Сабақтың тақырыбы: Төле бидің шешендік сөздері "Ердің бақыты әйел" Күні



бет4/5
Дата21.10.2019
өлшемі2,38 Mb.
#50335
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Толе би Ердин бакыты - айел кмж пустой - копия
Практикалық сабақ 6

Сабақтың ортасы

( 25 мин)



Төле бидің шешендік сөздері мен тапқырлығы, даналығы жайында оқылған “Ердің бақыты - әйел” деген әңгімедегі автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасап, әңгімені заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына тоқталып кетемін.

1 тапсырма. Топтық жұмыс.

Шығармадағы автордың рөлін талдау.

«Семантикалық карта» әдісі бойынша орындалады.

Семантикалық картамен жұмыс

  1. Әңгіменің аты:




  1. Тақырыбы:




  1. Авторы:




  1. Негізгі кейіпкерлері:




  1. Автор Төле бидің қандай шешендік сөздерін бізге қаз қалпында жеткізген?




  1. Автордың әңгіме кейіпкерлеріне көзқарасы қандай?




  1. Әңгіме ішінен қазақ халқының салт-дәстүріне сай қандай іс-әрекеттерді, болмыстарды байқадыңдар?




  1. Осы әңгімені жазудағы автордың мақсаты қандай?




  1. Шығармадағы автор бейнесіне баға беріңдер.




10. Авторға өз пікіріңді білдіріп, құнды шығарманы көздің қарашығындай жеткізгені үшін, алғыс айтып, хат жаз.

Оқушылар осы тапсырмаларды топ болып орындап, ортаға шығып, ойларын жеткізеді.






Дескриптор:

  1. Шығарма мазмұнын біледі.

  2. Автордың мақсатын, көзқарасын, тілін, анықтай алады.

  3. Автор еңбегіне баға беріп, оның шығармадағы рөліне талдау жасай алады.


ҚБ: Жауап берген оқушыларды гүл беру арқылы мадақтау.
2 тапсырма. Жұптық жұмыс.

Ұсынылған мәтіндегі ақылды аналарды Данагүлмен салыстырып, Төле бидің:

Әйелің жақсы болса -

Бірінші - иманың,

Екінші - жиғаның.



Үшінші - ырысыңның тұрағы, - деген қанатты сөзіне көзқарасын білдіріп, “Ердің бақыты - әйел” деген тақырыпта жұбымен бірге 10 минуттық эссе жазу.
«Алып анадан туады», - дейді дана халқымыз. Әріден сөз қозғамасақ та, Тамыры Тұмар ханымнан бері тартылатын бай тарихымызда есімі бүгінге жеткен батыр жүректі, абыз саналы, алтын құрсақ аналарымыз аз емес. Тарихымызда орны бөлек, ісі артық тұлғалардың ханымдары туралы айтар болсақ, Бопай ханша. Бопай ханша көз тартарлық келбеті бар сұлу әрі ақылды болып көрінген, жігерлі мінезді, дербес тұлға болған. Кейбір зерттеушілер: «Егер Әбілқайырдың әйелі Бопай ханша болмаса, Ұлы даланың тарихындағы ханның рөлі басқа болуы мүмкін» деседі. Өзгелердің пікірі мен ықпалына қарамаған, саяси әдеп пен парасаттылық – оның бойындағы туа біткен қасиеттердің бірі болған. Бопай ханшаның Әбілқайыр хан және қолбасшы қасындағы адамдарға жасаған ықпалының арқасында, тарихшылар оны орта ғасырлар дәуірі мен жаңа заманның аса көрнекті қазақ әйелдерінің біріне жатқызады. Өз заманының ең әйгілі әйелдерінің бірі – Жәңгір ханның екінші әйелі Фатима ханша болған деседі. Ол өте сұлу, білімді, дана әйел болған. Хан Жәңгір өзінің жұбайы Фатима ханшамен орыс патшасы І Николайдың таққа отырғызу рәсіміне шақырылады. Өткен салтанатты жиында Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне, орыс тілін жақсы білетін қабілетіне жиналғандар тәнті болады. Фатима ханша Жәңгір ханға көмектесе отырып, қиын жағдайдан қалай шығу жолдарын талай рет көрсеткен еді. Ұлы әйелдер туралы сөз қозғай отырып, өз халқының бостандығы үшін соғысқа ер-батырлармен бірге қатысқан әйелдер туралы да айта кеткен жөн. Қазақтың батыр қыздары күйеулерімен, әкелері және ағаларымен бірге сыртқы жауларға қарсы күресте даңқы қалған аналарды айтсақ, Айтолқын – Абылай ханның қызы, Айбике – атақты Бұланбай батырдың қызы сияқты ержүрек қыздар көптеп кездеседі. Гауһар – Қаракерей Қабанбайдың жан жары, барлаушылар жасағын басқарған. Кейін өзі ана болып, үлкен қызы Назымды соғысқа жібереді. Орыс жаулаушыларына қарсы шайқасып, Қазақ жерінің тұтастығын қорғаған атақты Кенесары ханның ханымы Күнімханды айтпай кету мүмкін емес. Ұзақ жылдар бойы аттың жалы, түйенің қомында өткен арпалысты күндерде Кене ханға ақылшы болып, не бір азапты көрген Күнімхан ханымның біздің тарихымызда алар орны ерекше. Зере әже Абайдай алыпты бала күнінен бауырына басып, тәрбиелеген Зере әжеміз – күллі қазақ әжелерінің символы деуге толық негіз бар. Семейдей құнарлы топырақта, Зередей асыл әжеден туған Аға сұлтан Құнанбайдың қазақ даласына сіңірген еңбегі де баршылық.

Дескриптор:

  1. Мәтіндегі аналарды Данагүлмен салыстыра алады.

  2. Төле бидің әйел туралы айтқан қанатты сөздеріне өз көзқарасын білдіре алады.

  3. Жұптық эссе жаза алады.


ҚБ: Топты гүл ұсынып, мадақтау сөздерін айтып бағалаймын.

3 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

Жеке жұмыс.
Оқулықтағы әңгімеден өзіне ұнаған бір үзінді таңдап алып, оны дәптерге көшіріп жазу. Сол үзіндінің не себепті ұнағанын, өмірмен байланыстыра отырып қандай ой түйгенін айту.
Дескриптор:

  1. Мазмұнды үзінді таңдай алады.

  2. Үзіндінің ұнау себебін түсіндіріп, өмірмен байланыстыра алады.

  3. Ойын жинақтап айта алады.


Мысалы: Атақты Төле би: - Балама келінді өзім таңдап алып беремін. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты - әйел, - деген. Маған осы үзінді ұнады. Өйткені Төле би тек өз қара басының қамын ойламаған,

келешек ұрпағының текті, саналы болуына аса мән берген. Осы үзіндіні қазіргі заманмен салыстырсам, қазіргі заманда Төле би сияқты дана ақсақалдар өте аз. Әрі бұл заманда көпшілік жастар тек өз қалаулары, таңдаулары бойынша жар таңдайды. Үлкен адамдар онша араласпайды десе де болады. Менің ойымша, Төле би дана әке. Егер осындай жағдай менің басымда болса, мен әкем таңдаған қызға үйленуге келісер едім. Мен бұндай әрекетке оң бағамды беремін.
ҚБ: Бірнеше оқушының жұмыстарын тексеріп, гүл беру арқылы бағалаймын.
Сергіту сәті «Қызыл табан» ойыны арқылы орындалады.

Мақсаты: Балаларды ұжыммен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету. Ойынның шарты түсіндіріледі. Осы сыныптағы бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жапсырылған. Ол белгі кез келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті, шешен, тапқыр, ұтымды сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.






АКТ-ны қолдану.




Қазақ әдебиеті оқулығы: 9-сынып, “Мектеп” баспасы.












Сабақтың соңы

(2 минут)


(4 минут)

(2 минут)


Сенемін. Сенбеймін” әдісі арқылы кері байланыс алу. Орындалу шарты: Ол үшін оқушыларға дұрыс және бұрыс жауапты сұрақтар оқылады. Балалар дұрыс жауапқа “Сенемін” деген жасыл қағаз, ал бұрыс жауапқа “Сенбеймін” деген қызыл қағаз көтереді.

Оқушыларға өтілген материал бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы дүниеге келген. +

  2. Оның туған жері - Атырау қаласы. -

  3. Төле би араб, парсы тілдерін жақсы білген. +

  4. Төлені халық “Қарлығаш әулие” деп атаған. +

  5. Ол ұлына келінді өзі таңдап әперген. +

  6. Келінінің аты Қарлығаш болған. -

  7. Данагүлдің әкесінің аты - Сырбай. -

  8. Данагүл дәулетті бидің қызы болған. -

  9. Төле би сыртта алты алашқа билік етті. +

  10. Данагүл ауылдағы ағайын-туғанға билік етті. +

  11. Қырық қарақшы Данагүлді тұтқынға алды. -

  12. “Ердің бақыты - әйел”, - деген Төле би. +

Үйге тапсырма:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет