№5 С. Ысмайылов атындағы жалпы орта мектептің биология пәні мұғалімі Асанова Динара
Сабақтың тақырыбы:
Тірі ағзалардың көп түрлілігі.
Зертханалық жұмыс.
Оқу мақсаты:
8.1.1.1. Балдырлар мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттау.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: Балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақ тәріздестер, ашықтұқымдылар және жабықтұқымдылар мысалында өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды
Оқушылардың басым бөлігі: Өсімдіктердің түрлерін анықтайды, ажыратады.
Кейбір оқушылар: өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талдай алады.
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
«Сұрақты қағып ал» әдісімен сұрақ-жауап арқылы іске асырылады. Оқушылардың белсенділігі, ынтасы артады.
«Миға шабуыл»
Әдісімен сұрақ-жауаптар арқылы оқу мақсаттарын меңгереді. Зертханалық тәжірибені меңгеріп, топпен жұмыс жасайды
«Бас қатырғыш базары» әдісінде ашық және жабық тұқымды өсімдіктер арқылы кестені толтыру барысында белсенді, тапқыр оқушыларды анықтайды.
Нәтижесінде оқушылар алдыңғы білімді қайталап, еске түсіреді. Бұл үдеріс оқушыларды өзеркімен жауап беруге ынталандырады
Нәтижесінде оқушылар оқу мақсатын меңгереді, саралаудың келесі тәсілі арқылы нәтижеге қол жеткізеді.
Нәтижесінде «Еркін жазу» әдісі арқылы кері байланыс алып, оқушылардың қажеттілігін анықтаймын.
САРАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Ширату «Миға шабуыл» әдісінде қарқыны жоғары оқушыларды анықтап аламын. Оларға әртүрлі ресурстар қолдану арқылы жеке тапсырмалар беремін. Қарқыны баяу оқушыларға «Т» кестесін толтыруды ұсынамын
Топпен жұмыс (зертханалық тәжірибе) жасауда оқушылар әртүрлі тәжірибелер жасайды. Соңында өз нәтижелерін баяндайды. Яғни саралаудың келесі тәсілі нәтижеге қол жеткізеді.
Бағалау сабақтың өң бойында жүзеге асырылады. Бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейлері анықталып, сабаққа деген ынталарын арттыруға септігін тигізеді. Бағалау оқушылардың деңгейлерін анықтауға тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыруға бастама береді.
Қалыптастырушы бағалау мақсаты – оқу үдерісінің барысында мұғалім мен оқушы қызметін түзету. Қалыптастырушы бағалау оқу нәтижесін жақсартуға бағытталған
«Биологиялық диктант» әдісінде
«Миға шабуыл» әдісінде
«Ыстық орындық» әдісінде
«Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады
Қошемет сөздері арқылы бағалау Керемет, жарайсың, тамаша!
Смайликтер арқылы бағаланады
Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |