4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма: И.Ньютон туралы реферат жазу
10 сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Қозғалыс заңдарын қорытындылау»
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға күш, Ньютон заңдарын, деформациялар, Гук заңдарын қайталау.
Дамытушылық: оқушының логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау; ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету.
Тәрбиелік: бір-бірін тыңдай білуге, шапшандыққа тәрбиелеу; пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың техникалық құралы: интерактивтік тақта, активотпен жұмыс жасау.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабақ.
Сабақтың барысы.
Ұймдастыру кезеңі (2 минут)
Қайталау (Қозғалыс заңдарын қорытындылау, ІІ тарауды қайталау).
І тур. Ассоцация әдісі (5 минут).
ІІ тур. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін (5 минут).
ІІІ тур. Есептер шығару (20 минут).
ІҮ тур. Қорытынды тест (10 минут).
Үйге тапсырма (1 минут).
Б ағалау (2 минут).
І тур. Ассоцация әдісі.
ІІ тур. Бәріміз біріміз үшін (сұрақтарға жауап, ауызша).
А) Болат шар мен ойын добы бір-бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады? Неліктен?
Ә) Үлкен жылдамдықпен келе жатқан машинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды? Бұл қандай құбылыс?
Б) Массасы 100г және 1кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?
В) Бір қалыпты қозғалып келе жатқан арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса, баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме? Осы құбылысты түсіндір.
ІІІ тур. Есептер шығару.
№1. 60Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу бере алады?
№2. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде, ол қандай үдеу алады?
№3. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болады. Соққының орташа күшін табыңдар.
№4. Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?
№5. Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.
№6. Бір ұштарынан жалғанған ұзындығы бірдей екі серіппенің екінші бос ұшынан ұстап, созып тартады. Сонда қатаңдығы 100 Н/м серіппе 5 см ұзарады. Егер екінші серіппе 1 см ұзарса, оның қатаңдығы қалай болғаны?
№7. Массасы 8 т-ға тең ғарышкеме, массасы 20 т орбиталық ғарыш станциясына 100 м қашықтыққа дейін жақындап келді. Өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.
№8. Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2. Меркурийдің массасын анықтаңдар.
№9. Күн жүйесіндегі Марс ғаламшарының массасы 6,43*106 м болса, осы ғаламшардағы еркін түсу үдеуін, бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |