Сабақтың тақырыбы: Тілге құрмет- елге құрмет Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет2/2
Дата06.06.2022
өлшемі20,93 Kb.
#146104
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Салам
Документ (12), док, порт рио, 10 А класс, Реле-2 зерт, Еліміздің сыртқы қарызын бақылау және басқару, №2 Қан ОМ и ПФ ПР^MБОӨЖ - 2022-23 (копия)нн, Hepatopotectors(1)
Мұғалім: Ендеше оқушылар, мына сөз тіркестерінің мағынасын тауып көрелік!
Көздің жауын алады — әдемі, керемет;
Тілі мірдің оғындай — өткір, шешен
Тонның ішкі бауындай – Бірлік;
Айдай аузы, күндей көзі бар- әдемі, керемет;
Айрандай ұйып отыру- Бірлік;
Дәм-тұздас болу-дос
Аспан айналып жерге түскендей-ыстық
Көз байланды -қараңғылық
Ит өлген жер-алыс
Қас пен көздің арасында –жылдам
Мұғалім: Мінекей оқушылар білімімізді сынап көрдік. Бұл тіліміздегі тіркестердің аз ғана бөлігі. Барлық сөз түбіне үңілер болсақ біз көп нәрсені оқып үйренуіміз керек. Сонда ғана біз өз ана тілмізге тереңнен үңіле аламыз.Ендігі кезекті ой-толғауға беріп көрсек. «Жасай бер, ана тілім- қазақ тілі!» атты оқушылардың ой- толғауын тыңдап көрсек?
Мұғалім:  Ал келесі оқушылар,үйден дайындап келген тіл туралы асыл сөз,мақал-мәтелдерін оқып, бір мақалды талдап береді? Кезек сіздерде…
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана емес, мемлекеттік тіл. Міне, осыны бір сәтке де естен шығармауымыз керек!
Біздер «Жылы лебіз» стратегиясы бойынша өз ана тілімізде бір- бірімізге тілек айтып көрелік: (парталас көршісіне арнап тілек айтады)
Оқушы
Ана тілім- бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің- анаң сыйлап өтіңдер.
Қорытынды
Мұғалім: (Оқушылармен бірге)
Туған тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!
Мұғалім: Ата- бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық.Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет