Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы
10 минут
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
10 минут
Бекіту
15 минут
Сабақтың соңы.
10 минут
Бағалау
Үй тапсырмасы
Кері байланыс
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).
Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.
Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?
Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.
Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау.
Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.
Жеке жұмыс (I)
Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»
Жұмыс барысы:
С ұлба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Резисторларды бір біріне параллель етіп және реостатқа тізбектеп қосыңдар. Тізбекке резис-торлармен тізбектеп амперметр мен ток көзін қо-сыңдар.
Ә рбір резисторға параллель етіп жеке вольт-метрді жалғаңдар және көрсетулерін жазып алыңдар. U1=_____________ U2=_____________ Өткізгіштерді параллель жалғағанда кернеудің екі өткізгіштің ұштарында бірдей болатынына көз жеткізіңдер, яғни U1=U2.
Әр резисторға жеке амперметрлерді тізбектей қосып, амперметрлердің көрсетулерін жазып алыңдар. I1=_____________ I2=_____________
Үшінші амперметрдің көрсетуін жазып, тізбек-тегі жалпы ток күші әр өткізгіштегі ток күшінің қосындысына жуық екеніне көз жеткізіңдер. ______________
Өлшеулерден кейін өткізгіштерден өтетін жалпы ток күшін есептеңдер . Iжал есеп=_____________
Iжал есеп Iжал
Есептелген және тәжірибе нәтижесінде алынған ток күшінің мәндерін салыстырың-дар:
Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер. ______________
______________
Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.
Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.
Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.
|