Вен диаграммасын толтырып топ бойынша оқиды
Бағалау

Критерий: Вен диаграммасын толтыру
Дискриптор:

Вен диаграммасын толтырды, ұқсастықтарын тапты. (2 ұпай)

Вен диагараммасын толтырды бірақ ұқсастықтарын таппады (1 ұпай)


  1. Синтез 5 минут

Мақсаты: Оқушыларды шығармашылық тұрғыдан дамыту.

Күтілетін нәтиже: Өз ойларын білдіре алады.

М.ә.: Write Cinquain about countries. Синквейннің ережесін естеріне түсіреді

О.ә.: Қалаулары бойынша жеке, жұппен, топпен орындайды
Бағалау

Критерий:

5 жолды өлең жазу



Дискриптор:

Өз ойын толық жеткізе алды (2 ұпай)

Өз ойын толық жеткізе алмады (1 ұпай)





  1. Баға 4 минут

Мақсаты: Тест сұрақтары арқылы өз білімдерін тексереді

Күтілетін нәтиже: Өзіндік ой қорытады.

Test yourself

1. What is the national symbol of England?
a) red rose b) daffodil

c) shamrock d) thistle
2. What is the capital of England?
a) Edinburgh b) Cardiff

c) Belfast d) London
...........................
8. WhatisthenationalsymbolofScotland?
a) redrose b) daffodil

c) shamrock d) thistle

М.ә.:

Интербелсенді тақтадағы сұрақтарға жауап беруді сұрайды. Дұрыс жауабын интербелсенді тақтадан кқрсетеді



О.ә.:

Әр оқушы жеке тест сұрақтарына жауап береді. Оқушылар парақтарын ауыстырып бірін-бірі тексеріп ұпайларын шығарады


Бағалау

Критерий:

Тест сұрақтарына жауап беру




Дискриптор

7-8 (3 ұпай)

5-6 (2 ұпай)

1-4 (1 ұпай)



Бағалау 3 минут

Мақсаты: Сабақтан алған білімдерін бағалау

Күтілетін нәтиже: Критериялар бойынша бағалайды

М.ә.: Бағалау парағын қорытындылауды сұрайды

О.ә.: Топ басшылары дискриптор бойынша балдарын есептеп, қорытынды бағасын шығарып, шыққан ұпай бойынша бағалайды
Рефлексия 4 минут

Мақсаты: Өткен сабақ бойынша оқушылардың ойын білу

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ИНСЕРТ әдісі бойынша сабақты қорытындылайды
INSERT


I knew

I have known

I want to know











М.ә.:

Оқушыларға ақ параққа шығарылған кестені таратып береді



О.ә.: Оқушылар сабақта үйренгендерін және тағы не үйренгілері келетіндерін жазады
Үй тапсырмасы 2 минут

Мақсаты: Үй тапсырмасын беру, бүгінгі сабақтың бағаларын қою

Күтілетін нәтиже: Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, бағаларды күнделіктеріне қойдыртады

М.ә.: Келесі сабаққа Elizabeth II туралы мәліметтер жинап келу

О.ә.: Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет