Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
№1-тапсырма: Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді,
берілген жаттығуларды орындатды.
8-тапсырма. Жазылым.
Қоштасу сөздерін белгілі бір жағдайда қолданылатынын дәлелдейтін сөздер құрайды.
1. Ал жақсы, әзірше, әзірге. 2. Көріскенше! Көріскенше күн жақсы! 3. Сәт сапар! Сапарыңыз сәтті болсын! 4. Аман барып, сау қайтыңыз! 5. Қош, қош-қош, қайыр қош. 6. Ақ жол, амандық болсын! 7. Жол болсын!
9-тапсырма. Жазылым Тірек сөздерді сөйлеу жағдаяттарына қарай топтап жазады.
Дескриптор: Жалпы – 4 балл. -Кестені толтырады.
5-сынып оқулығы, жұмыс дәптері
№3-тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
11- тапсырма. Айтылым-Жазылым.
Төмендегі тыйым сөздер сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтады. Тыйым сөздердің мағынасына сай суреттер салады.