Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Жеке жұмыс
5 мин
- Өзіңді тексер!
21, 22, 23 слайдтар бойынша берілген формула арқылы анықтауды көрсету керек.
-«Затты табыңыз» Берілген ақпаратты бекіту.
Бұл тек көміртегі мен сутегі атомынан тұратын органикалық зат. Оның молярлық массасы 30 г/мольге тең.
Осы заттың молекулалық және құрылымдық формуласын жазыңыз
- Оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Жанында отырған оқушының дәптерін дұрыс жауаптарды қолдана отырып 2-балдық жүйе арқылы бағалайды.
0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
1 – Қате жіберген болса
Көмірсутектің буларының сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 35-ке тең. Оның құрамындағы көміртегінің массалық үлесі 85,71%-ды құрайды. Көмірсутектің молекулалық формуласын шығарыңыз.
Құрамында 81,8% көміртегі және 18,2% сутегі бар заттың молекулалық формуласын табыңыз. Азот бойынша заттың салыстырмалы тығыздығы 1,57 құрайды.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.