Сабақтың тақырыбы «Төле би,Әйтеке би, Қазбек би»



Дата16.11.2016
өлшемі71,4 Kb.
#1842
түріСабақ
Қарағанды облысы Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің

жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Жолшибекова Урхия Турганбековна

7-сынып, қазақ әдебиеті, қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

«Төле би,Әйтеке би, Қазбек би»

Жалпы мақсаты

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірі мен шығармашылығындағы рухани сабақтасты пайымдай отырып, билердің ұстанымын тану, дәлелді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауға машықтандыру.

Оқыту нәтижесі

1.Билердің өмірбаяны мен шешендік ойларын оқи отырып, шығарма оқиғалары туралы сыни көзқарас қалыптасады.

2.Түрлі тапсырмалар орындау арқылы жеке ойлары дамиды.

3.Ойлана отырып, қорыту дағдысы қалыптасады.

4. Бірін- бірі сыйлау, құрметтеу, бір- бірінің сөзін бөлмеу, тыңдау мүмкіндіктері артады.



Түйінді идеялар

1.Билер сөзін талдау арқылы ойларын жүйелі жеткізу.

2.Оқиғаларға,кейңпкерлерге сыни көзқараспен талдау жасау.

3.Оқушылардың қиялын шыңдай түсу.


Сабақтың мазмұны

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

ресурстар

6 мин

  1. іс- әрекет

«Ой шақырту»

Бейнеролик «Топтағы іс- әрекет»

  1. іс-әрекет

Топқа бөлу.

А) Билер сөзі арқылы 3 бидің есімі шығып,тақырыпты ашқызады. 1-топ- Төле би, 2- топ- Әйтеке би, 3- топ –Қазбек би.

Б) Топ басшысын, скипер, бағалаушыны сайлату, бағалау парақшаларын беру, міндеттерімен таныстыру. Топ ережесін еске түсіру.


Бейнероликті көріп, көрген ойларын ортаға салады.

Үш бидің сөздері жазылған парақшаларды алу арқылы 3 топқа бөлінеді.

3 бидің сөзі арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.



Бейнеролик

Қима парақшалар.


Бағалау парағы

5 мин

3-әрекет

«Ақылды доп» стратегиясы

Үй тапсырмасын сұрау

А) 12 жуық сұрақтар қойғызады.

Б) Бағалаушы оқушыға сөз беру.



Допты қолына алып,сұрақтарға жауап береді, келесі оқушыға лақтырады. («Шешендік өнер» тақырыбына орай)

доп

10 мин

4 –әрекет. Топпен жұмыс

«Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясы

А) Әр топты өз атауларына сай билердің өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша постер қорғату .

Б) Бағалаушы оқушыға сөз беру.

Үш би туралы слайдпен қорытып кету


1-топ- Төле би

2-топ- Әйтеке би

3- топ –Қазбек би

Әр топты өз атауларына сай билердің өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша постер қорғайды.



Плакат,маркер

Интербелсенді тақта



2 мин

5 –әрекет.

Сергіту сәті «1-ден 10-ға дейін жазу»

Музыка ырғағымен мұрындарның ұшымен ауаға 1-ден 10-ға дейінгі санды жазады.

әуен

6 мин

6 –әрекет. Диалог құрғызу
А) Топтарды бас бармақ арқылы бағалату.

Б) Смайликтер де беру.



1-топ- Төле би - «Төле би мен Түлкі бала»

2-топ- Әйтеке би – «Әйтеке би мен Қазыбек би»

3- топ –Қазбек би-«Қазбек пен Қоңтажы»

Әрбір топ өзіне берілген тапсырма бойынша диалог құрастыру.



Интербелсенді тақтадан тапсырмалар шығады.

3 мин

7- әрекет

1 топ. «Би кім?» кластер құрғызу

2-топ. «Би мен шешен» Венн диаграммасы

3-топ. «Бұрынғы би, қазіргі билер» Түйнек сызбасына түсіру.


Өздеріне берілген тапсырма бойынша сөйлейді.

Бағалаушы оқушының сөзі


А- 3 қағазы

5 мин

8 –әрекет.Тестпен жұмыс.

15 сұрақтан тұратын тесті алу.



15 сұрақтан тұратын тестке Aktub woit арқылы жауап береді.

Интербелсенді тақта мен Aktub woit ұяшықтары

6 мин

7 –әрекет. Кері байланыс « Күн шуағы, бұлт, найзағай»

А) Бағалаушы оқушыға сөз беру.

Б) Топ басшыларының пікірі

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін парақшаларға жазып іледі.

Плакат


1 мин

Оқушылар түсінбеген тапсырмаларын

« Қара жәшікке» салғызу


Түсінбеген сұрақтарын жәшікке салып кетеді.

парақшалар




Үйге тапсырма

Эссе «Бабалар сөзі- ақылдың көзі»











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет