Сабақтың ортасы
5мин
5мин
3мин
7 мин
5мин
10мин
5мин
|
Сабақтың тақырыбын ашу.
Тақтада тыныс белгілерінің суреттері ілініп тұрады.
Оқушыларға тыныс белгілерін көрсетіу.
Сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет ететін қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер бар. Тыныс белгілер сөйлем ішіндегі осындай сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін ерекшелей, айтылар ойдың табиғатын айқындап көрсететін қызмет атқарады.
үтір (,) Мен, Айдын, Әсем үшеуміз келдік.
қос нүкте (:) Айтарын білдім: тас-түйін боп алған
жақша () Толғауы тоқсан қызыл тіл. (Абай).
тырнақша («») «Жас келсе іске» деген сөз бар
сызықша (-) Үйде шешен, — дауда жоқ.
Т ыныс белгілері туралы не білетіндерін
2)Тыныс белгілерінің қолдану ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.
Н үкте туралы өлең.
Сұрақ:
Нүкте өлеңде өзі туралы не айтқан?
Тыныс белгілерінің бірінің атынан әңгіме немесе диалог құрастыру.
Мысалы: Тыныс белгілерінің айтысы.
Бір күні нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі, үтір,
сызықша, қос нүкте кездесіп қалыпты. әрқашан өзін
тыныс белгілерінің ішінде біріншімін деп санайтын
нүкте:
Мен белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты
қойыламын, дұрыс қойылмайтын болсам, сөйлем
түсініксіз болып шығады, не екінші бір мағына
туындайды. Мен дүниедегі бар сөйлемдерден кейін
қойыламын, менен асқан кім бар? – деді.
Керемет, керемет, - деді сұрақ белгісі, - не,
жауап күту мақсатымен айтылған сұрау мәнді
сөйлемге де сен қойыласың ба?
Жоқ, мен сендерден де қажеттімін. Адамның
әр түрлі көңіл-күйін: қуанышты, сүйінішті, өкінішті,
ренішті, бұйрықты, зекіруді т.б. білдіретін, ерекше
көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлемдерге сендер
келесіңдер ме? Жоқ, ең кереметі менмін! - деді леп
белгісі.
Тоқтат, тоқтай тұрыңдар! - деді кенеттен үтір.
– Біз де босқа жүргеніміз жоқ. Сендер ойдың
аяқталуына байланысты болсын, белгілі мақсатпен
болсын, адамның әр түрлі көңіл-күйіне байланысты
қойылсаңдар да мейлі. Енді бізге сөз кезегін беріңдер.
Үтір, сызықша, қос нүкте сөз кезегін алды:
Біз де тыныс белгілерінің ішінде жиі
қолданамыз. Сөйлемнің құрылысына, мағынасына,
интонацияға байланысты қойыламыз.
Бос әңгіменің не керегі бар, -деді қос нүкте, -
ерік беріп қойса мақтанады-ақ екенбіз. Әркім өз
орнын біліп, қызметін атқара берсін, сонда ол
мақтауға тұрады.
Оқушылардың кез-келген тыныс белгісі жайлы
не білгендерін, не білуге тырысқандықтары жайлы
осы шығарма сияқты әңгіме жазуға дағдыландырып
көруге болады.
Сергіту сәті.
Бой жазу сергіту сәттері (қозғалыс-сөз)
Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшт
|
Тыныс белгілерінің суреті
Оқушылар шеңберге тұрады
|