Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі
Сабақтың мақсаты:
тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.
Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?
1-жаттығу (сюжетті суретпен жұмыс)
Сөйлеседі
Хабар береді
ТІЛ АРҚЫЛЫ пікірлеседі
Білмегенін сұрайды
Кеңеседі
3-жаттығу (ауызша)
Адамдар сөйлесуді қашан бастаған?
Сөйлесу не үшін керек?
«Дүкенде» сюжетті ойын
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін жеткізу
Үйге тапсырма:
Сөйлеу не үшін қажет? (ата-аналарынан сұхбат алу)
Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік. Ауызекі сөйлеу ерекшеліктері. Дауыс күші, сазы — ауызекі сөйлеудің мәнерлеуші құралдары. Ауызекі сөйлеу кезіндегі дене қимылы және ым. Жазба тілде сөйлеудің ауызекі сөйлеуден өзгешілігі.
Алғыс айту. Танысу кезінде қолданылатын сөздер. Пікірталас кезіндегі сыпайылық: «меніңше, менің ойымша, солай деп ойлаймын» және т.б. сөздерді қоддану. Телефонмен әңгімелесу.
*Оқулықпен жұмыс: 9-10-11-жаттығу
12-жаттығу (дәптерге) ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Жұмбақты оқып, шешуін табу
13-14-15-жаттығу
Жауаптардың қайсысы дұрыс?
Сурет бойынша әңгіме құрау
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Телефонмен ауызша әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының емлесі. 16-19 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
У дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ У дыбысының емлесі. 16-19 жаттығу
А)У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз екенін білу
Ә)ТАПСЫРМАЛАР
*Жұмбақ , есіңе сақта! Жұмбақ, дауысты, дауыссыз, буын, үш жалқау
*Өлеңдегі көп нүктенің орнына у дыбысын қою, артығын тап, уылдырық сөзін талдау, мәтінге ат қою,
*Есіңде сақта! У дыбысын көп нүктенің орнына қою, құрамында у дауысты болатын заттың атауын тап, сөздерді топтастыру, мәтінді және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау
КІТАППЕН ЖҰМЫС:
16-жаттығу өлеңді көшіріп жазу
17-жаттығу Фигура түсіне қарай сөздерді топтастыру
18-жаттығу Ребусты шешу ЖЕКЕ ЖҰМЫС
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 19-жаттығу «Жайлауда» тақырыбына әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болуы. 20- 24 ж.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының дауысты болуына назар аударту.
Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөле білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ У дыбысының дауысты болуы. 20- 24 ж.
А) 20-жаттығу (өлеңді оқып, у дыбысы бар сөздерді буынға бөлу)
Өздік жұмыс 21-жаттығу (өлеңді жатқа жазып, у дыбысын бар сөздердің астын сызу)
Ә)ЕСТЕ САҚТА!
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады:сурет, керуен, улап-шулап, ушықты
Б) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:
22-жаттығу (сөздерді мағынасына қарай топастыру)
ЗАТТЫҢ АТЫ: сусын, сауысқан, сатушы, бауыр, саумал,қурай
Заттың сыны: зәулім, тәуір,
Заттың саны:елу, елуінші
Қимыл атауы: қыдыру, келу, сапыру, кесу
23-жаттығу СӨЗДЕРДІ БУЫНҒА БӨЛІП ЖАЗУ
ЖАЙЛАУ, БАУЫР, ОТАУ, ЕЛЕУІШ, ТӘУЛІК, УАҚЫТ, УЫЛДЫРЫҚ,УЫЗДАЙ
Дәлелде:
У….дауыссыз, өйткені дауысты дыбыстан кейін келіп тұр
РЕБУСТЫ ШЕШУ
Туған жер
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Ережені оқу, у дыбысы бар сөздерді жазу
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауыссыз болып айтылуы. 25-28ж.
Сабақтың мақсаты:
У дыбысының дауыссыз болуына назар аударту.
Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөлуге және сөздерді қатыстырып сөйлем құрай білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
У дыбысының дауыссыз болып айтылуы. 25-28ж.
А) ЕСТЕ САҚТА!
*Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады:әуе, Зәуре, уақыт
*Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады:сурет, керуен, улап-шулап, ушықты
Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС
25-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, салыстыру) ЖАУЫН ЖАУДЫ.
Жауын алады. ————- көзді қуантады
Жауын жауады.///////////// жаңбыр жауады
26-жаттығу (берілген сөздерге у әрпін қосып жазу)
Қу-қуу, жу-жуу, бу-буу, сау-сауу, жау-жауу
Б)ЖЕКЕ ЖҰМЫС
28-жаттығу
(у дыбысы бар сөдерді көшіріп жазып, дауысты у әрпінің астын бір рет, дауыссыз у әрпінің астын екі рет сызу)
СУЫР, ЖАЛПАҚТАУ, СУЫРДЫҢ, САРҒЫШТАУ,СУЫР, БАЛАУСА, АУЛАЙДЫ, СУЫРДЫҢ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 28-жаттығу (сөздерді қатстырып сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 29-31 ж. Сөздік диктант№1
Сабақтың мақсаты:
У әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыру және сөз ішінен орнын таба білуді үйрету. Қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 27-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ
У әрпінің жазылуы. 29-31 ж. Сөздік диктант№1
А) Сөздік диктант №1 У әрпінің емлесі
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы
Тапсырмалар: 1)Сөздерді буынға бөліп жаз
2)Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3)Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.
Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС
29-жаттығу (өлеңді оқу, у дыбысы бар сөздерді табу)
30-жаттығу (сөздерді түсініп, у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру)
ТУ, ТУРА, ШУДА, БУРА, ЖУАС, СУРЕТШІ, ОҚУШЫ, ШАШУ
32-жаттығу (ребусты шешіп, әңгіме құрау)
,, (аққу) қу ,, (сиыр) ыр ,,, (бұршақ) шақ
ҚУЫРШАҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 31-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)—14-бет
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 33-38 ж.
Сабақтың мақсаты:
У әрпінің дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау, сөздерді салыстыру. Сөздерге у әрпін қосып жазғандағы өзгерісті ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 31-жаттығу (суретші, шуда, жуас сөздерін қатыстырып, сөйлем құрау
ІІІ. Жаңа сабақ У әрпінің жазылуы. 33-38 ж.
А) 33-жаттығу (у әрпінің қандай дыбыстардың орнына жазылғанын түсіндіру)
ЖАЗУШЫ, СУ, ӨСУ, ЖУАН, ТУРА, ОҚУ, ЖУУ, АШУДАС, ОҚУШЫ
35-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
СУСЫН
36-жаттығу (у дыбысының дауысты, дауыссыз екендігін дәлелдеу)
ДӘУІР, СУЛЫ, БАУЫР, САУЫСҚАН, САУЫСҚАН, ЕГЕУ, САТУШЫ.
37-жаттығу (әңгіме құрау)
ШИПАЛЫ СУСЫН
Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған.Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалуға көшкен.
Қымыз. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады.
Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады.Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады.
Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі “Мцыри” санаторийінде И. Аникин жүргізді.Биелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ, АД-100 және ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалануға болады.
Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады.Торсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі. Саба — пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар сиымдылығы 100-150 литр тері қап. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
…Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, —
деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
Кеңестік кезеңнің өзінде Қазақстанмен қоса Ресей және басқа да республикаларда қымызды науқас түрлеріне шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу-сауықтыру орындары болған екен.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыз — шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз — дертке шипа, денеге күш.Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!
Шұбаттың емдік қасиеті
Күнде жейтін ас-ауқатымыз химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалғалы бері адамзат денсаулығына зор қауіп төнді. Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит т.б. көптеген дерттер ушығып шыға келді. Дерт атаулының өршу себептерінің бірі азық түлігіміздің ластануында болып отыр. Қазақ атамыз: «Асы саудың – дені сау» деп бекер айтпаған. Сондықтан да қазақтың денсаулығы мықты болсын десек, дүниеге аяқ қолы балғадай сау ұрпақ әкелеміз десек, асымызды адал қылып ішейік. Осы мәселені тағамдық рационымызға қазақтың ұлттық тағамдарын енгізу арқылы шешуге болады. Бүгін әрі сусын, әрі қорек, әрі шипа болып табылатын шұбатты әңгімемізге арқау етпекпіз. Қазақ үшін түйе — қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардың сүті – ем, еті — азық, жүні — киім. Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелер мен жиделер, шекпендер мен көрпелер дайындаған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиеті барын анықтады.Түйе сүті — қоректік заттарға өте бай сусын. Мәселен, қымыздың құнарлылығы 528 ккал болса, сиырдікі — 660 ккал, ал түйенікі — 911 ккалға тең. Бір литр шұбат адам ағзасының витаминдер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. Шұбат ішкен адам күні бойы тоқ жүреді. Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Шармановтың айтуынша, түйе сүтінің созылмалы өкпе, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының қа-бынуын емдеудегі қасиеті клиникалық апробация арқылы дәлелденген. Сондай-ақ инфаркттың, ин¬сульттің алдын-алуда маңызы зор, қант диабетіне, қатерлі ісікке де шипасы бар. Табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жоғарлатып, ми тамырларына сергектік пен демалыс береді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа.Ұлттық сусынның дайындалу процесі де күрделі емес. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.
Ойсылқара түлегі сүтінің құрамында лактоферрин деген зат бар. Адам ағзасында да лактоферрин деген белок бар. Ол ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Белоктың басты биологиялық қызметі темір иондарын байлайды және оны тасымалдайды. Ағзаға қандай да бір бактерия мен вирус келіп түссе, лактоферрин бірден оның көзін жоюға әрекет етеді. Лактоферрин сүттің құрамында болатындықтын жаңа туған сәбиді ана сүтімен қоректендірудің қандай маңызды екенін біле беріңіз. Медицинада лактоферрин белогының вирустарға қарсы белсенділігі жоғары екендігі анықталған. Оның герпес 1, цитомегаловирус, ВИЧ, гепатиттің С-түрі, хантавирус, ротавирус, полиовирустың бірінші түрі, аденовирус, респираторлық синцитиальді вирус, тышқанның лейкоз Френд вирусы тәрізді дерттерге қарсы әсері күшті. Вирустарды бактериялардан бөле-жара айтып отырған себебіміз, ХХІ ғасырдың медицинасы вирустық ауруларды емдеуде дәрменсіз. Әлемде вирустың көзін жоятын бірде бер препарат әлі дүниеге келген жоқ. Қазіргі дәрі-дәрмектер тек вирустың салдарын ғана емдейді. Ал шұбат сол вируспен күресе алады екен.Ауада батериялар мен вирустар толып жүр. Біздің ағзамыз олармен секунд сайын күресіп бағуда. Кедейдің ауруы саналатын туберкулезбен қазір ауқаттылар да науқастанып жатқан тұста, ағзамыздың ауруға қарсы иммундық жүйесін нығайту әрқайсымыз үшін қажет-ақ. Ендеше, денсаулығымызды нығайтуды ойласақ, шұбат ішуді әдетке айналдырайық.Шұбатты негiзiнен 14 күнге дейiн сақтауға болады. А оны ұзақ сақтау үшін Шымкенттік ғалымдар Академик Асылбек Баймұхановтың басқаруымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дастанбек Баймұханов, ғылым кандидаты Мүсәтiллә Тоқанов және Болат Тоқанов таблетка түріндегі шұбатты шығарудың технологиясын ойлап тапты. Шұбаттың құрғақ ұнтағы үш жылға дейiн жарамды. Оның 1 таблеткасында 1,24 грамм шұбат бар. Мұндай өнiм ағзаның жұмыс қабiлетiн арттырып, ерлердiң әлеуетiн көтередi, әйелдердiң климаксы кезiнде көмегі зор. Ал, балалардың белсендi iс-қимылын арттырып, денсаулығын бiршама нығайта алады. Шұбаттың бiр таблеткасыбұл табиғи “биологиялық белсендi қоспа“ секiлдi емдiк қасиетке ие. Сондай-ақ, Мүсәтiллә Тоқанов ол таблетканы маскүнемдікті емдеуге де қолдануға болатынын айтады. Шұбат таблеткасын “Химфарм-Santo“ кәсіпорны шығарып жатыр. Шипалы шұбат өндiрiсiне Жапонияның, Еуроодақтың, АҚШ және Австралияның тауар өндiрушiлерi қазiрден бастап қызығушылық танытып жатыр. Егер мықтап айналысса, қазақтың емдiк қасиетi мол сусыны мемлекеттiк брендiге айналатын өнiм болуы да ғажап емес.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 34-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді
көшіріп жазу)
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 39-41 ж.
Сабақтың мақсаты: У әрпінің дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау, сөздерді салыстыру. Сөздерге у әрпін қосып жазғандағы өзгерісті ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 34-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ У әрпінің жазылуы. 39-41 ж.
А) Ы,І ӘРІПТЕРІНЕ АЯҚТАЛҒАН СӨЗДЕРГЕ У ӘРПІ ҚОСЫЛСА, Ы,І ӘРІПТЕРІ ТҮСІП ҚАЛАДЫ: оқы-оқу, тасы-тасу
38-жаттығу (сөздерді салыстыру)
39-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айту, сөздерді оқу, салыстыру, жазылуына назар аудару)
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім-бәрі де
Оқуменен табылған.
Оқу-оқы, тоқу-тоқы, шоқу-шоқы
40-жаттығу (у әрпін қосып жазу)
Жылы-жылу, торы-тоу, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору, қоры-қору
41-жаттығу «Аққу-киелі құс»
Аққу-киелі құс.
Аққу- қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшілігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлық деген екі түрі кездеседі.
Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
Құстарды қорғау – біздің міндетіміз.
Мақсаты: Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері,көбеюі, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін дамыту,қоршаған ортаны қорғау.
Күй әуенінде : Ақ, қара, қызыл түстер… Сырттай қарасаңыз,үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап ,айтса тіл жетпейтін ,көрсе көз тоймайтын жауһардың жауһары,асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық бұл!
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су
Таранып қаранады жан-жағына
Сұлуды тасалама көк торғын бу !
Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы – аққу кіршіксіз тазалықтың , қылаусыз да кінаратсыз пәктіктің символы.
Күн сәулесі күлімдейді. Баяу желмен тербелген
толқын үстінде кішкене мөлдір көзі жаудырай, ұзын мойнын алға созып
а йналаға кербез қарап жүзіп бара жатқан осы бір құстың адамның жан дүниесіне тартқан сыйына тіл безеп жеткізу мүмкін емес!
Абзал аққу-сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу- ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің
Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы-7-13 кг, қанатының құлашы 1,5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан- наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.
Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде БҚО ның су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш- қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
Қара қудың отаны- Австралия. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап қара дене аумағында айрықша көрінеді. Кезінде түрік сұлтандары қара қуларды сарай хауыздарында сәндікке бәсекеге ұстаған.
Аққу- қаздар -ежелгі түріктер мен қазақтардың төтемі болған. Аққуды- олар “қу” деп атайды. Алтай түріктері қумандардың атамекені қумания деп атаған. Өзінің этникалық атау сақтаған алтайлықтар қу өзені бойында әліде өмір сүреді.
Аққулар 3-9жұмыртқа табады. 38-45күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2метрге жетеді. Жұмыртқа шайқайтын -аналығы. Бұл кезде аталығының жарғақ құлағы жастыққа тимей жұбайына жем тасумен болады. Аққудың дене қызуы -41-42 0 градус, ал жүрек соғысы 260-300 болады
Құс жұмыртқасының жауы- жылан. Ол жұмыртқаны көрсе бітеу жұтады, таңдамайды, талғамайды, халық арасында “жылан екеш жыланға дейін аққудың жұмыртқасына тимейді екен” дейді. Бірақ шындығына келсек аққу жұмыртқасы өте үлкен болғандықтан, жылан оны жұта алмайды.
Аққудың балапанын- көгілдір деп атайды. Анасындай аппақ болмасада көгілдірдің көркемдігі көз тоярдай ерекше. Тіпті өспей ақ осы қалпында тұра берсе деген ой еріксіз есіңе түседі. «Бесік баласы бес түлейді» деген мақалға сай, олда 3-4 түлеп барып, шын аққуға айналады.Көгілдір 4-жасқа дейін ата анасының жанында жүреді.
Халық өлеңдері:
Айналайын, қарағым кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай,
деген өлең жолдары аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
«Жалғыз аққу» әні тыңдалынады (оқушы орындауында)
Төрт жасында аққу толысып ,иір мойын ,қызыл аяқ,пісте мұрын,сүмбіл қанатты нағыз құс төресіне айналғанда аталық аналық болып жұп құрады.Аталық аққуды — «саһар» деп аталады.
Аққулар жұп құрғанда өзге құстардай «бірде барсың, бірде жоқ жүрген емессің» ұстанымен емес, өле-өлгенше бір-біріне серік болуға уағда беретін көрінеді.
Аналық аққуды атасы ұзатады екен де, аталық аққуды анасы әкеліп қосады екен.Кәдімгі құда түсіп, қыз ұзатқандай салтанат- мереке .Сол күннен бастап ,олардың жұптары жазылмайды.
Аққулар күндіз бірге жайылады, бірге серуендейді, түнде біріне бірі сүйеніп ұйықтайды.Бұл кезде салмақтары 15-20 кг-ға дейін ,қанат қарымы 2метрге жетеді.
Аққу -жыл құсы. Жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы- көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Аққулар 30-40жыл өмір сүреді.
Аталығы мен аналығын ажырату қиын. Жалғыз айырмашылығы-көктемде аталығының тұмсық үстіндегі қара дағы ұлғайып алыстан айбат шеккендей анық көрінеді.
Аққулар өте тату құс. Басқа құстардай бажылдасып, шақ-шақ етіп ұрсысып,шоқысып ,төбелесіп, сабаласып қалу бұларға жат. Үндемейді, үнсіз түсініседі. Сұлулығы адамдарды ғана емес, өзге қанаттыларды да таңқалдыратын секілді.
Жанынан қос аққу өтіп бара жатқанда үйрек қаздар шетке ысырылып жол береді. Мұны әдемілікке табыну дейсіз бе , жоқ, әлде, алып құстан қаймығу дейсіз бе патша көңіліңіз білсін!
Мойнын судан көтеріп, қанатын сәл ғана көтеріп қомдай бастаған тұсы -аққу біткеннің ең әсем кезі!. Мұны көруге көз керек. Екі аққу бірін-бірі үнсіз түсініп, қатар жүзіп келе жатқанда құс атаулының арасында да көп некелілері болатынын ойлаудың өзі обал сияқты.
Аққулар туралы ән де, жыр да, күй де жеткілікті.Чайковскийдің «Аққу көлі», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Н .Тілендиевтің « Аққу» атты күйі аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
Неткен құдірет! Ғажайып жыр! Ақынның арманы орындалды! Өзі өлгенімен поэзия көгінде , жыр дариясында аяулы ақынның аппақ аққу , ақ қанат құстары қалықтай самғап жүр!
Мұқағали ағамыздың талантына бас иген ұлы адамдардың бірі – Нұрғиса Тілендиев.
Жүзе берсін ару құстар табиғаттан сыр ұғып ,
Келбетімен тартып жүр жанға жайлы жылылық.
Туған өлке табиғаты аң-құсымен ажарлы
аққуларды аялау ,адам үшін аса заңғар ұлылық!
Татулықты паш етіп жүр аққу құсым-аруым,
Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.
Аққу келсе сағынып туған жеріне,
Жас балаша қуанған күллі аймақ, ауылым.
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген
Аққу ойлап, мұңлы-зарлы күйге енем.
Тыныштығы бұзылмасын ,жазылмасын жұптары
Тазалықты , сыйластықты аққулардан үйренем,”- деп ақын жырлағандай , аққулардай сыйластық ,достастықтарың кіршіксіз таза болсын дегім келеді!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 40-жаттығу (у әрпін қосып жазу)
Жылы-жылу, торы-тоу, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору, қоры-қору
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Жайлауда»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыпты қайталап пысықтау. Сөз ішіндегі у дыбыстары дауысты және дауыссыз екендігін ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Өткен сабақты қайталау
А)Суреттер бойынша әңгімелету
Ә) МӘТІНДІ ОҚЫП, МАЗМҰНЫН ӘҢГІМЕЛЕТУ
Бақылау диктанты №1
Жайлауда
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық.
Тапсырмалар:
1)Сөз ішінде у дыбысы дауысты және дауыссыз дыбыс болатын сөздер жаз.
2)Сөздерді буынға бөліп жаз
Жайлау, уылдырық, бауыр, қауын, аула
Б) ЖҰМБАҚТАР ҚҰРАСТЫРУ
Қой, жаңбыр
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы 42- 46 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
И,й әріптерінің жазылуын ұғындыру. Сөз ішіндегі и,й әріптерінің дауысты, дауыссыз екендігін білуге үйрету. Ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Бақылау диктантына қатемен жұмыс
ІІ. Жаңа сабақ И,й әріптерінің жазылуы 42- 46 жаттығу
КӨРКЕМ ЖАЗУ
Ии
й
тиін
айна
42-жаттығу (суретке қарап заттардың атын жазу)ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Киік, сиыр, тиін, инелік
43-жаттығу (сөздерді буынға бөліп жазу)
Жи-ыр-ма, жи-на-лыс,и-не, би-ік, ки-ік,жи-ек
ЕРЕЖЕ: И дыбысының алдында ы,і естілгенімен, олар жазылмайды: киік, сирек
44-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, и әрпі бар сөздерді тауып астын сызу)
Ие керек итке,
Ине керек жіпке,
Иба керек қызға
Иық керек жиекке
46-жаттығу (топпен жұмыс)
Ит
Ирек
Ибалы
Инелік
Итмұрын
Инабатты
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 45-жаттығу
(Диірмен, жиек, тәрбиеші сөздерін қатыстырып сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы 47- 51 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
И,й әріптерінің жазылуын ұғындыру. Сөз ішіндегі и,й әріптерінің дауысты, дауыссыз екендігін білуге үйрету. Ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
45-жаттығу
(Диірмен, жиек, тәрбиеші сөздерін қатыстырып сөйлем құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ И,й әріптерінің жазылуы 47- 51 жаттығу
инелік
инабатты
47-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, и,й әріптері бар сөздерді табу)
Тырналар
Ассаңдар да талай белден
Ұшсаңдар да тым биік,-
Біздің елдей қарсы алды кім,
Қарсы алдыңнан күн күліп?!
Қазақтың кең даласындай
Дала қандай бар елде?
Жер жәннатын дәл осындай
Көрдіңдер ме әлемде?!
И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса. Й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.
48-жаттығу (жатқа жазу, и әрпінің астын бір, й әрпінің астын екі рет сызу)
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
*Иір мүйіз деген не?
49-жат (көп нүктенің орнына тиістісін қойып, жұмбақтың шешуін табу)
Ине бел, қылқа мойын қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)
Жүз төрт түйме,
О бір ине (есепшот)
50-жаттығу ӨЗДІК ЖҰМЫС И,й әріптері бар сөздерге мысал келтіру, дәлелдеу
ИНЕ И-дауысты, себебі….
Айна Й-дауыссы, себебі,,,,,,
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 51-жаттығу ТИІНДЕР (әңгіме құрау)
Достарыңызбен бөлісу: |