- Егер нулы жердің нуын, сулы жердің суын, аққулы көлдің сәні сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.
«Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту.
Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп.
Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!
Үйге тапсырма: Мына сөз тіркестерін қатыстыра отырып, мәтін құрау.
Керекті сөздер: Жұлдызды түн. Айсыз ашық аспан. Кәусар ауа. Әсем әуен. Таулы жер. Мүлгіген дала. Тылсым табиғат. Терең ой. Келбетті жігіт. Көркем қыз. Нәзік сезім. Шалқар көл.