8.4.3.2 – магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру
8.4.3.3 – тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар істей алады: Темір ұнтақтары мен магнит тілшелеріне магниттің әсерінің берілуінің қалай жүзеге асырылатынын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады:Магнит өрісінің сипаттамасы күш сызықтарының сызбасын салады,түсінеді
Кейбір оқушылар істей алады: Өткізгіштен ток өткенде оның маңайында магнит өрісінің бар болуын тәжірибе арқылы көрсете алады.
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ширату жаттығуы: Бүгінгі сабақтың оқу мақсатын айқындау үшін физикалық диктант жазуды ұсынамын.
Үй тапсырмасын тексеру «Физикалық диктант» әдісі
1._______ немесе ______ магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. (тұрақты, қарапайым)
2.Магнит тілшенің ____ полюсі бар. (екі)
3.Электр өрісінің өзіне тән _______ қасиеті қозғалмайтын зарядтарға әрекет ету қабілеті болып табылады. (ерекше)
4.Қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын _______ немесе _______ деп аталатын екі полюсі бар. (солтүстік, оңтүстік)
5. _______ деп электр тогы бар өткізгіштердің өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын материяның түрі. (магнит өрісі)
6.Электр тогы бар түзу өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күш _______ _______ деп аталады. (магниттік күштер)