Сабақ (2)
|
Қазақ әдебиеті
|
Сынып: 9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Төле бидің шешендік сөздері “Ердің бақыты - әйел”
|
Күні:
|
07. 03. 2019 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Шенгелбаева Алия Бикасымовна
|
Мектеп:
|
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған орта мектебі
|
Бөлім атауы
|
“Атадан қалған асыл сөз”
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
А/И: 9.2.2.1-автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау.
Б/С: 9.3.2.1-шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушы орындай алады: Төле бидің көрегендігі мен шешендігі жайындағы “Ердің бақыты - әйел” атты шығарманың идеясын түсініп, кейіпкерлерді анықтайды, сұрақтарға жауап беріп, шешендік сөздердің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шешендік сөздегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасап, әңгіме оқиғаларын өмірмен байланыстырады, талдау тапсырмаларын орындайды, пікірін білдіре алады.
Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Шешендік сөздегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді. Тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар орындайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Төле бидің шешендік сөздері туралы жазылған “Ердің бақыты - әйел” әңгімесіндегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін талдайды, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Төле бидің көрегендігі мен шешендігі жайындағы “Ердің бақыты - әйел” атты шығарманың идеясын түсініп, кейіпкерлерді анықтайды, сұрақтарға жауап беріп, шешендік сөздердің мағынасын түсінеді, шешендік сөздегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасап, әңгіме оқиғаларын өмірмен байланыстырады, талдау тапсырмаларын орындайды, пікірін білдіре алады, шешендік сөздегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді, тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстар орындайды.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: елші келу, шолақ ат, бата алу, сәлем беру,есікте қалмау, қыз-келіншек, қырық ру, қараша үй, қарақшылар, кембағал, қызыр, ши, текемет, басты қасқалау, ұрт, шайла, ғұмыр.
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
“Ердің бақыты - әйел”, “Ұрпақ тәрбиесі атаның ақылымен, ананың сүтімен беріледі”.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Төбе би дегенді қалай түсінесіңдер?
Төле би Әлібекұлы жайлы қандай деректер білесіңдер?
Төле бидің “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” атануының себебі неде?
Бидің “ұлыма келінді өзім таңдап беремін” деуінің себебі неде?
Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
Данагүлдің қандай әрекеті Төле бидің ризашылығын тудырды?
Қазақ тарихында Данагүл сияқты ақылды тағы қандай қыз-келіншектерді білесіңдер?
Данагүлдің бойындағы қандай қасиеттер бүгінгі күнгі қыз-келіншектердің бойынан табылу керек деп ойлайсыңдар?
|
Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.
|
Алдыңғы оқу:
|
Әнет баба “Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?”
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Азаматтық жауапкершілік.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, этнография.
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
( 7 минут)
|
1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық ахуал орнату.
“Оның есесіне мен...” атты психологиялық ахуал қалыптастыру.
Орындалу шарты: Әрбір оқушыға аяқталмаған сөйлемдер жазылған кеспе қағаздар ұсынылады. Оқушы сол сөйлемді аяқтап айту қажет. Мысалы: 1. Мен сабаққа белсенді қатысамын, бірақ ... 2. Менің ойым ұшқыр болғанмен, ... 3. Мен көркем шығармаларды көп оқимын, дегенмен ... 4. Болашақта жазушы болмасам да, ... 5. Мен жылдам жүгіремін, ал құрбым ... т.с.с.
3.Топқа бөлу.
“Сурет арқылы топқа бөлу” әдісін қолданамын.
Орындалу шарты:
Оқушыларға теріс төңкерілген қима суреттерді алып, ондағы суреттердің мағынасына қарай тобын тауып алу ұсынылады. Ол суреттерде Төле бидің, Данагүл сияқты қыздар мен аналардың және қырық қарақшының суреттері бейнеленген. Төле бидің суреті түскендер - “Төле би” тобына, қыздар мен аналардың суретін алғандар - “Данагүл” тобына, қарақшының суретін алғандар - “Қырық қарақшы” тобына бөлініп отырғызылады. Әр топта 1 гүл салғыш құмыра тұрады. Әрбір дұрыс жауап берген балаға 1 гүлден беріп отырамын. Олар гүлдерін гүл салғыштарына салып отырады. Соңында қай топтың гүл шоғы көп болса, солар жеңіске жетеді.
Үй тапсырмасы.
Төле бидің өмірі мен шешендігі жайлы мәліметтер жинау, “Ердің бақыты - әйел” деген әңгімені оқып, өздері құрастырған сұрақтарына жауап беру.
Дескриптор:
1. Төле би жайлы кең мәліметтер біледі.
Әңгіме мазмұнын біледі, кейіпкерлерін ажыратады.
Сұрақтарға жауап береді.
“Мина” әдісі арқылы орындалады.
Орындалу шарты:
Сұрақтарды “Қырық қарақшы” тобы жинап алып, қағаздан жасалған “минаның”(умаждалған жұдырықтай газет) ішіне салады да, тақтаның алдына, жерге шашып тастайды. Төле би мен Данагүл тобынан оқушылар кезекпен шығады, олардың көзін орамалмен таңып, алаңнан “минаны” баспай жүру тапсырылады. Кім “минаны” басса, сол ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Ал “Қырық қарақшы” тобы олардың жауаптарын тексеріп, егер сыннан сүрінбей өтетін болса, қарақшылықты қойып, адал жандар тобына қосылуға уәде етеді. Соңында “Қырық қарақшы” тобы 2 топтың жауаптарына пікірлерін білдіріп, жауап берген оқушыларды гүлмен мадақтайды. Өздерінің бұдан былай қарақшы болмай, тіпті тобын да “Адал жандар” деп өзгертеді. “Төле би” мен “Данагүл” тобы оларға көңілі толып, бір-бір гүл береді.
Минадағы сұрақтар:
1. Төбе би дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Төле би Әлібекұлы жайлы қандай деректер білесіңдер?
3. Төле бидің “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” атануының себебі неде?
4. Бидің “ұлыма келінді өзім таңдап беремін” деуінің себебі неде?
5. Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
6. Данагүлдің қандай әрекеті Төле бидің ризашылығын тудырды?
7. Алагөз кім?
8. Қараша үй дегенді қалай түсінесің?
9. “Ер сыйлаған есікте қалмас” деп кім айтты?
10. Төле би басты қасқалап кесуінің мәнін түсіндір.
11. Әңгімеде айтылған текемет, киіз, алаша дегендер қандай бұйым?
12.Төле би билік еткен алты алаш кімдер?
13. Данагүл қандай қасиетінің арқасында атасын қырық қарақшыдан аман құтқарып алды?
ҚБ: жауап берген оқушыларды қошеметтеп, гүл беру.
|
АКТ-ны қолдану.
Интербелсенді тақта
Қазақ әдебиеті оқулығы: 9-сынып, “Мектеп” баспасы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |