Сабақтың тақырыбы: Тілім барда айтылар сөз ойдағы Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата06.02.2023
өлшемі26,61 Kb.
#167623
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Тілдер күні тәрбие сағаты


Бекітемін:
Директордың ТІЖО: М.Нурекешова







Білім беру ұйымының атауы

Егіндікөл ЖОББМ

Пәні:

Тәрбие сағаты

Педагогтің аты-жөні:

Сюндюкова Алтынбобек

Күні:

05.09.2022

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты
ру

Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тақырыпты ашу.


Ұлттың негізгі символдарының бірі-Тіл
Ұлтты не біріктіреді-Тіл
Жер бетінде қандай тілдерді білесіңдер?

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренгенің жөн болар
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Мұғалім презентациясы



Сабақтың ортасы

Бейнематериал


Жеке жұмыс
Тақтада көрсетілген сұрақтарға нақты әрі тез жауап беріңіздер.

----1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.


---Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген.


---Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.


---А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.


---Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.


---Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1% неміс тілінен аударылады.


Жұптық жұмыс
Берілген карточкалардағы өлең жолдарының авторын табыңыздар


Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
С.Торайғыров


Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ, ардың, —
Жауыз тағдыр жойды бәрiн не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бiр белгi боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тiлi, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тiлiм,
Таза, терең, өткiр, күштi, кең тiлiм,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тiлiм!
М.Жұмабаев

Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Қадыр Мырза Әли
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
І.Жансүгіров


Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
М.Шаханов




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет