Күні: 07.12.2017 ж.
Сыныбы: 10 “А” сынып
Пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тотығу – тотықсыздану реакциясын электрон – баланс әдісімен теңестіру дағдысын қалыптастыру (тотығу дәрежесі) ұғымын бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту, есте сақтау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ .
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс,алгоритммен жұмыс жасау.
Көрнекілігі: Кесте, топшамалар, үлестірмелі қағаз, формула,презентация.
Пән аралық байланыс: математика, биология, физика.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу
-оқушы санын түгендеу
-оқушыларға сабақтың мақсаты мен тақырыбын түсіндіру.
II. Өткен сабақты пысықтау
Оқушыларды үш топқа бөлемін бірінші топ оксидтер,екінші топ негіздер, үшінші топ қышқылдар деп аталды да әр топтан бір топ басшысы сайланады топ басшысына сұрақтар беріледі, жауаптарын топ болып ақылдасып ішіненен жеке-жеке оқушылардан жауап алынады.
I кезең (сұрақ-жауап)
1.Топ сұрақтары
1.Жай заттар дегеніміз не, мысал келтір
2.Күрделі заттар дегеніміз не, мысал келтір
3.Металдар мен бейметалдар периодтық жүйеде қайда орналасқан және олардың саны
4.Бейорганикалық қосылыстар қалай бөлінеді, оларды ата
5.Негіздер дегеніміз не мысал келтір
2. Топ сұрақтары
1.Оксидтер дегеніміз не, мысал келтір
2.Қышқылдар дегеніміз не, мысал келтір
3.Оксидтер қалай бөлінеді
4.Қышқылдар нешеге бөлінеді
5.Күрделі заттар дегеніміз не, мысал келтір
3.Топ сұрақтары
1.Айырылу реакциясы дегеніміз не, мысал келтір
2.Қосылу реакциясы дегеніміз не, мысал келтір
3.Орынбасу реакциясы дегеніміз не, мысал келтір
4.Алмасу реакциясы дегеніміз не, мысал келтір
5.Тұздар дегеніміз не, мысал келтір
II тур
Химиялық реакциялар сайысы әр топтан бір оқушы шығады гүлдің астына бекітілген реакцияның типін аныктап оны оқушыларға түсіндіреді
1.Топ сұрақтары
Hg + S→HgS
H2O + P2O5 → H3PO4
2.Топ сұрақтары
CuSO4 +NaOH→ Na2SO4 + Cu(OH)2
Fe +HCl → FeCl2 + H2
3.Топ сұрақтары
Al(OH)3 → Al2O3 + H2O
CuSO4 +NaOH→ Na2SO4 + Cu(OH)2
Достарыңызбен бөлісу: |