Жаңа сабаққа кіріспе
|
Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру. (25 мин
|
Молекуласындағы бүкіл көміртек атомдары бір-бірімен қарапайым байланыста болатын, сондықтан да қосып алу реакциясына және полимерлену процесіне қабілетсіз көмірсутектер. Қаныққан көмірсутектерге метанды (балауызды) және нафтенді (полиметиленді) көмірсутектер жатады. Көмір атомдары қосарлана байланысқан және үштік байланыстағы көмірсутектер "қанықпаған көмірсутектер" деп аталады. Көмір арасындағы мұндай еселі байланыстар олардың қосып алу реакциясына және полимерленуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Синонимі — "шектік көмірсутектер"
Қаныққан көмірсутектердің халықаралық номенклатура бойынша атауы – алкандар.Алкандардың жалпы формуласы: CnH2n + 2.
Қаныққан көмірсутектердің қарапайым өкілі метан – СН4.
Атауын атағанда –ан суффиксі жалғанады.
Метан СН4. Электрон бұлты sp3-гибридтелген. Байланыс бұрышы 109º28´ Тек сигма байланысқан.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|