Сабақтың тақырыбы: Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Танысу Мұғалімнің аты-жөні: Э. Асылбекова


Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады



бет2/16
Дата11.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110754
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚМЖ қазақ әдебиеті 5 кл 4-тоқсан

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

әдеби шығарма

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі. Оқырман

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Тапсырманы орындаған әр балаға смайликтер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут



Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?



Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Тынымбай Нұрмағанбетов


Тынымбай Нұрмағанбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Бірлік» кеңшарында дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетін бітіргеннен кейін еңбек жолын көп тиражды «Су құрылысшысы» газетінен бастаған. Қызылорда облыстық радио комитетінде істеген. «Жазушы» баспасында редактор қызметін атқарған. 1981 жылы М.Горький атындағы Жоғары әдебиет курсын бітірген. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлық коллегиясында қызмет істеген.


Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шықты. Содан бері бірталай кітабы жарық көрді. Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылды. «Қош бол, ата», «Қарлығаштың ұясы» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, «Жалын» альманахы бірлесіп өткізген жабық конкурста жүлде алған. Орыс тілінде шыққан «Қауын иісі» кітабы үшін Бүкілодақтық М.Горький атындағы конкурстың дипломына ие болды (1981). Халықаралық Қазақ ПЕН клубы сыйлығын алған (2000). «Құрмет» орденінің иегері (2006).
«Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы.
Шығармалары: Қош бол, ата. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Қарлығаштың ұясы. Повесть пен әңгімелер. А., «Жазушы», 1975; Ата қоныс. Әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дарияның арғы беті. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1981; Ата қоныс (орыс тілінде). М., «Молодая гвардия», 1984; Бәйтеректер. Повесть, әңгімелер. А., 1986; Туған ауыл түтіні. Роман. А., 1989; Балалық шақтың әндері. Повестер мен әңгімелер. А., 1994; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1997; Айқай. «Өнер», 2000; Екі томдық таңдамалы. А., «Өлке», 2005–2006; Ауғандық құстар. А., «Жазушы», 2009.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет