Талдау
(тірек сөздерді пайдалану)
Жаттығулар жұмысы.
Бағалау критерийі:
- термин сөздің мағынасын түсіне алуы;
-тірек сөздерді пайдаланып,өз бетінше жұмыстануы;
-грамматикалық сауаттылығы.
Уақыты: 5 минут
1-топ. 59-жаттығу (1)
2-топ. 59-жаттығу. (2)
3-топ. 60-жаттығу. (1)
4- топ. 60-жаттығу.(2)
1,2- топ. Фразеологизмдердің мағынасын анықта
1.Аузының суы құру
2.Көсегесі көгеру
3.Місе тұтпау
4.Күлін көкке ұшыру
5.Шыбын шаққан құрлы көрмеу
6.Кежегесі кейін тарту
7.Жұмыртқадан жүн қырқу
8.Жүрген жеріне шөп шықпау
9.Қара аспанды төндіру
10.Күн жаумай су болу
|
Өзін топта ұстай білу, өз ойын өзгенің ойымен салыстыру, толықтыру дағдысы қалыптасады
3,4- топ. Фразеологизмдердің мағынасын анықта
1.Бос белбеу
2.Жұлдызы қарсы болу
3.Көзайым болу
4.Бүйрегі бүлк етпеу
5.Айылын жимау
6.Маңдайы тасқа тимеу
7.Тауы шағылу
8.Шөптің басын сындырмау
9.Ұнжырғасы түсу
10.Тонның ішкі бауындай
|
Пайымдау
(Ойтолғау жасау)
|
Бағалау критерийі:
- жаңа тақырып бойынша қорытынды жасауы;
-ереже қорыта алуы.
Тест сұрақтары
1. Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін. (Қазтуған жырау)
Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шансам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
А) Инверсия В)Теңеу С)Метафора Д)Эпитет Е)Егіздеу
2. Осындағы асты сызылған сөз троптың қай түрі екенін табыңыз.
Қанды көз қайқаң етіп шықса аспанға . (Абай)
А) Кейіптеу В)Эпитет С)Метонимия Д)Теңеу Е)Метафора
3. Үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз.
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған......
Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман.. (І.Жансүгіров «Әнші»)
А)Аллитерация В)Метонимия С)Метафора Д)Кейіптеу Е)Теңеу
4.Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай,- деген суреттеудегі көркемдігіш құралдарды көрсетіңіз.
А)Алмастыру В)Теңеу С)Ауыстыру Д)Астарлау Е) Кейіптеу
5. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес ,
Нәзік бел талшыбықтай бұраңдайды . (Абай)
А)кішірейту В)теңеу С)кейіптеу Д)метафора Е)шендестіру
|
Өз білімін бағалауға дағдыланады, ынтымақтастық пайда болады
|
|