Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет- елге құрмет Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет1/2
Дата06.06.2022
өлшемі20,93 Kb.
#146104
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Салам


Сабақты өткізуші мұғалім:Мұңайтбас Ринат


Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет- елге құрмет
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру;
Ә) дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс , анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге тәрбиелеу.

Б) тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тақырыптық кеш сабағы.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ- жауап, тақырыпқа арналған кеспе қағаздармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, «шешендіктануға» байланысты кітап көрмесі.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2.Еліміздің әнұраны
3.Мектеп оқушыларының анты
4.Саяси хабарлама
РЕКЛАМА

5.Қорытынды


Мұғалім:
Оқушылар , біз білеміз ана тілі десек, барлық өткен кеткеніміз есімізге түсіп, сөнгеніміз қайта жана түспек. Ана тілі десек, халқымыздың қазіргісі мен болашағы көз алдымызға келмек. Яғни, ана тіліміз арқылы халық тағдыры, ұлт болашағы өлшенбек. Тіліміз арқылы ұлттық мүддеміз бен мүмкіншілігіміз айқындалмақ. Демек, тіл тағдыры- ел тағдыры. Тілдің дамуы- елдің дамуы. Сонымен қатар,тілге құрмет-елге құрмет болып табылмақ!
Туған елімізді, туған жерімізді, Отанымызды, отбасымызды ана тілі арқылы қабылдасақ бізден асқан бақытты ұрпақ жоқ шығар сірә. Тілдің сойылын соғып, тіл үшін отқа түсіп жатқан аға- апаларымыз қаншама. Міне біз солардың ерен еңбектеріне аз ғана үлесімізді қоспақпыз. Сіздер жас ұрпақ ретінде ана тіліміздің одан әрі көркейтіп, дамуына ат салысуларың керек. Ендеше, тілім деп , елім деп соққан жүрегі бар алаштың айбынды ұл-қыздарын 22- қыркүйек тіл мерекесімен құттықтаймын!
1995 жылы 30 – тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі ҚР Мемлекетттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының тілі- қазақ тілі» екені жазылды. (Дәптерімізге жазып аламыз!
Оқушылар өз өлеңдерін айтады

  1. Оқушы Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
Әбу Сарсенбаев
Әділжан

  1. Оқушы Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта ту дым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске.
Айта бергім келеді, айта бергім.
Жұбан Молдағалиев
Тілек

  1. Оқушы Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
Дихан Әбілов
Сержан

  1. Оқушы Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Әбділдә Тәжібаев
Аманат

  1. Оқушы Ана – тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағып.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
« Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.
Мұсафар Әлімбаев
Дәурен

  1. Оқушы туған тілім – анам тілін,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Ерлан
Мұғалім:
Ал, балалар, енді бәріміз түгелдей назар аударып мына мақал- мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.
Тіл- адам ойының…. (айнасы)
Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі)
Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)
Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)
Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)
Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ)
Жақсы сөз-… (ырыс)
Сөз тапқанға… (қолқа жоқ)
Ел тірегі-…. (тіл)
Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ)
Мұғалім:
Ендеше, кім бізге өзінің жадында жүрген асыл сөздерді айтып береді?Мақалдан соң кезекті ақындардың асыл жырларына берсек. Тіл туралы тебіренбеген жан кемде –кем. Қане, кім бізге тіл туралы жыр оқып береді?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет